Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері үшін 2 маусым салтанатты жиыннан басталды. Петропавлдық өрт сөндірушілерге облыс әкімі салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті.
Марат Тасмағанбетов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында кеңес өткізді, онда ол өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін жедел әрекеттері мен қайсар еңбектері үшін оларға шексіз алғысын білдірді. Облыс әкімі осы жылы болған ауқымды су тасқынын ерекше атап өтті, бірақ та, жедел жұмыстар мен кәсіби шеберліктің арқасында бұл мәселе оңтайлы шешілді және зардап шегушілер болған жоқ.
Петропавл қаласының аумағында болған су тасқынын жоюға белсенді қатысқаны үшін «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 2, 3 және 4 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері Жанайдар Кенжегузинов, Мұрат Молдағалиев, Арман Тукенов, Дастан Абулгазин және Жамбыл Ахметов сияқты қызметкерлер марапатталды.
Марат Иманбаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың атынан да алғысын білдірді, ол да Петропавл қаласы өрт сөндірушілерінің еңбегіне өте жоғары баға берді және оларға мансаптарының және жауынгерлік еңбектерінің артуына тілектес екенін білдірген екен.
«Әрқашан дайынбыз!» - бұл № 4 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Жанайдар Кенжегузиновтың ұраны. Жанайдар өмірінің 10 жылдан астам уақытын осы қызметке арнаған және көпті көрген. «Осы жылы жұмыс көлемі өте үлкен болды. Қиындықтар көп кездесті, бірақ олардың барлығынан өттік. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеу үлкен жауапкершілік арттырады және мен тәуліктің кез келген уақытында күн сайын төтенше жағдайлардан адамдарды құтқаруға әрдайым дайынмын!», - деді Жанайдар Кенжегузинов.
Марапаттаудан кейін СҚО ТЖД жедел жасағы бастығының орынбасары Виктор Держанский баяндама оқыды. Ол қала әкіміне ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Осы жылы барлығы 100 шақты шақырту болды, су басу аймағынан 1200 астам адам эвакуацияланды және су басқан үйлерден 20000 кубтан астам су сорып қотарылды. Виктор Держанский былай деді: «Біз апатты қиын салдарсыз және адамдарға зардап шекпеуінсіз жеңе білдік. Біздің мамандар кез келген уақытта халыққа көмек көрсетуге әрқашан дайын!».
Кеңесте көптеген қонақтар болды, оның ішінде Петропавл қ. жергілікті полиция бастығы Александр Михайлов та болды. Ол полицейшілердің атынан өрт сөндірушілерге үлкен алғысын білдірді.
Кеңес соңында Марат Тасмағанбетов барша қауымға бірлік, бахыт, амандық пен саулық тіледі және осындай жақсылықтарға жиі жиналайық деді.
«СҚО ТЖД Өрт сөндiру және авариялық-құтқаружұмыстары қызметi»
ММ Мемлекеттiк тiл және ақпарат тобы,
СҚМУ студенті Валерия Султанова