Өскемен қаласында өрт сөндіру бөлімшелері арасында өрттен құтқару дайындығы бойынша жарыс өтті. Жарыс жыл сайын жеке құрамның кәсіптік шеберлігін, бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен дене күш дайындығын жоғарылату мақсатында өткізіледі. Жарысқа 11 команда қатысты. Қатысушылар бес бағыт бойынша жарысты: бөлімше құрамында жауынгерлік киім мен жабдықтарды кию; дуал және бумнан секіріп өту, орнатылған үш иінді саты бойынша көтерілу; оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесінен өзін өзі құтқару; күштер мен құралдарды қанат жаю.  Барлық бағыт та кәсіптік дағдыны және дене күшін талап етеді. Ең қызықты жарыстардың бірі оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесінен өзін өзі құтқару және жауынгерік қанат жаю жарысы  болды, бұл жарыс өте тартымды және көбіне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мәреге дейін бірнеше секунд қана ажыратып тұрды. Жарыс 3 сағатқа дейін жалғасты. Барлық қатысушылар ең үздік көрсеткіштер көрсеткісі келді. Командалық біріншілікте төрешілер бригадасының шешімімен:

- І орынды 9-ӨСБ командасы;

- ІІ орынды 11-ӨСБ командасы;

- ІІІ орынды 2-ӨСБ командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

vko_smotry2 vko_smotry3 vko_smotry4
vko_smotry5 vko_smotry6  
Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі мамандығы қызықты, әрі қауіпті. Өртке шақыру кезінде дәл осы жүргізушіге эмоциялық екпінін тежеп, тез және жол-көлік оқиғасын болдыртпай жауынгерлік есептің жеке құрамын жеткізіп, өрт сөндіру автомобилінің тоқтаусыз жұмысын ұйымдастыру қажет. Нағыз өрт жалынының ошағы кезінде жүргізуші тек өзі үшін ғана емес, техникаға да «басымен жауапты» болады. Осыған орай жұмыс жоспарына (гарнизондық іс-шараларға) сәйкес ҚР ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамның арнайы-тактикалық даярлығы, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ жүргізушілер құрамының кәсіби дайындығын жетілдіру мақсатында және «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамымен жылдамдықпен маневрлеу жеке-топтық жарыс бойынша бекітілген ереженің негізінде Өскемен гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамы арасында маусым айында жарыс өтті. Ережеге сәйкес жарысқа қатысу алдында барлық жүргізушілер медициналық қараудан және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтті. Медициналық қарау қорытындысы бойынша командалырдың барлық өкілдері қатысуға рұқсат алды.  Жарысқа 12 өрт сөндіру бөлімшелері қатысты. Теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын тексеру жарысы өрт сөндірушілерге кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, өздерінің орындауларын әріптестерінің орындауымен салыстыруға, жақсы нәтижелерге ұмтылуға көмектеседі. Жарыс - өзінің дағдысы мен тәжірибесін тексерудің мүмкіндігі.
Жол қозғалысының ережелерін тексеру және көбік араластырғашты тексеруді (тәжірибе түрінде) орындағаннан кейін, әдетте жарыстар осы тұрғыда басталады, тәжірибелік жаттығулар басталады. Барлық кезеңдер жүргізушілердің өмірінде кездесетін, зейін, жолда тез әрекет ету, қиын жол жағдайында және өрт қауіпті кездерде тез шешім қабылдау сияқты қасиеттерді,  жұмыс шарттарын ескере отырып әзірленді. Әр жүргізуші өрттерде тәжірибе жүзінде осы кезеңдерден өтеді.
vko_manevr2 Жылдамдықпен кедергілермен трассадан өтудің өзі – адреналин! ЗиЛ автомобиль базасында бес тонналы өрт сөндіру цистернасының жүргізушісі старттан кенет қозғалып алдыңғы жағымен қақпаға кіріп, сағат тілі бойынша белгілердің арасымен, оларға тимей,  шеңбер жасап, одан шығуы тиіс. Кезең «сегіздік» деп аталады. Содан кейін жолдың жылдамдықпен жүру барысы бойынша мыналар кетеді: «змейка», «бокс», «жол табан», «тоннель қақпалары», «стоп» сызығы» және «ашық су көзі», бұл жерде ашық су көзінен торы бар екі сорғы жең және су айдынына су құйғышы бар бір жең арқылы су беру жүргізіледі.  Бұның бәрі белгілі бір уақытта орындалады! Сонымен қатар қателіктері үшін және соғылған белгілер үшін айыппұлды баллдар қосылады.
Согра кентінде арнайы жабдықталған полигонда 3 сағаттан астам уақыт бойы өрт сөндіру автокөліктерінің дөңгелектер шуы, моторлар дауысы естіліп, өрт оқпандарынан су ағыны аспанға толқындатылды.
Жеке-топтық жарыста қайратты қарсылық нәтижесінде орындар мынадай болып бөлінді:
1-ші орын: Өскемен қаласы 5-ӨБ тобы;
2- ші орын: Өскемен қаласы МЖ тобы;
3- ші орын: Өскемен қаласы 4-ӨБ тобы.
Өскемен қаласы 5-ӨСБ жүргізушісі өртке қарсы қызмет прапорщигі М.С. Ильясов бірнеше рет жеке біріншілікте «Үздік жүргізуші» атағын иеленді. Трассадағы жылдамдықпен өтуден алған адреналин мен көңілден басқа жүлдегерлер мен жеңімпаздар гарнизон басшылығынан грамота мен сыйлықтар алды.  Ал қаламыздың өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғылдылығына, шеберлігіне, беріктігіне қала тұрғындарының сенімдері нығайды.
