CMK Univers 1 Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері Универсиада 2017 спорттық ойындарына медициналық қамтамасыз ету жұмыстарын 2017 жылғы 29 қаңтардан 09 ақпанға дейін жүргізді.
CMK Univers 2 Даярлық кезінде жарысқа қатысушылар мен қала қонақтарына медициналық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармаларымен, сонымен қатар төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында Төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара қарым-қатынас жасау ұйымдастырылды. Өткізілетін шараларды медициналық қамтамасыз ету үшін Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары есептеліп, ҚР ІІМ ТЖК топтарының құрамында жаттықтырулар өткізілді.
CMK Univers 3 Универсиада 2017 ойындарына біздің құрамнан 11 шұғыл әрекет ету бригада 9 нышанда және құтқарушы тікұшақтар экипаждары құрамында аэромобильді бригадалар құрамында қызмет жасады.
CMK Univers 4 Қызмет жасаған барлық уақытта 66 шығыс жасалып, әртүрлі жарақаттармен жүгінген 14 адамға медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 3 жарысқа қатысушы спортшыны Алматы қаласы емдеу мекемелеріне жеткізді.
Қазіргі таңда «Атланталық ауыл» нышанында Алматы қаласынан кетіп жатқан спортшыларға қажетті жағдайда медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы қызмет жасауда.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