Принтерге шығару

Тарихы

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының құрылуы мен даму тарихы
Бүгінгі күнде табиғи катаклизмдер, техногендік апаттар дер кезінде және тиісті түрде әрекет етуді талап етеді, сол себепті «Төтенше жағдайлар» ведомствосына шұғыл, әрі оңтайлы түрде әрекет етуге мүмкіндік берген «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы атты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті авиациясының негізі қаланды.
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тарихы 2002 жылдан бастау алады. 2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамында авиациялық бөлім қалыптасты. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2002 жылғы 26 тамыздағы №638 бұйрығымен «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылымында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіру мен авариялық құтқарудың қазақ авиациялық қызметі» атты жаңа авиациялық бөлімшесі ашылды.
2005 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» № 53 қаулысының негізінде «Қазавиақұтқару» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны пайда болып, 2011 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен Жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыздық қатысу үлесі бар «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына түрлендірілді.
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында авиациялық қызмет көрсету және азаматтық авиация саласында өзге шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
ҚР ІІМ ТЖК әуе кемелері төтенше жағдайлар орын алған жерлерге гуманитарлық жүк, құтқару жасақтарын және арнайы жабдықтарды жеткізеді. Одан басқа, ТЖК авиациясы авиациялық барлау және су тасқыны мен мұз басу жағдайын бақылау мақсатында Алматы қаласының су тасқыны аймақтарында және тау бөктерінде ұшуларды орындауға қатыстырылады, төтенше жағдайлардан кейін қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етеді, апатқа ұшыраған кемелердегі балықшыларды құтқарады, орман және дала өрттерін сөндіреді.
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының ҚР ІІМ ТЖК төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша қызметіндегі орны бөлек. Мысалы, Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған ауқымды су тасқындары кезінде ұшқыш-құтқарушылар бірнеше мың адамды көшіріп, олардың өмірлерін сақтап қалды.
Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлестікте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға қатысуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде Қоғамның әуе кемелері білікті медициналық мамандарды белгіленген жерге жеткізу мен шалғай жатқан елді мекендердегі науқастарды мамандырылған жедел медициналық көмек көрсету үшін аудандық, облыстық, республикалық медициналық мекемелерге тасымалдау бойынша ұшуларды орындап жүр.
Авиациялық парк ойдағыдай жаңартылуда. Қазіргі уақытта ол төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқаруға және медициналық көмек көрсетуге арналған мамандырылған заманауи авиациялық техникамен толықтырылып отыр.
Қазіргі таңда «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының әуе паркісінде Ми-171, Ми-8Т, Ми-8МТВ, Ми-17В-5, Ми-26 мен заманға сай медициналық модульдермен жабдықталған ЕС-145 (Eurocopter) және өрт сөндіруге арналған SIMPLEX жабдығы орнатылған көп мақсатты Ка-32 тікұшақтары бар.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №72 қаулысымен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді.

Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

Қоғам қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (бұдан әрі – ТЖК) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында авиациялық қызметтерді көрсету және Азаматтық авиация саласында басқа шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Қызметтің негізгі мәнін жүзеге асыру мақсатында Қоғам мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) ТЖК, оның аймақтық құрылымдық бөлімшелерінің және ерікті құтқару құрылымдарының жеке құрамы мен жүктерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көліктік-жолаушылар ұшуларын орындау;
2) зардап шеккен тұлғаларды, тұрғындарды және мүлікті төтенше жағдайлар аймағынан көшіру бойынша ұшуларды орындау;
3) республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға, БҰҰ, ЕҚЫҰ және ТЖК саласындағы халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттік басқару органдарының халықаралық жобаларына қатысу;
4) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұшуларды орындау, табиғи апаттар кезінде көмек көрсету;
5) авиациялық техника мен оның бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі қызметтерді көрсету;
6) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шараларды өткізу жөніндегі ұшуларды орындау;
7) аэрофототүсіру, картографиялық-геофизикалық және әуе-химиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі ұшуларды орындау;
8) орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі ұшуларды орындау;
9) құрылыс-монтаж және жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі ұшуларды орындау;
10) көліктік-байланыс ұшулары;
11) теңіз кемелерінен және теңіздегі бұрғылау қондырғыларынан, мұнай-газ секторындағы жасанды аралдардан вахталық бригадаларды, жабдықтарды, т.б. тасымалдау жөніндегі ұшуларды орындау;
12) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін далалық, сулы, орманды және таулы жерлерді патрульдеу жөніндегі ұшуларды орындау;
13) өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі ұшуларды орындау;
14) бақылау және ескерту қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі ұшуларды орындау (бекеттерге жеткізу және оларға қызмет көрсету);
15) жағдайды (сел тасқындары, су тасқындары, көшкіндер және т.б.) кешенді түрде бағалау мақсатында аймақтарды әуеден шолып ұшу;
16) далалық экспедициялық жұмыстарға қызмет көрсету жөніндегі ұшулар;
17) электр тарату мен магистральді құбыр желілерін тексеру жөніндегі аэровизуалды ұшулар;
18) ұшу құрамының кәсіби деңгейін сақтау және жаңа техниканы игеру үшін жаттығу мақсатындағы ұшуларды орындау.

