CMK 1 Қозғалыстың шектелуіне қарамастан, облыстық маңызы бар Қабанбай батыр – Мәншүк – Оразақ автокөлік жолында, Сарыкөл ауылының жанында, ойпаң жерде 50-ге жуық автокөлік құралы қар кептелісіне тап болды.
Автокөліктердің бірінде науқас бала бар туралы ақпарат АМО кезекші диспетчеріне 19 ақпанда сағ. 9-да келіп түсті. Медицина бригадасы шұғыл түрде оқиға орнына жіберілді, орта дәрежелі өкпе қабынуы бар 2016 жылы туған бала Астана қаласының 2 балалар ауруханасына жеткізілді.
Сол уақытта қар кептелісінде қалған азаматтарға көмекке Апаттар медицинасы орталығының Астана қаласы бойынша филиалының медицина бригадасын кез-келген жерде жүре беретін ТРЭКОЛ санитарлық автокөлігімен жіберу шешімі қабылданды.
CMK 2 19 ақпанда сағ. 22-ден 20 ақпанда сағ. 16-ға дейін медицина бригадасы қарға оранған көліктерден 117 адамды, оның ішінде 10 баланы Сарыкөл жалпы білім беретін мектеп негізінде ашылған жылыну пунктіне эвакуациялады.
Осы уақытта Мәншүк ауылында кез-кезген уақытта мамандардың көмегін қажет ететін босануға аз уақыт қалған аяқтары ауыр үш әйелдің бары туралы ақпарат келіп түсті.
Бригада Мәншүк ауылына келді, әйелдер қаралып болғаннан кейін Астана қаласының №2 өңіраралық аудан ауруханасына жеткізілді.
Бригада тұрақты орналасқан жеріне оралғаннан кейін жарты сағаттан кейін тағы да Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының тұрғынына медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпарат келіп түсті. Қант диабетімен ауыратын 1959 жылы туған әйел АМО бригада күшімен эвакуацияланды және 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.
CMK 3 Қатты жел, оған қоса қар республиканың басқа аймақтарында да қозғалысты шектеуде. АМО қызметкерлері, құтқарушылармен бірге демалыссыз басқа республикалық жолдарда жүргізушілер мен жолаушыларды күртік қардан шығаруда, қажетті медициналық көмек көрсетуде. Ағымдағы қыс мезгілінде АМО-ның шұғыл әрекет ету бригадалары мен трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күштері 600-ге жуық адамды, оның ішінде 37 баланы жақын маңдағы жылыну пунктіне эвакуациялады.
Азаматтардан сақ болуларыңызды, ауа-райының өзгеруі туралы ақпараттан хабардар болуларыңызды, мүмкіндігінше алыс жолға, әсіресе балалармен шықпауларыңызды сұраймыз. Өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін естен шығармаңыздар!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