Бүгін  Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері арасында «Динамо» спорт кешенінде  волейболдан мәрелік  жарыс  өтті. Волейболдан  үздік команда  атағын алуға     3 команда шықты,  олар: Лисаков қ. 18-МӨСБ, Рудный қ. 1-МЖ, Жангелді ауданы 22-ӨСБ.  Жарыс келесі кезеңмен өтті: аймақтық, жартылай мәрелік   және мәрелік. Шешуші үшінші кезең қортындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.   Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді. Күш-жігермен өткен әдемі ойында 1 орынды еңбекпен  Лисаков қ. 18-МӨСБ жеңіп алды, екінші орын Жангелді ауданы 22-ӨСБ, үшінші орын тұғырына  Рудный қ. 1-МЖ көтерілді. Қортындысында жеңімпаз командаларға кубок пен грамоталар тапсырылды. «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Д.С.Полончук жеңіске жеткендерге кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар тапсырды.

kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2
kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2

Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі»

ММ баспасөз хатшысы

Жақында Қостанай қ. алғашқы әскери дайындық  оқу – әдістемелік  орталығындағы   қаза болған өрт сөндірушілерге   арналған облыстық турнир өтті. Кіші футбол турнирі Қостанай гарнизонында  2006 жылдан бастап  өткізіледі. Іс-шараға қаза болған өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары, қатынасты. «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ  бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Агдавлетова Е.С. сөзі бойынша жылма-жыл өтетін турнир өртсөндіру қызметкерлерін бір екпінде жинайды – қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған  қызметкерлерді  еске алудағы жарысқа лайықты қатысу: Биылғы жылы турнир 10-шы рет өтіп отыр. Қатысушылардың барлығынада жарқын жеңіс тілеймін!». Сондай ақ ашылу рәсімінде Қостанай облысы ТЖД ардагерлер Кеңесі төрағасы В.Киселев қатысты. «Әрбір өрт сөндірушінің күнбелікті қызметіне байланысты беріктігімен, денсаулығына,  көбінесе өміріне қатер тусада  тәуекелдікке барып қызметін атқарады» - деді ол өз сөзінде. Турнир қортындысы бойынша бірінші орынды Қостанай қ. жинақталған командасы, екінші орынды Лисаков қ. 18-МӨСБ, үшінші орынды Жітіқара қ. 5-ӨСБ командасы алды.        

Жеңіске жеткен командалар, Қостанай облысы ТЖД ММ грамоталарымен және  кубоктармен   бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

kost turf1 kost turf1 kost turf1
kost turf1 kost turf1 kost turf1
kost turf1 kost turf1 kost turf1

Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз хатшысы

Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай қ. 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жарыс өтті. Бірінші орынға 4 команда сайысты: Қостанай қ. 1 - өрт сөндіру бөлімі, 2 - мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі,  3 -  өрт сөндіру бөлімі  және 1-Рудный қаласы мамандандырылған жасағы. Жігіттер күштерін сынап арқан тартты, шыдамдылықтарын гір көтеріп көрсетіп, дартста дәлділіктерін анықтады.  Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі басшылығының айтуы бойынша мүндай жарыстар дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлікті жетілдіруге, бөлімшелердегі спорттық жұмыс деңгейін анықтауға септігін тигізеді дейді.   Сондай ақ командалық ойын бірлікке тәрбиелеп, саламатты өмір салтын дәріптейді. Жарыс қортындысы бойынша  бірінші орынды   Қостанай қ. 3- өрт сөндіру бөлімі екінші орынды Қостанай қ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды Қостанай қ. 1-  өрт сөндіру бөлімі алды.  Жарыс жеңімпаздары Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының мақтау қағазымен  марапатталды.

kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1

Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз қызметі

_523 Осы жылдың басынан бастап Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі қар тұтқынынан автокөліктерді шығару үшін  21 рет авариялық-құтқару жұмыстарына шыққан. Өрт сөндірушілердің атқарған жұмысы нәтижесінде 109 адам қар тұтқынынан құтқарылып, қауіпсіз жерге апарылды
Жыл басталғанынан екі күн бойы Алматы-Екатеринбург трассасында ауа райының салдарынан микроавтобус қозғалтқышы бұзып 22 жолаушы күрделі жағдайда қалған. Балқаш қаласының 45-МӨСБ өрт сөндірушілері көмекке келмегенде, адамдар суыққа шалдығуы мүмкін еді. Құтқарушылар Қырғыстан азаматтарын тұрғын мекенге апарды.