Басшылар туралы мәлімет

 
28 KazAViASpas Косолапов Андрей Игоревич – ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры.
1963 жылғы 19 наурызда Алматы қаласында туған. 1986 жылы Лениншіл комсомол атындағы Рига Қызыл Ту азаматтық авиация инженерлер институтын тәмамдады.
1986-1991 жылдары – КСРО Қарулы күштер Әскери әуе күштері бөлімінде қызмет.
1991-1995 жылдары – ҚР Қарулы күштер Әскери әуе күштерінде қызмет.
1995-2001 жылдары – ҚР Қарулы күштер Әскери әуе күштері Бас штабында қызмет.
2002-2017 жылдары – «Авиаконсалтинг» ЖШС Бас директоры, «Avia Shop KZ» ЖШС Бас директоры, «Авиакомпания KAZ Med Air» АҚ директорлар Кеңесі төрағасы, «Авиакомпания KAZ Med Air» АҚ Бас директоры, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС Бас директорының орынбасары.
2017 жылдың тамыз айынан бастап «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры.
 

 

Құрылымы

 

ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның құрлымы

  АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ    

Корпоративтік хатшы

 

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ Ішкі аудит
 

Бас директор

Косолапов А.И.

қабылдау бөлмесі

тел.: 788282

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Асканов Н.Д.

 

 

 

Бас директордың коммерция және маркетинг жөніндегі орынбасары

Мухидинов Ф.

 

Ұшу қызметі

 

Авиациялық қауіпсіздік

 

Экономикалық жоспарлау бөлімі

 

Авиациялық-техникалық кешен

 

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция

 

Бас  есепші (бухгалтерия)

Өндірістік-диспетчерлік қызмет

 

Сапа жүйесі басқармасы

 

Коммерциялық және маркетингілік жұмыс бөлімі

ЖЖМ және автокөліктерді пайдалану бөлімі

 

Мемлекеттік құпияларды қорғау

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жабдықтау бөлімі

Алматы қ., Атырау қ. филиалдары

 

Баспасөз хатшысы

 

Әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі

Қызметкерлерді дайындау бөлімі

 

Медициналық пункт

 

Заң бөлімі

 

Байланыс

Мекен-жай:Қазақстан Республикасы, Астана қ.,Б. Майлин к-сі, 4/1
Қабылдау бөлмесі:8 (7172) 78-82-82, ішкі 710
Факс:8 (7172) 65-37-53, 8 (7172) 78-82-81
Өндірістік-диспетчерлік қызмет: 8 (7172) 65-37-53
8 (7172) 78-82-82, ішкі 708
Алматы қ. Оңтүстік аймақтық филиал:8 (727) 326-99-73, ішкі 509
Факс:8 (727) 326-99-74
Атырау қ. Батыс аймақтық филиал: 8 (7122) 20-92-69
Электрондық пошта мекен-жайы:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сайт:www.kazaviaspas.kz
Астана қ. «Қазавиақұтқару» АҚ қалалық нөмірлері

Ішкі нөмір

Нөмір иесі

1

777

Бас директор

2

721

Бас директордың орынбасары

3

704

Бас есепші

4

783

Бас есепшінің орынбасары

5

703, 711, 712, 784

Кадрлық ұйымдастыру жұмысы бөлімі

6

705

Заң бөлімі

7

713, 706, 782, 790

Бухгалтерия

8

707, 65-37-08

Авиациялық-техникалық кешен

9

708, 720

Өндірістік-диспетчерлік қызмет

10

709

Кеңсе

11

710

Бас директордың қабылдау бөлмесі

12

714

Авиациялық қауіпсіздік

13

715

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру тобы

14

57-95-19

Ұшу қызметі

15

781

Жердегі қызмет көрсету және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Алматы қ. «Қазавиақұтқару» АҚ қалалық нөмірлері

Шағын АТС

8 (717) 326-99-73 многоканальный

ӨДҚ

8 (717) 298-95-85

Факс

8 (717) 326-99-74

Бухгалтерия

8 (717) 298-93-66

Кеңсе

8 (717) 298-96-00

АФТН

8 (717) 290-44-95

Атырау қ. «Қазавиақұтқару» АҚ қалалық нөмірлері

8(727) 326-99-73, ішкі 544

8(7122) 20-92-69

8(7172) 78-82-82, ішкі 787

Атырау қ. Батыс аймақтық филиалдың директоры