Әлемде жыл сайын орман өрттерінің көптеген саны туындайды және олармен күрес орман ресурстарын күзетудің ең өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Табиғи өрттерді жоюға жедел ден қою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған және көршілес облыстармен (Павлодар, Алматы, Қарағанды) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсету үшін күштер мен құралдарды тарту жоспары әзірленген.  
Мемлекеттіердің шекаралас аумақтарында және жақын маңдағы елді мекендерде ТЖ туындаған жағдайда ден қою тәртібі мен жеделдігі ерекше мағынаға ие болады. Ол үшін ШҚО ТЖД және Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы арасында Өзара әрекет ету жоспарына қол қойылған, сол жоспарға сәйкес төтенше жағдайлардың сипаты және көлемі, тиісті шаралар қабылдау қажеттелігі және ТЖ жоюда шектес мемлекетке көмек  көрсету туралы ақпарат алмасу жүргізіледі.
Аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығу 2016 жылғы 20 мамырда Жаңасемей филиалы Дальний орман шаруашылығы № 147 кварталы аумағында мемлекеттердің шектес аумақтарында туындаған табиғи өрттерді сөндіруге ден қою бойынша кұһүштер мен құралдарды басқару органдарының өзара әрекеттестгін өтеу, авиация қолдана отырып орман өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдерін көрсету және өтеу үшін жүргізілді.
Оқу-жаттығуға: ШҚО және Павлодар Төтенше жағдайлар бойынша Департаменттері, «Семей орманы»  және «Ертіс орманы»  мемлекеттік табиғи орман резерваты», ШҚО облыс бойынша Апат медицина орталықтары, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК және ШҚО облыстық авиабуыны, Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы, Ресейдің Алтай өлкесі Степно-Михайловский орманшылықтары қатысты.
От шартты түрде «Семей орманы» орман резерватының шектес аумағында шықты. Өрт ошағы орман дала аймағында анықталды. Оттың тұтануы найзағай разрядынан болған. Жалын тез арады тарай бастады, көбіне ыстық және құрғақ ауа райы ықпал етті. Сценарий бойынша шамамен ауданы 25 гектарға дейін орман және дала алқабы жанып жатты. Мұндай құбылыс әрине сирек кездесетін жағдай емес, тәжірибеде өрт сөндірушілер осыған ұқсас өрттермен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан шынайы жағдайда тек орман иелерімен ғана емес, сондай-ақ көршілес мемлекет әріптестерімен де үйлесімді дұрыс өзара әрекет етуді өтеу қажет. Міне, сценарий бойынша да орман өрті Ресей Федарциясы шекарасына жақындап, минут сайын күшейе түсті. Осы уақытта штабта екі елдің өкілдері тұтану ошағын қалай тез және тиімді оқушаулау үшін жоспар әзірледі. «Оқу-жаттығудың мақсаты – жергілікті атқарушы билік, азаматтық қорғау саласындағы өкілетті органдар арасындағы өзара әрекеттестікті өтеу, сондай-ақ Ресей Федарциясының шектес аумақтарымен өзара әрекеттестікті өтеу болып табылады» - түсініктеді «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Дмитрий Титов. Оқу-жаттығуларда басқару жүйесі, байланыс жүйесі пысықталады. «Өрт қай аумақта болатынын таңдамайды, ол жанады, қайғы-қасіретті Қазақстан Республикасына да, Ресей Федерациясына  да алып келуі мүмкін», - деп қостады Алтай өлкесі бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Сергей Капустин, Ресей. 
Оқу-жаттығудың соңында оның жоғары ұйымдастырылған деңгейде өткізілгені атап өтілді, барлық бөлімшелер алға қойылған тапсырмаларды  басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесу әдістерін нақты және мерзімінде орындады.
Оқу-жаттығуға 70-тен астам отпен күресушілер және бірнеше ондаған бірлік өрт сөндіру және көмекші техника жұмылдырылды. Шартты өртті жерде де, әуеден де сөндірді. Айта кететіні, Шығыс Қазақстанда орман өртінің саны жыл сайын азаюда, деп баяндады отпен күресушілер. Алайда олар босаңсымайды, себебі өрт қауіпті маусым аймақта қазан айына дейін созылады. Оқу-жаттығу кезінде қатысушылар өрт сөндірудің негізгі әдістері мен тәсілдерін өтей алды.
Өрт-тактикалық жаттығуды бұқаралық ақпарат құралдарында  жарықтандыру үшін «Россия Алтай өлкесі бойынша», «Қазақстан-Семей», «Хабар-Семей», «24 канал» телеканалдардың қызметкерлері шақыртылды.
uchenya_2 uchenya_2
atyr_anpz2 «Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің алдына қоятын міндеттерінің бірі - өз қызметін жүзеге асыру мақсатында, оқиға болған жерге жедел түрде келу және дер кезінде тілсіз жауды жою болып табылады. Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің жоспар - кестесіне сәйкес, 2015 жылы 28 сәуір күні сағат 15.00-де зауыттың оңтүстік-шығыс бөлігінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты:

