Принтерге шығару

Қызмет туралы

ort

«Өрт сөндіруші» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар мен қызметтер көрсету нарығындағы ірі кәсіби операторлардың бірі болып табылады.
Қоғам өрт қауіпсіздігі саласындағы ұйымдар мен объектілерде шарт негізінде жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1999 жылы құрылған.
Қоғам ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты құрылым ол Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы барлық негізгі принциптері мен әдістерін, жоғары жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ететін және өрттердің алдын алуды тиімді жүзеге асыратын кәсіби дайындық жүйесін сақтап қалған және азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енеді.
Қоғамның негізгі мақсаты, тапсырыс берушілердің қаржылық және өндірістік мүдделерін, қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға кепілдік беретін жұмыстар мен қызметтерді орындау арқылы жоғары деңгейде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі принциптері мен әдістерін басшылыққа алады. Біз жоғары жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ететін және сауатты түрде өрттердің алдын алу және оны сөндіруді жүзеге асыратын кәсіби дайындық жүйесін құрдық. Бізде төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің ішінен конкурстық негізде іріктелген жоғары кәсіби басшы кадрлар жұмыс істейді.
ortsondr Біліктілікті арттыру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында біздің қызметкерлер Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ТЖМ жоғарғы оқу орындарында жүйелі түрде кәсіби оқытудан өтеді.
Қоғам өрт қауіпсіздігі саласының қызмет көрсету нарығында өрт сөндіру бөлімшелерін, авариялық-құтқару, газдан құтқару және газ түтіннен қорғану қызметтерін заманауи техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етуде жетекшілік орынды иеленеді.
Қоғам күзетілетін объектілерді кешенді қауіпсіздік жүйесімен яғни оның өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндірумен қатар авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын атқаруды, жедел медициналық көмек көрсетуді, өрт автоматикасы, өрт сөндіретін сумен жабдықтау жүйелерін монтаждауды және бастапқы өрт сөндіру құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, оттан қорғау құрастырылымын жүргізуді, қызметкерлерді өрт-техникалық минимум бойынша оқытуды жүзеге асыру сияқты көп салалы қызметтерді атқарады бұл оның маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
ortsondr3 Қоғам шарт негізінде 500-ден астам объектіні оның ішінде: «Карачаганак Петролеум Оперейтинг б.в.», Каспий құбыр тарту консорциумы British Gas Group, Eni, Chevron; Shell, ExxonMobil, Total, Petro Oil Group Inc), «Аджип ККО», АО «ИнтергазОрталықАзия», «CNPC», «PetroOilGroupLnc» және т.б. стратегиялық маңызды (мұнайгаз, металлургия, атом энергеникасы секторларын, тіршілікті қамтамасыз ету және күрделі әрі жарылыс өрт қауіпі бар кәсіпорындар) объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Өрт қауіпсіздігі мәселесін кешенді, кәсіби тұрғыдан шешу – ұйымдар мен объектілердің басшыларын көптеген күрделі мәселелерден босатуға және өндірістік қызметке көп көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
Қоғамда ИСО 9001:2000 халықаралық сапа менеджменттік жүйесі мен OHSAS 18001-2008 денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі енгізілген.
Қоғам тапсырыс берушілермен көп жылдар бойы бірлесе жұмыс істеген жылдар ішінде, оның кәсіпорындарды кепілденген өрттен қорғаумен қамтамасыз ететін жоғары, тиімді тәжірибесі қалыптасқан және материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи деңгейге көтеріліп, нығая түскен.
Қоғамның филиалдары барлық облыс орталықтарында және Астана және Алматы қалаларында бар.
«Өрт сөндіруші» АҚ жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі
«Өрт сөндіруші» АҚ өрт қауіпсіздігі саласында төмендегідей жұмыстар мен қызметтер кешенін орындайды:
  • объектілерде, ұйымдарда өрттердің алдын алу және сөндіру (өртке қарсы күзету) және елді мекендерді өрттен қорғау;
  • өрт қауіпсіздігі саласында басқа да жұмыстар мен қызметтер көрсету.
Ұйымдарды, объектілерді және елді мекендерді өртке қарсы күзету
  1. өрттердің алдын алу (ескерту):
    • күзететін объектілердің басшыларына өрт қауіпсіздігі саласында нормалардың, ережелердің, стандарттар мен нұсқаулықтардың бұзылуын анықтауға, сонымен қатар өрттердің шығу себептерін жоюға, олардың таралуын шектеуге және өрт жағдайында адамдар мен материалдық құндылықтарды дұрыс эвакуациялау үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар әзірлеуге жәрдем көрсетеді;