13 қаңтарда Алматы-Екатеринбург трассасында тағы бір жолаушы автобус істен шықты. Қарағанды қаласының мамандырылған жасақ өрт сөндірушілері жақын тұрған кемпингке 38 адамды апарды.
15 қаңтарда 48-ӨСБ өрт сөндірушілері Арқалық-Павлодар трассасында қар борауында қалып қойған автокөліктен екі жолаушыны Жезді ауылындағы туыстарына жеткізді. Автокөлікті далда қалдыруға мәжбүр болды. 
Сол күні Есіл-Петропавл трассасында 49-ӨСБ өрт сөндірушілері Улытау ауданына сапарға шыққан 5 адамды құтқарды. Зардап шеккендерді өрт сөндіру бөліміне жеткізді, сонда олар туыстарын күтуге қалды. 
16 қаңтарда Қызылорда-Павлодар трассасында жол жүріп келе жатқан «Ауди-80» автокөлігі 118 шақырымда тоқтап қалды. Қар тұтқынында 5 адам қалып қойды. 48-ӨСБ қызметкерлері зардап шеккендерді жақын тұрған кемпингке жеткізді.  
17 қаңтарда көк тайғақ себебінен Ақтоғай ауданының трассасында «Ауди-80» автокөлігі жолдан шығып кетті.  53-ӨСБ қызметкерлері автокөлікті жолға шығарып, автокөлік әрі қарай қозғалысты өздігімен жалғастырды. 
23 қаңтарда Киевка-Астана трассасының 22 шақырымында қар борауында екі жеңіл автокөлік қалып қойды. Төрт жолаушыны 39-ӨСБ бөлімшесімен құтқарылды.

2523523_3

Сол күні Осакаров ауданында нашар ауа райы салдарынан қосымша көмегінсіз тағы да екі автокөлік қозғалысын жалғастары алмады. 37-ӨСБ өрт сөндірушілері жеңіл автокөліктерден жолаушыларды Осакаров кентіне жеткізді де, бір автокөлік тұрғын мекенге трактор көмегімен жеткізілді. Екінші автокөлік қозғалысын өздігімен, бірақ сап артымен жалғастырды. 
Сол уақытта Абай ауданында қар борауы трассадағы 12 автокөліктің қозғалысын тоқтатты. Өрт сөндірушілер жол полиция қызметкерлерімен бірге және қар тазалайтын техника көмегімен автокөліктерді жолдың таза бөлігіне шығарып, сонымен 26 адамды үсуден құтқарды.  

23454353_4

24 қаңтарда Актас ауылынан Саран қаласына қарай 15 шақырымда қарда «Мерседес» автокөлігі қалып қойды. Көлік иесі және үш жолаушы өрт сөндірушілермен ауылға жеткізілді.
26 қаңтарда Павлодар-Қызылорда трассасында жолаушы автобус тұрып қалды. 50-ӨСБ бөлімше күшімен 12 жолаушы Атасу кентінің сапаржайына жеткізілді, онда олар жылынып, боранның басылуын күтті. 
27 қаңтарда Ақсу-Аюлы кентінен оңтүстік бағытына қарай 10 шақырым қашықтықта «Тойота» автокөлігі тас жолдан шығып кетті. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Автокөлік жүргізушісін, оның жұбайын және үш баласын 52-ӨСБ өрт сөндірушілері Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына жеткізді. Автокөлікті жолда қалдыруға мәжбүр болды.

