Атырау облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мәжіліс залында 2015 жылғы 25 маусымда Қызмет бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі О. Стамғазиевтің төрағалығымен жеке құраммен және жас қызметкерлермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу және жол жүру ережесі мәселесі бойынша семинар өткізілді. 
Семинарға Атырау облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі полиция майоры А.Иманов, Атырау облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының штаб бастығы полиция подполковнигі А. Мендалиев және Әкімшілік полиция басқармасының штаб инспекторы полиция аға лейтенанты Б. Сарсекенов шақырылды. 
Қызмет бастығының өз сөзінде атап өткендей, тәрбиелік бағыт - болашақ мамандардың кәсіби даярлау барысындағы маңызды орын алады.   
Аталған тақырып бойынша бейнероликтер көрсетілді. Жиналысқа қатысушы ІІД өкілдері 2015 жылғы 5 айы ішінде Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлықты алдын алу, қызметкерлермен тәрбие жұмыстарын жүргізу, жол жүру ережелерін бұзу фактілері бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен қызметкерлерді таныстырды.
Атырау облысы
ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне үміткерлерді жинау мақсатында  11 сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.     
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны Исмагулов Аманқос Атырау қаласындағы «Дина» сауда орталығындағы радиорубка арқылы тұрғындарды Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтына түсу шарттарымен таныстырды.  Сонымен қатар жадынамалар таратылды.   Бұл кездесулер болашақта мамандық таңдауда алғашқы қадам болуы мүмкін. 
 
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
2015 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Атырау қаласы)» ММ қызметкерлері Атырау қаласындағы №3 орта мектебінің мәжіліс залында №3,16,19,30,35 орта мектептері 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға барлығы 80 оқушы (ер балалар) қатысты.     
Кездесу барысында Қызметтің әскери – жұмылдыру жұмыстары бөлімшесінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Ғалым Алмат, өз сөзінде, Көкшетау техникалық институты өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша оқытатын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады және институтты аяқтағаннан кейін курсанттарға мемлекеттік үлгідегі диплом, өртке қарсы қызмет лейтенанты арнайы атағы беріледі. Сонымен қатар институтты аяқтаған түлектер Өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданады. Қызметтің кадр жұмыстары бөлімінің аға инспекторы өртке қарсы қызмет майоры Досанова Мейрамгүл оқушыларға институтқа түсу тәртібімен таныстырды.   
Институттың тыныс-тіршілігімен, өзінің оқыған жылдарында басынан кешірген қызықты жайттарымен және аталған институтта оқудың, таңдаған мамандығының маңыздылығымен 2013 жылы Көкшетау техникалық институтын аяқтаған, жас лейтенант Құспанғалиев Айбек сөз сөйледі. 
Айбек, өз кезегінде, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында оқу ақысыз, барлық студенттерге шығармашылық және спорттық шараларға қатысуға мүмкіндік беретіндігін айтты.     
Кездесу соңында институт тарихы, түсу тәртібін түсіндіретін бейнеролик көрсетілді. Оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріледі. 
«Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Атырау облысы ТЖД
ӨС және АҚЖҚ (Атырау қаласы)» ММ баспасөз хатшысы 
2015 жылғы 14 қаңтарда Атырау облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А. А Сыралиева  «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» ММ мәжіліс залында қызметкерлерге семинар - дәріс  жүргізді.   
Семинарды өткізудің мақсаты – тиімді тамақтану профилактикасы. Семинар барысында Алия Сыралиева қызметкерлерге тиімді тамақтанудың    6 қағидасымен:
-       Тамақтану мәдениетін және тәртібін сақтау.
-       Тамақ рационында тағамның әртүрлілігі қажет.
-       Үйлесімді салмақты сақтау керек.
-       Майлылығы аз тағамдарды тұтыну.
-       Қантты және тұзды тұтынуға шектеу қою.
-       Натрийге бай тағамдарды орынды пайдалану
таныстырды. Орталық маманы аталған тақырып бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді тамақтанудың маңыздылығы және тамақтанудың ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлері туралы айтылып өтті.  
Семинар жоғары деңгейде өтті.
 Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» (Атырау қаласы) ММ
КЖБ бас маман - психологы өртке қарсы қызмет капитаны
М. М. Магзумова
KOS Pens 1 Бірінші ақпан айы Қостанай облысы ТЖД авариялық-құтқару қызметі басқармасының бұрынғы бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Лебединский Вадим Викторович 50 жасқа толды.