    • күзететін объектілерде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтері, өртке қарсы-техникалық комиссиялар жүргізетін тексерулерге қатысады;
    • бөлімше қызметін ұйымдастырады, дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар жүргізу кезінде тапсырыс берушілердің тапсырыстары бойынша өртке қарсы көліктерімен бөлімшелер қояды, өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеуге қатысады;
    • заманауи жүйелер мен өртке қарсы қорғау құралдарын енгізу, технологиялық үдерістердің өртке қарсы қауіпін төмендету жөнінде ұсыныстар береді;
    • өрт сөндірудің алғашқы құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының, өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының және дабылдардың жұмыс істеуін бақылайды;
    • күзететін объектілердің, сонымен қатар қандай да бір жұмыстарды атқаруға уақытша тартылған сыртқы мердігер ұйымдардың жұмысшыларымен және инженерлік-техникалық жұмыскерлерімен өртке қарсы-техникалық минимум жөнінде сабақтар, нұсқаулықтар өткізеді;
    • өрттердің шығу себептерін, жауынгерлік әрекеттерді талдау және өрт сөндірудің алдын алу және тәсілдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау мақсатында күзететін объектілерде болған өрттердің ведомствоішілік есебін жүргізеді;
    • тапсырыс берушілердің объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамаларының, мақсатты бағдарламалардың, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері мен нұсқаулықтарының жобаларын әзірлейді.
  2. өрттерді сөндіру бойынша:
    • күзететін объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерін құрады және өрттерді сөндіруге жауынгерлік топтардың уақытылы шығуын қамтамасыз етеді;
    • өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жүргізілетін басқа да жұмыстарды жүзеге асырады;
    • күзететін объектілерде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін басқарады, бөлімшелерде жедел-қызметтік және өртке қарсы-алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады, олардың қызметін бақылайды;
    • газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастырады және оның белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
    • техниканың, өртке қарсы-техникалық жарақтардың, оқпан шаруашылығының тұрақты түрде дайын тұруын қамтамасыз етеді және олардың жағдайын үнемі тексеріп тұрады;
    • жедел жоспарларды және өрт сөндіру карточкаларын әзірлеуге қатысады, оларды пысықтау және түзетулерін жүргізеді, жарылысқа өртке қауіпті объектілерде апаттарды жою жоспарларын әзірлеуге қатысады;
    • күзететін объектілерде ерікті өртке қарсы құралымдардың өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарына қатысу мүмкіндіктерін ескере отырып олардың дайындығын жүзеге асырады;
    • тапсырыс беруші тапсырған өртке қарсы техниканың, жабдықтардың, жарақтардың және қызметтік орындардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар мен қызметтер көрсету нарығындағы ірі кәсіби операторлардың бірі болып табылады.
Қоғам жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жалғыз акционері болып табылады.
Қоғам ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты құрылым. Ол мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы барлық негізгі принциптері мен әдістерін, жоғары жауынгерлік дайындығын және білікті кадрларын қамтамасыз ететін кәсіби дайындық жүйесін сақтап қалған.
Қоғам өрт және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ұйымдар мен объектілердің қызметкерлерін оқытуды, сонымен қатар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жүзеге асырады.
Қоғам ұйымдар мен объектілерде және елді мекендерде өрттен қорғау жұмыстары мен қызметтерін, авариялық-құтқару, газдан құтқару жұмыстарын орындайды, жедел медициналық көмек көрсетеді және өрт және өндірістік қауіпсіздік саласында басқа да жұмыстар мен қызметтерді орындайды.
Өрттен қорғау
Ұйымдар мен объектілерді өрттен қорғау – екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- өрттің алдын алу;
- өрт сөндіру.
Ұйымдар мен объектілерді өрттен қорғау саласында Қоғам жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі
Өрттің алдын алу бойынша:
- өрт қауіпсіздігі саласындағы нормалардың, қағидалардың, стандарттардың, нұсқаулардың бұзушылықтарын анықтауда күзетілетін объектілердің басшыларына, сонымен қатар өрттің шығу себептерін жоюға, оның таралуын шектеуге, өрт шыққан жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды сәтті көшіруге жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар әзірлеуге көмек көрсетеді;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметтері мен күзетілетін объектілердегі өрт-техникалық комиссиялар жүргізетін тексерістерге қатысады;
- бекеттік жұмыстарды ұйымдастырады, дәнекерлеу және басқа отпен жұмыс жүргізу барысында тапсырыс берушілердің өтiнiштерi бойынша өрт сөндiру машиналарына күзет қояды, өрт қауіпсіздігі шараларын өткізу барысында шараларды әзірлеуге қатысады;
- заманауи өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын енгізу, технологиялық үдерiстердің өрт қауіптілігін төмендету бойынша ұсыныстар бередi;
- бастапқы өрт сөндіру құралдарының, өрт сөндіретін сумен жабдықтау жүйелерінің, өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының, автоматты өрт сөндіру және дабыл қондырғыларының жұмыс істеуін қадағалайды және олардың техникалық қызмет көрсетуін жүзеге асырады;
- күзетілетін объектілерде өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар өткiзедi, күзетілетін объектілердің, сонымен қатар қандай да бір жұмыстарды орындау үшін сырттан уақытша тартылатын мердiгерлiк ұйымдардың жұмыскерлерімен, инженерлiк-техникалық қызметкерлерімен нұсқаулықтар мен сұхбаттар өткізеді;
- өрттiң шығу себептерiн талдау, жауынгерлік іс қимылдар мен өрттің алдын алу мен өрт сөндіру тактикасын жетілдіру ұсыныстарын жасау мақсатында күзетілетін объектілерде болған өрттерді ведомство ішінде есепке алады;
- тапсырыс берушілердің объектілерін өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ететін концепциялардың, тұтастай бағдарламалардың, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі саласында қағидалардың, нұсқаулықтар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлейді;
- өрт сөндіру бөлімдерін құрады және олардың жұмыстарын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырады және күзетілетін объектілерде өрт сөндіруге шығатын жауынгерлік есеп топтарының уақытылы шығуын қамтамасыз етеді;
- кәсіби өрт сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстарын орындауды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді және төтенше жағдайлар туындаған кезде басқа да жұмыстарды орындауды жүзеге асырады;
- газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастырады және оның белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- техникалардың, өрт-техникалық жабдықтардың, жарақтардың, жеңдік шаруашылықтың үнемі жұмысқа жарамды қалыпта ұсталуын қамтамасыз етеді және олардың жұмысқа жарамдылығын жиі тексереді;
- жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларының әзірлеуге қатысады және оларды қайта өңдеп, түзетіп отырады;
- өрттің алдын алу және оны өрт сөндіру жұмысына ерiктi өртке қарсы құрамаларының қатысу мүмкіндіктерін ескере, күзетілетін объектілерде ерiктi өртке қарсы құрамаларын даярлауды жүзеге асырады;
- тапсырыс берушілерге пайдалануға берілген өрт сөндіру машиналарының, жабдықтарының, жарақтарының және қызметтік үй-жайларының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Оқыту
Өрт және өндірістік қауіпсіздік саласында ұйымдар мен объектілердің қызметкерлерін оқыту, сонымен қатар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерін кәсіби тұрғыда әзірлеу «Өрт сөндіруші» АҚ аффилирленген «Азаматтық қорғаныс бойынша мамандандырылған оқу орталығы» (АҚ МОО) ЖШС базасы негізінде жүргізіледі.
Жұмыстар мен қызметтердің өзге түрлері
  1. Өрт сөндіру техникаларын, өрт-техникалық жарақтарын, жабдықтарын, өрттен қорғану және адамдарды қорғау құралдарын жеткізу;
  2. Автоматты өрт сөндіру мен күзет-өрт дабылы жүйелері мен құралдарын жобалау;
  3. Автоматты өрт сөндіру мен күзет-өрт дабылы жүйелері мен құралдарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  4. Ағаш, металл құрастырылымдары мен кабельдерін оттан қорғау жұмыстары;
  5. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін көрсету;
  6. Құбырпеш жұмыстары;
  7. Нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу;
  8. Өрт қауіпсіздігі бойынша ғылыми-техникалық кеңес беру;
  9. Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды, өрт сөндідің жедел жоспарларын, көшіру жоспарларын, өртке қарсы режимді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарды және ұйымдар мен объектілердің басқа да құжаттарын әзірлеу,
  10. Норма талаптарына сәйкес ұйымдар мен объектілер үшін өрт сөндіру жабдықтарының қажеттілігін анықтау.

Құрылымы

структур каз

«Өрт сөндіруші» АҚ басқару аппаратының құрылымы

Басшылық Байланыс Электронды мекенжайы
Абайділдинов Болат Сейітнұрұлы

қабылдау бөлмесі

тел.: 26-33-80

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Башиков Мақсұт Таяқұлы тел.: 26-46-64 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ахмадиева Шынар Мұхтарқызы тел.: 26-39-68

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құрылымдық бөлімшелер

Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару құралымдары департаменті

Басшысы Крестьянов Игорь Николаевич

тел.:57-00-52 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кадрлар және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі

 Басшысы Омарова Гүлнар Маратқызы

тел.:26-46-49 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

Басшысы Овчинников Максим Алексеевич

тел.:57-82-94 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Басшысы Сеилов Абай Қаратайұлы

тел.:57-00-63 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Экономика және жоспарлау бөлімі

Басшысы Абдраимова Айсара Ғазизқызы

тел.:57-00-53 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімі

Басшысы Айтбаева Анаргүл Қуанышбайқызы

тел.:26-42-01

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Басшысы Сарсенбетов Бауржан Абайұлы

тел.:99-93-80 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жобаларды және тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметі

 

Басшысы Жаркенов Азат Талғатұлы

 

 

тел.: 57-19-89

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ұйымдастыру психологиясы

қызметі

Басшысы Ахметова Гүлжиан Каденқызы

 

 

тел.: 26-38-15

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Басшылар туралы мәлімет

aoprez Болат Сейітнұрұлы Абайділдинов
«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Президенті
«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Президенті
1964 жылы 15 шілдеде Талдықорған облысы Кировск ауылында дүниеге келді.
1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін, ал 1994 жылы – Өзбекстан Республикасы Жоғарғы өрт сөндіру-техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1985 жылы Талдқорған облысы ІІБ Ішкі істер бөлімі мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады. Одан әрі Алматы облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бастығы, Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Өртке қарсы қызмет лейтенантынан бастап полковнигіне дейін жетті.
«Алматы қаласының Құтқару қызметі» МКҚК директоры, «Алматыэлектротранс» ЖШС Басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.
Қызмет өткеруі кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою ісіне елеулі үлес қосқан.
2016 жылдың тамызынан бері «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Президенті
 
Bashikov Мақсұт Таяқұлы Башиков
«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Өндіріс жөніндегі вице-президенті
1969 жылғы 14 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қарағанды политехникалық институтын аяқтаған.
Мақсұт Таяқұлы Башиков өртке қарсы қызмет органдарында 1993 жылдың қазанынан бастап 2006 жылғы желтоқсанға дейін қызмет атқарды. Еңбек жолын қатардағы өрт сөндірушіден бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімі бастығының орынбасарына дейін өткен.
2006 жылдан бастап 2018 жылға дейін – «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Өртке қарсы қызмет және авариялық-құтқару құралымдары департаментінің директоры.
2018 жылғы 27 қарашадан бастап – «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Өндіріс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
 
 
 
 
 
 
 
 

Техникамен және мүліктік қамтылуы. Жауапкершілік аймақтары

«Техникамен және мүліктік қамтылуы. Жауапкершілік аймақтары» бөлімі
«Өрт сөндіруші» АҚ – саны 135 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімі, жолға шығу техникасы жоқ 8 өрт сөндіру бекеті, 8 газдан құтқару бөлімшесі, 7 авариялық-құтқару бөлімшесі күштері мен құралдарымен, қызметкерлерінің жалпы штаттық саны 4326 адам және 293 бірлік өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасымен тәулік бойы кезекшілік режимінде ұйымдарда, елдімекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асырады.
 
«Өрт сөндіруші» АҚ Басшылығы
1. Президент Болат Сейітнұрұлы Абайділдинов 26-37-72
2.

Өндіріс жөніндегі

вице-президент

Мақсұт Таяқұлы Башиков 26-46-64
«Өрт сөндіруші» АҚ филиалдары

«Өрт сөндіруші» АҚ Алматы қ. және Алматы облысы бойынша филиалы

индекс 050008, Алматы қ., Жароков көшесі, 12/1

тел: (727) 277-66-89

Директордың А.Т.Ж.: Бақтыбаев Асқар Оспанұлы

«Өрт сөндіруші» АҚ Ақмола облысының филиалы

Көкшетау қ., Коктем 1 ш/а, 18, 5 каб

тел: 8(716) 2425514

Директордың А.Т.Ж.: Оразалин Амангелді Ахмедиярұлы

«Өрт сөндіруші» АҚ Ақтобе облысының филиалы

Ақтобе қ., 12 «Б» ш/а, 1

тел: (7132) 77-18-30

Директордың А.Т.Ж.: Болат Айтжанұлы Байтілеуов

«Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысының филиалы

Атырау қ., Әуезов көшесі 53 «А»

тел: (7122) 45-51-97

Директордың А.Т.Ж.: Толстов Юрий Николаевич

«Өрт сөндіруші» АҚ Шығыс Қазақстан облысының филиалы

070018, Өскемен қ., Бажова көшесі, 108/1

тел: (7232) 77-00-10

Директордың А.Т.Ж.: Қажыбек Құмарбекұлы Исабаев

«Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан облысының филиалы

090000, Орал қ. К. Аманжолов көшесі, 55

(7112) 50-75-95

Директордың А.Т.Ж.: Сансызбай Ысқақұлы Күзенбаев

«Өрт сөндіруші» АҚ Қарағанды облысының филиалы

Қарағанды қ. Мустафин көшесі, 7/2

тел: (7212) 32-02-32

Директордың А.Т.Ж.: Евгений Викторович Бушманов

«Өрт сөндіруші» АҚ Қостанай облысының филиалы

индекс 110000, Қостанай қ., Чехов көшесі, 105 а

тел: (7142)56-85-80

Директордың А.Т.Ж.: Жанат Нәрімбайұлы Қартбаев

«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысының филиалы

Қызылорда қ., Қазантаев көшесі, 24

тел: (7242) 22-20-78

Директордың А.Т.Ж.: Ғалымжан Кәрімұлы Төрешов

«Өрт сөндіруші» АҚ Манғыстау облысының филиалы

Ақтау қ., Промзона депосы, 72-ӨСАҚБ

тел: (7292) 54-40-01.

Директордың А.Т.Ж.:  Әлімбек Асхарұлы Таласбаев

«Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысының филиалы

140000, Павлодар қ., Ломов көшесі, 160,

тел: (7182) 50-46-30

Директордың А.Т.Ж.: Дастан Иманғалиұлы Бектенов

«Өрт сөндіруші» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының филиалы

150007, Петропавл қ., Горький көшесі, 162

тел: (715)2378033

Директордың А.Т.Ж.:  Темур Дүйсембайұлы Әубәкіров

«Өрт сөндіруші» АҚ Оңтүстік өңірінің филиалы

160009, ОҚО, Шымкент қ., Енбекші ауданы,

«Оңтүстік» индустриалық аймағы, Қапал батыр көшесі, 105

тел: (7252) 77-08-58

Директордың А.Т.Ж.: Ағзамхан Сайдиғаниұлы Хамутов

 
 

Байланыстар

Байланыс:

Қазақстан Республикасы, 010010

Астана қ., Жирентаев к-сі, 15

Телефон/факс: 8 (7172) 26-33-80

Интернет-ресурс: www.kazfire.kz

еmail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 
«Өрт сөндіруші» АҚ Басшылығы
Президент Болат Сейітнұрұлы Абайділдинов 26-37-72

Өндіріс жөніндегі

вице-президент

Мақсұт Таяқұлы Башиков 26-46-64
«Өрт сөндіруші» АҚ филиалдарының директорлары
Алматы қ. және  Алматы облысы бойынша Асқар Оспанұлы Бақтыбаев 8 (727) 277-66-89  
Ақмола облысы Амангелді Ахмедиярұлы Оразалин 8(7162) 52-02-62
Ақтөбе облысы Болат Айтжанұлы Байтілеуов 8 (7132) 77-18-30
Атырау облысы Юрий Николаевич Толстов 8(7122) 45-51-97
Шығыс Қазақстан облысы Қажыбек Құмарбекұлы Исабаев 8 (7232) 77-64-10
Батыс Қазақстан облысы Сансызбай Ысқақұлы Күзенбаев 8 (7112) 50-75-95
Қарағанды облысы Евгений Викторович Бушманов 8 (7212) 32-02-32
Қостанай облысы Жанат Нәрімбайұлы Қартбаев 8 (7142) 56-85-80
Қызылорда облысы Ғалымжан Кәрімұлы Төрешов 8 (7242)92-50-64
Маңғыстау облысы   Әлімбек Асхарұлы Таласбаев 8 (7292) 40-05-50
Павлодар облысы Дастан Иманғалиұлы Бектенов 8 (7182) 57-46-10
Солтүстік Қазақстан облысы Темур Дүйсембайұлы Әубәкіров 8 (7152) 37-80-33
Оңтүстік өңірі Ағзамхан Сайдиғаниұлы Хамутов 8 (7252) 77-08-58