43634_5

Қарағанды облысында 2013 жылдың қаңтарында қалың қар жауып, қаланың жолдарын өтпес батпаққа айналдырды. «Қарлы батбақпен» жүруге ыңғайлығы жоқ «Жедел жәрдем» үздіксіз үй аулаларында тұрып қала берді. Оларға көмекке қайтадан өртке қарсы қызметінің техникасы келген.     
18 қаңтарда Пришахтинск өрт сөндірушілері Челюскин көшесінде жолдан шығып кеткен «Жедел жәрдем»  автокөлігін шығаруға көмегін көрсеткен. 23 қаңтарда қар борауының салдарынан Октябрь ауданының медициналық көмек көлігі Цементная көшесіндегі шақыру орнына жете алмаған. Дәрігерлерді 16-ӨСБ автокөлігімен науқасқа жеткізді де, олар оған уақытында көмегін көрсетті. Қайтарда дәрігерлерді өзінің автокөлігіне қарай автоцистернамен жеткізді.  
Біраз уақыт өткен соң, апат медицина орталығының автокөлігіне көмек керек болды, ол Юная көшесіндегі жеке меншік тұрғын үйлерде тоқтап қалды.
Сол күні Қарағанды қаласының орталық жолдарында да, жағдай оңай болған доқ.
Екі рет өрт сөндірушілер бір «жедел көмек» автокөлігін тартты. Бірінші рет «Газель» автокөлігі Ерубаев көшесіндегі тұрғын мекендердің ауласында қарлы батпаққа түсті, ал екінші рет бірнеше сағаттан кейін – Лобода көшесінде.
24 қаңтарда Механическая көшесіндегі қар борауынан «жедел көмек» автокөлігі шығарылған. Теміртау қаласында өрт техникасы Каретная көшесіндегі тұрғын үй ауласындағы қалың қарда тоқтап қалған дәрігерлер автокөлігін шығарды.
Абай ауданында мүлдем бірегей оқиға болды. №30 өрт сөндіру бөлімінің жедел автокөлігі жаңа туған нәрестені және анасын Шахтинск қаласындағы перзентханаға жеткізу тобының құрамында болды.   «Жедел көмек» автокөлігі сол күні қалың қардың түсуінен босанған әйелге жете алмады.
25 қаңтарда Утрений тұйық көшеде «қарлы батпақта»  тағы бір «жедел көмек» бригадасы тұрып қалды. Бір сағат ішінде өрт сөндірушілер автокөлікті жолдың таза бөлігіне шығарды. 
Қарағанды облысы үшін аса күрделі күндердің бірі 2013 жылдың 28 ақпанында болды. Кенеттен басталған боран Қарағанды облысының барлық бағыттары бойынша жолдарда көліктердің қозғалысын тоқтатты.
Бірінші шақыру 14:42 түсті. Киевка – Жаңақұрылыс трассасында «Ауди» екі жолаушыларына көмек қажет болды. 39-ӨСБ өрт сөндірушілері зардап шеккендерді Киевка ауылына жеткізді.
Қызылорда – Павлодар трассасының қар борауында 40 автокөлік тұрды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен бірге өрт сөндірушілер УАЗ автокөлігімен 20 адамды Молодежный ауылының орта мектебіне жеткізді.
Кешке қарай Осакаров-Киевка трассасындағы қар тұтқынында 23 жеңіл автокөлік және 54 адам қалды.
Шет ауданында өрт сөндірушілер 70 адамды құтқарды. Зардап шеккендердің көліктерін Ақсу-Аюлы ауылына дейін шығарып салды. 
Есіл-Петропавл трассасында нашар ауа райы 13 жолаушы отырған үш автокөлікке жол жапты. Автокөліктерді трассада қалдыруға мәжбүр болды, ал адамдарды өрт сөндірушілер жақын тұрған Ұлытау ауылына жеткізді.
Сонымен қатар автокөлік құралдарының жолаушылары Абай, Бұқар-Жырау, Шет, Нұра аудандарында құтқарылған.
Шахан ауылында жолда қар борап, №127 сапар автобусы қозғалсын тоқтатты.  Пришахтинске қарай жолда 32 жеңіл автокөлік және екі автобус тоқтады. Михайловканың жеке меншік тұрғын аймақта «жедел көмек» автокөлігі өздігімен жолға шыға алмады. Сұрыптау – Көкпекті трассасында да құтқарушылардың көмегі керек болды.
Қарағанды – Павлодар трассасында Қушоқы ауылының қасындағы қарды тазалау үшін қар тазалайтын техника шықты. Күрделі ауа райы салдарынан қар тазалағыш жолдан шығып кетті. Нәтижесінде трассада жеңіл автокөліктер және екі автобус қозғалысын тоқтатты. Қар тұтқынында 40 адам қалды. Өрт автотехникасы көмегімен қар тазалайтын техниканы жолдың таза бөлігіне шығарып, жолаушыларды Қарағанды қаласының сапаржайына жеткізді.
Тәулік бойы өрт сөндірушілер кюветтерден көліктерді шығарды, көліктерге жолдарды салды, зардап шеккендерді шығарып салумен қатар, жылытты. Авариялық-құтқару жұмыстары тек 1 наурыздың таңғы 5 сағатта ғана аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизоны 2014 жылдың соңында АСАТЭЛ-20-100(43118) жаңа арнайы автомобильмен толықты. Автомобиль АСА-20, АСО-20, АГДЗС өрт сөндіру, судан құтқару автомобильдерінің функциясын орындайтын тартқыштан және көшіру лагерін тасымалдауға арналған тіркемеден тұрады.
vko2 vko2

АСАТЭЛ-20-100(43118) апаттар және төтенше жағдайлар туындаған кезде дала жағдайында (сонымен қатар қиын табиғи-климаттық жағдайларда) авариялық-құтқару және жөндеу іс-қимылдарында қолданылады және автономды түрде дала жағдайында 14 тәулікке дейін табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар орындарына жүргізушіні қосқанда 9 адам жауынгерлік есепті және арнайы жабдықтарды жеткізу; зардап шеккен 60 адамға дейін көшіру лагерін қанат жаюға; бірінші кезектегі авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауды қамтамасыз етуге; қайталама ТЖ көздерін (тұтану ошақтарын, газ- және суқұбыры желілеріндегі және т.б. ағысы) оқшаулау; ТЖ-да зардап шеккендерді іздеу, қоршаудан шығару және алғашқы медициналық көрсету, оларды көшіру; қолда бар жабдықтардың көмегімен түрлі құрылғыларды көтеру; гидро- және электр құрал-сайманын қолдана отырып темір құрылғыларды деформациялау, бұзу және ауыстыру; жұмыс жүргізу орындарына жарық түсіру; үйінділерді жартылай аршу; ТЖ, апат, дүлей апаттар салдарын жою кезінде байланысты және хабарландыруды қамтамасыз ету; ГТҚҚ буынының жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.