Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

АМО қызметі туралы ақпарат

25 CMK Deyateln 1 Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмекті сапалы және жедел көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық экстремалдық және медициналық биологиялық мәселелердің ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылған болатын, оның атауы 1997 жылы Апаттар медицинасы орталығы болып өзгертілді.
Апаттар медицинасы орталығы Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі №1068 «Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының жедел дәрігерлік көмек қызметін құру туралы» қаулысына сәйкес қызмет етеді.
25 CMK Deyateln 2 Апаттар медицинасы орталығы қызметінің мақсаты табиғи және техногенді төтенше жайғдайлар аумағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын жасау арқылы адам өлімін азайту, ЖКО, авариялық-құтқару қызметтері қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету, маманданған психологиялық сұрыптау жасау, Орталықтың және филиалдардың қызметкерлерін күнделікті қызмет жағдайында алып жүру; апаттар медицинасы жүйесінде денсаулық сақтауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуі мен байланысуын қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайларды ескерту мен жою бірегей мемлекеттік жүйесіне кіретін мамандандырылған медициналық авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
25 CMK Deyateln 3 Төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша «АМО»ММ-нің негізгі жедел бірлігі болып – апаттар медицинасы жасағы және шұғыл әрекет ету бригадасы саналады.
Екі жасақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар айтарлықтай жиі болып тұратын аймақтарда: Алматы және Өскемен қалаларында орналастырылған.
Жасақтар 14 тәулік көлемінде автономды режимде далалық жағдайда шұғыл қолдануға арналған, тәулігіне 200 зардап шеккендерді қабылдай алатын мобильді госпиталдермен қамтылған.
2014 жылы Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында Апаттар медицинасы орталығының филиалдары құрылған болатын. 2018 жылы Түркістан облысы бойынша филиал құрылды, олар бұрын-соңды болмаған, олардың кадрлармен жинақталуы мен жұмыс істеуіне қажетті барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілуі аяқталды.
25 CMK Deyateln 4 Осылайша республикамыздың барлық 17 облысында төтенше жағдайға үнемі дайын отыратын медициналық ұйымдар қызмет жасап жатыр.
Құрылғаннан бастап қызмет жасап келе жатқан уақыт көлемінде Апаттар медицинасы орталығы орын алған 40 шақты ірі көлемді төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарға шұғыл медициналық-санитарлық көмек көрсетуге белсенді түрде қатыстып, 40 мың зардап шекуші адамға білікті медициналық көмек көрсетті.
2009 жылы құрылған «АМО» ММ психологиялық қызметі психофизиологиялық зертхана және психологиялық босаңсу бөлмесімен бірге жылдам әрекет ететін қызметтің ажырамас бөлігіне айналды.
25 CMK Deyateln 5 Ол зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету және оны ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарларын жоюға қатысатын апаттан құтқару бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби ілестіру міндеттерін шешеді.
2009-2019 жылдарының аралығында психологтар төтенше жағдайларға 2500 -ден аса шығуды іске асырған, 3000-нан аса адамға шұғыл психологиялық көмек көрсеткен. Төтенше жағдайлар комитетінің апаттан құтқару бөлімшелері қызметкерлеріне психодиагностикалық және психофизиологиялық тексерулер, тренингтер мен жеке психологиялық консультациялар өткізу бойынша жұмысты белсенді жүргізуде.
Апаттар медицинасы орталығы қызметінің басымды бағыттарының бірі жол көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру болып табылады.
25 CMK Deyateln 6 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көліктік медицина дами бастады.
Мемлекеттік бағдарламаның дамуы аясында 40 трассалық медициналық құтқару пункті (ТМҚП) құрылды. Бригадалар медициналық құтқару реанимобилінде оқиға орнына шығуларды іске асыра отырып, күре жолдық пунктінің «жауапты аумағында» тәулік бойы жол көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмекке өздері жүгініп келген азаматтарға шұғыл көмек көрсетеді.
2012-2019 жылдарының аралығында трассалық пункттердің бригадалары жол көлік оқиғаларына 10 мыңнан аса шығуды іске асырды, 27 мың зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, 8 мың адам аурханаға жеткізілді. ТМҚП-не тегін медициналық көмекке жүгінген азаматтардың 16 мыңнан астам өтініші тіркелді, олардың 900-ге жуығы емдеу ұйымдарына жеткізілді.
25 CMK Deyateln 7 Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс – шаралардың жоспарымен негізгі көрсеткіштер анықталған: трассалық пункттердің жауапты аумағында болған жол көлік оқиғалары кезінде өлім-жітімге әкелген оқиғалар саны 2015 жылы 16%-ға дейін қысқарып, сонымен қатар келу уақыты мен шұғыл көмек көрсетуді бастау уақыты 30 минутқа дейін қысқартылған.
Трассалық медициналық құтқару пункттерінің жұмысына жүргізілген талдау жоғарыда аталып өткен негізгі көрсеткіштердің жақсарғандығын көрсетті. Бригаданың жол көлік оқиғаларына келу уақыты 20-25 минутты құрайды, осылайша «алтын уақыт» ережесі сақталады: емделуші медициналық көмекті неғұрлым ертерек алса, жазылып кету мүмкіндігі соғұрлым үлкен болады.
25 CMK Deyateln 8 Трассалық пункттердің жауапты аумағында өлім-жітім көрсеткіші 2019 жылы – 12,9% құрады. ТМҚП - нің 8 жыл бойы жұмысы барысында барлық зардап шеккендердің ішінен 59 адам қаза тапқан, яғни 0,4% құрады.
Трассалық пункттердің жауапты аумағында өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі – трассалық медициналық құтқару пункттері қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады.
Трассалық пункттердің жұмысы ТМҚП жауапты аумағында жол көлік оқиғалары кезінде өлім-жітімге әкелген оқиғалар санын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл трассалық медициналық құтқару пункттерін құру бойынша іс-шаралардың тиімді және уақытылы екендігін айғақтайды.
Апаттар медицинасы орталығы емдеу мекемелерінде құрылған және тұрақты дайындық режиміндегі денсаулық сақтау жүйесінің медициналық құралымдарымен өзара әрекет ету мәселелеріне көп көңіл бөледі.
Бүгінгі күні Апаттар медицинасы қызметі – өзіне тән қызметтік объектісі және жұмыс әдістемесі бар, еліміздің денсаулық сақтау саласының жеке саласы ретінде өзін танытты.
 
АМО – ның