ҚР Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 «Қазақстан республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығын сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын  іске асыру мақсатында 2015 жылы 21 сәуірінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған дөңгелек үстел отырысына Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің орта және аға басшы құрамына Қызметтің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту қызметінің құқықтық қамтамасыз ету сарапшысы С. Жұмабаев  кездесу барысында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін оның қайдан және қалай шыққанын білуіміз керек деп  орта және аға басшы құрамына түсінік жұмыстарын жүргізді. Бұл қылмыстың тарихи - құқықтық негізін зерттеген кезде оның басқару аппараты пайда болған уақыттан бастап келе жатқанын байқаймыз. Мәселе оның деңгейінің қаншалықты екендігінде. Олардың барлығында жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіледі. Бірақ оны толық жою мүмкін емес. Алайда, әлеуметтік сыйпаттағы  қылмыстың бұл түрін азайтып, оның алдын алып, оны тудыратын жағдайларды жойып, түпкі себебінің тамырына балта шабу қажет. Жемқорлық бізге атадан қалған мұра емес. Әрине халқымыздың қонақжай екендігі рас. Бірақ осы қонақжайлықта пайдаланып, қымбат сыйлықтар беруге, алуға болмайды. Бұл заң жүзінде сыбайластыққа жағдай жасағаны деп түсіндірді. Дөңгелек үстел барысында қызметкерлер дөңгелек үстел қонақтарымен сұрақ - жауап алмасып, тақырып аясында жан - жақты пікірлесу болды. Жалпы дөңгелек үстел өткізу мақсаты –  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның туындауына себеп болатын жағдайларды болдырмауы үшін жеке құрамға түсіндірме жүргізу. atyr_sto2 atyr_stol2

ҚҚЕ және МТДҚ  құқықтық

қамтамасыз ету сарапшысы С. Жұмабаев

Әйелдер қауымы көп жағдайда  балалар  тәрбиесі, ұстаз және дәрігер мамандықтарын таңдайды. Алайда әйелдер үшін ер адамдарға тән мамандықты таңдау ерекше болып саналады. Сол ерекше мамандықтардың бірі – Төтенше жағдайлар қызметкері мамандықтары.  Осы орайда Төтенше жағдайлар органдары қатарында қызмет еткен, ардақты ардагер әйелдердің елеулі үлестері қаншалықты зор екендігін айтуға болады.
Ардагер әйелдердің ұзақ жылғы еңбектері мәңгі есімізде болады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында  2015 жылғы 6 наурызда «Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін полковник М. Құрмановтың және Атырау облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсекеновтың қатысуымен Төтенше жағдайлар органдарының ардақты ардагер әйелдермен кездесу ұйымдастырылды.
Ардагерлер өздерінің қызмет еткен жылдарында кездескен қиындықтарымен және қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Ардагерлер ұжым  арасында бірін-бірі сыйлау, құрметтеу және сенім болған жағдайда ғана қызметтік және жауынгерлік дайындықта жоғары нәтижеге жетуге болатындығын айтты.
Кездесу соңында ардагер әйелдерге тілектер айтылып, бұл кездесуден естелік ретінде сыйлықтар мен гүл шоғы берілді.
«Атырау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Облыста жаз мезгілі кезінде өрт жиі орын алып жатады. Әдеттегідей, осы кезеңде құрғақ шөпті, қоқысты өртеу, орман өрттері орын алып жатады. Бұндай өрттер салдарынан шаруа құрылыстары мен тұрғын үйлердің жануы болады. Төтенше жағдайлардың туындау салдарын ескерту мақсатында Атырау қаласы     №1 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Галиев Руслан «Қазақстан-Атырау» облыстық радиосында сөз сөйледі. Өз сөзінде, Атырау облысы тұрғындары мен қонақтарына қазіргі уақытта өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі айлығы басталғандығын, сондай-ақ тұрғын үй секторын аралау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап көрсетті. Тұрғын  үйлердің әр тұрғынымен жеке сұхбат жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелері көрсетілген парақшалар мен жадынамалар таратылады.  

 

Атырау облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
«Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет майоры Е. Рахмашев және дәрігер өртке қарсы қызмет капитаны А. Напихова 2015 жылғы 6 наурызда Атырау қаласындағы Исатай Тайманов атындағы №27 орта мектепте «Өрт – тілсіз жау", "Өрт кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырытарында интерактивтік сабақ өткізілді. Сабаққа 6-7 сынып оқушылары қатысты. Сабақ мемлекеттік тілде жүргізілді.
Сабақ барысында оқушыларға оттың пайдасы  мен зияны туралы түсінік беріліп, өрт қауіптілігі ұғымын меңгерту мен өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға тәрбиелеу, кездейсоқ өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауын қалыптастыру. Сабақтың екінші тақырыбы бойынша  дер кезінде көрсетілген алғашқы медициналық көмек зардап шегушінің денсаулығы мен өмірін сақтап қалуда маңызы және күйік алған кезде алғашқы медициналық көмек туралы айтылды. Сонымен қатар тақырыпты бұдан әрі түсінікті болу үшін, оқушыларға слайд және бейнеролик көрсетілді.
Интерактивтік сабақ соңында оқушылардың қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Интерактивтік сабақ өткізу балалар арасында өртті алдын алуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар  кезінде дұрыс әрекет етуге үйретуде тиімді тәсіл болып табылады.
urok_27shk urok_27shk  
«Атырау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Еліміздің Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында «Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамуын  және мемлекеттілігін нығайту жолындағы басты бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес» деп атап көрсетті.  Бұл жауапкершілігі мол, күрделі жұмыс әр мемлекеттік ведомстволар деңгейінде жүргізіледі. Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде.  

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, 2015 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Каримжанов Алмаз Каримжанұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.   

Орта және аға басшы құраммен өткізілген  дөңгелек үстел барысында еліміздегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қылмысының  басты себептеріне тоқталып өтті. Сыбайлас  жемқорлықпен тиімді күресу үшін оның қайдан және қалай шыққанын білуіміз керек екендігіне тоқталып өтті.  Қызметкерлер  дөңгелек үстел қонақтарымен сұрақ - жауап алмасып,  тақырып аясында жан - жақты пікірлесу болды.    

Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екендігін атап кеткіміз келеді. Біз күшімізді біріктірген жағдайда ғана, бұл құбылысқа тиімді қарсы әрекет етуге болады. Сонда ғана бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу туралы ұлттық идеяны жүзеге асырамыз. 

korrupcia_1 korrupcia_1 korrupcia_1
Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Заң тобы