-  дымқыл мұнай насосын өрт сөндіру әдісі арқылы қайта жұмысқа қосу;

- ӨСЖ, өрт сөндіру қарауыл қызметкерлерін және гарнизон басшы құрам жағдайларын сыртқы белгілері бойынша барлауды өткізуін бағалау және алғашқы жаттықтыру;

- объекті штабтық өрт сөндіру басқармасын барлық күшімен және учаскелік объектілердегі бөлімшелері шара қабылдау іс-әрекеттерін қайта жандандыру;

- өрт бола қалған жағдайда күтуші қызметкерлер қоюды қайта жандандыру.

Шақыру орнына жоспар бойынша апат объектісін жоюға 9 бірлік автоцистерна, 1 бірлік ПНС-110, 1 бірлік АР-2 қосалқы автокөліктері және Атырау мұнай өндіруші заводы «АМӨЗ» ЖШС-нің өртке қарсы қызмет объектісінің басшылары  келді. Зауыт басшыларының өкілдері зауыттың диспетчерлері арқылы, мұнай өнімдерін мұнай ағызатын құбырға беруді жауып және  кеміп қалған жерге инженер техниктерін шақырады.

atyr_anpz3 Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері және «АМӨЗ» ЖШС-нің басшылары өрт-тактикалық жаттығу сценарийі бойынша  әрекет етті және де өрт «шартты» болды.

