KOST ust dor 1 Өрт сөндіру машиналарының кедергісіз өтуіне назар аудару мақсатында «Жол бер» рейді өткізілді. Іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі болып қостанайлық жүргізушілердің жүргізу мәдениетін арттыру болып табылады. Олар ТЖ зардап шеккен адамдардың жағдайларын одан әрі қиындата түсіп жедел қызмет машиналарына жол беруге немқұрайлы қарайды.
KOST ust dor 2 Өрт сөндірушілер және патрульдік машиналар облыс орталығының, КСК және басқа да аудандардың көшелерімен жүріп өтті. Дыбыс сигналдарын жүргізушілердің қырағылықтарын байқау үшін әдейі қосып қойды. Барлық болып жатқандарды тілшілер фото және бейнекамераларға түсіріп отырды. Жол полициясының қызметкерлері түсіндіріп өткендей «жарқ-жұрқ еткен белгілері және арнайы сигналдары қосылған машиналардың жол үстінде емін-еркін жүруге құқы бар, яғни қажет болған жағдайда жол жүрісі ережесін бұзуға, бағдаршамның қызыл түсіне және қарама-қарсы жолаққа шығып кетуге болады. Алайда арнайы көлік жүргізушілері қозғалыстың қалған қатысушыларына қауіп төніп тұрмағандығына көз жеткізулері тиіс».
KOST ust dor 3 Қаладағы кейбір аулалардағы онсыз да тар жолдарға автомобильдерін қою мәселесі де әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Бұл аулаларға кіру үшін автомобильдер кішкентай миллиметрдің өзін бақылап, қалай да оқиға орнына жетуге асығады. Рейдте барлығы қаланың әрбір өрт сөндіру бөлімінен 3 машина және 3 жол полициясының патрулі қатысты.
KOST ust dor 4 «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Дмитрий Полончуктың сөзіне қарағанда: «Әрине, қазіргі уақытта бұл мәселе бар, бұл дегеніміз біздің жедел жұмысымызға кері әсерін тигізеді. Өткен жылы өрт сөндірушілер 50 адамды құтқарды, егер жүргізушілер жол үстінде өрт сөндіру машиналарына жол бергенде бұл адам саны бұдан да көп болатын еді, алайда олар көп жағдайда жол бермейді. 1 сағат бірлескен рейд барысында МАИ қызметкерлерімен 2 хаттама толтырылып, 5 ескерту жасалды, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. Бұдан әрі «Жол бер» рейдін тұрақты негізде өткізіп отыру жоспарланып отыр».
KOST ust dor 5 Өртке қарсы қызмет пультына дабыл сигналы келіп түскен сәттен бастап әрбір минут тіпті секунд қымбат болып саналады. Әрине, көп жағдайда барлығы да өртке қарсы қызметінің үйлесімді және шұғыл іс-қимылына, олардың тез ден қоюына және шақырту орнына жедел жетулеріне байланысты. Алайда жол үстінде жүргізушілердің сирена дауысын естімеген және жарқ-жұрқ еткен белгіні көрмеген қалып танытып «жарқылдайтын белгісі бар автомобильге» жол бермеу оқиғалары жиі кездесіп тұрады. Құтқарушыларға жол берудің қаншалықты маңызды екендігін жол үстіндегі жүргізушілер әр уақытта да есте ұстайды деп үміттенеміз.
 
Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
SP KOST 1 Кез-келген өрт қай уақытта да жаңа, болжап болмайтын жағдай, сондықтан да өрт сөндірушілерге ұдайы түрде потенциалды-қауіпті объектілердегі жануларды жою барысында өрт сөндіру жетекшісі мен жеке құрам арасындағы бірлескен іс-әрекет дағдыларын жетілдіріп отыру қажет.
SP KOST 2 Кезекті өрт-тактикалық жаттығуы жартылай жертөле бөлмесінде орналасқан №65 қоймада «Көтерме және бөлшектеп сату» ЖШС аумағында өтті. Объекті аумағының жалпы ауданы 10 га темірбетон қоршаумен қоршалғандығын және екі автомобильдік жол бар екендігін ескере кеткен жөн.
SP KOST 3 Жаттығудың мазмұны бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде қағаз және ағаш жәшіктердің жануы орын алған. Объектінің күзетшісі жанудың орын алғанын байқап қалып, өртке қарсы қызметіне хабарлаған. Бөлімшелердің алғашқысы болып Қостанай қ. 2-МӨСБ кезекші ауысымы жетті.
SP KOST 4 Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін отпен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып кәсіпорын жұмыскерлері күресті. Жану орнын оқшаулағаннан кейін өрт сөндірушілерге зардап шеккен адам туралы сигнал келіп түсті, ол жанып жатқан ғиараттан шығарылып, медицина және апаттар орталығына берілді.
SP KOST 5 Шартты өртті сөндіруге қажетті күш және құралдардың есебін жүргізу және келіп түскен ақпаратты жалпылау үшін өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Қоймалардың жануы көп жағдайда персонал жұмыста жоқ уақытта пайда болады да өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ұлғайып кетеді, осылайша жағдайды күрделендіре түсіп, өрт сөндірушілердің іс-қимылдарын қиындатады.
SP KOST 6 Жаттығуға «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы Жүсіпов Марат Серікұлы және «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Полончук Дмитрий Сергеевич қатысты. Жаттығуды әзерлеген КҚШБО бастығының орынбасары Тоқтекин Әділбек Қаженұлының сөзіне қарағанда: «Жаттығу барысында арнайы техниканың 8 бірлігі және жеке құрамнан 35 адам, медицина және апаттар орталығы (МАО) қатысты. Жеке құрамның үйлесімді іс-әрекетінің, дағдыларының арқасында шартты зардап шеккендер құтқарылып, өрт қысқа мерзімде ойдағыдай жойылды».
Өрт-тактикалық жаттығуына тартылған офицерлік құраммен жұмыста кеткен кемшіліктерді белгілеу және оң сәттерді ескеру үшін талдау жүргізілетін болады.
 
Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Kapbasov Кез-келгеніміз ескі-құсқы заттың өртенуін немесе отты сөндіре алуымыз мүмкін. