8 наурыз мейрамы көктем жаңаруымен тұспа-тұс келеді, табиғатқа жан кіретін, оны түрлендіретін мезгіл бұл.
Әйел адамға тән құндылықтар мәңгілік жасайды, олар – отбасы жылуы, бала күлкісі, мейірім мен қамқорлық. Әйел адамнан әркез махаббат пен ізгіліктің лебі еседі.
Қазіргі уақытта әйел адамға жоғары талаптар артылып жатады – жақсы үй иесі және ана, жар және дос, жауапты және адал ниетті қызметкер, үздік басшы бола білу.
Азаматтық қорғау жүйесінде, төтенше жағдайларда зардап шеккендерді құтқару және олардың денсаулығын сақтау саласында жұмыс істейтін әйелдерге деген құрметіміз шексіз.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мекеменің әйелдерін құттықтады.
Мерекелік жиналыс өткізіліп, онда басшы Б.Т. Есқалиев құттықтау сөзін жеткізді. Түрлі мамандықтар мен қызмет салаларының барын айта келе, біздің мекемеде де әйелдің жұмысына жатпайтын істі орындауға тура келетінін, алайда мейірімді және нәзік ана, ұқыпты да мейірлі жар болып қалатынын атап өтті.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, қызметтік міндеттерін үздік орындағанына және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты төмендегі қызметкерлер марапатталды: «АМО» ММ Павлодар облысы бойынша филиалының фельдшері Г.С. Бекенова – «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен, «АМО» ММ Астана қ. бойынша филиалының фельдшері А.Қ. Ахметова – ТЖ Грамотасымен, «АМО» ММ бухгалтері А.Т. Смагулова – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұйрығымен алғыс жарияланды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