Шартты өртті сөндіру кезінде Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры С. А. Жұмаханов   басшылық етті.

Өрт ауыздықталды. Барлық күштер мен құралдар өз ұстанымдарында және өрт тоқтағаннан кейін көбік беруді  5-10 минут ішінде жалғастырып, қайта тұтануға жол бермеді.

Жаттығу соңында барлық «шартты өртке» жұмылдырылған жеке құрамдарды сапқа тұрғызуды ұйымдастырды.

Мемлекетік тіл және ақпарат тобы

Өртке қарсы қызмет дәрігері – біздің елімізде сирек кездесетін  мамандық. Бұл мамандардың басты міндеті - төтенше жағдайлар орнына дер кезінде жету және зардап шегушілерге жедел көмек көрсету. Төтенше жағдайлар кезінде халық көп жиналатын орындарда, оның ішінде осы уақытта өрт сөндіру немесе үйінділерден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілердің арасында жұмыс жасауға тура келетіні дәрігерлер үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.   

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өртке қарсы қызмет органдарында қызмет ететін нәзік жанды әйелдер туралы айтқымыз келеді. Солардың бірі – 13-ші жыл өртке қарсы қызмет органдарында қызмет ететін «Атырау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігер – терапевтісі өртке қарсы қызмет капитаны Напихова Ақтілеш Ермекқалиқызы.

Ақтілеш 1974 жылы Индер ауданы Көктоғай селосында дүниеге келген. Дарынды балаларға арналған гимназияны аяқтағаннан кейін Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина академиясына түсіп, 1998 жылы аталған оқу орнын ойдағыдай аяқтайды. Академияны аяқтағаннан кейін Атырау қаласындағы жедел медициналық көмек станциясының кезекші дәрігері лауазымында 2002 жылға дейін жұмыс жасайды.  

  Ақтілеш 2002 жылы өртке қарсы қызметінің дәрігер - терапевтісі лауазымына қызметке қабылданады. Бұл салаға келгеннен кейін өзі таңдаған мамандығының жаңа қырларымен  танысады. Өртке қарсы қызмет дәрігерінің міндеті - төтенше жағдайлар кезінде бөлімнің жеке құрамы мен зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, кезекшілікке түскен жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу және қажет болған жағдайда емдеу – сауықтыру мекемелеріне жіберу, сондай-ақ, өрт сөндірушілерді төтенше жағдайлар кезінде зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық шаралар жүргізу. Өртке қарсы қызмет дәрігері спорттық шаралар және өрт – тактикалық жаттығу кезінде жарақат алған жағдайда шараға қатысушыларға медициналық көмек көрсетеді. 

Ақтілеш Ермекқалиқызы өз тәжірибесінде бірнеше ірі өрттер орын алғандығын еске алады. Солардың бірі -  2005 жылғы жазғы күндердің бірінде Вокзал маңы  №5 мөлтек ауданы 20-үйдің №71 пәтерінде орын алған өрт. Оқиға орнына жеткен уақытта пәтердің ішінде адам қалғандығы анықталып, өрт сөндірушілермен түтін иісіне уланған әйел шығарылды. Зардап шегуші әйелге жасанды дем беру түрінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді.  Бірақ ең есте қалған оқиғаның бірі – 2006 жылғы 13 ақпанда Орталық мөлтек ауданындағы үйдің пәтерінде орын алған үлкен өрт оқиғасы еді. Жалын аузынан барлық денесін күйік шалған әйел құтқарылды. Зардап шегуші әйелдің тамыр соғысы тексеріліп,  тез арада ауруханаға жеткізілді.

 Ақтілеш Ермекқалиқызының мінезі мейірімді және ақкөңіл. Сүйікті  жар, үш баланың аяулы анасы және кішкентай немересінің сүйікті әжесі.      Қызмет атқарған уақытында қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен және алғыс хатпен, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға белсенді қатысқаны және Қазақстан Республикасы тыныс–тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қол жеткізген табыстары үшін  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.  Бұл оның ұзақ жылдар бойғы еңбегінің жемісі.

«Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы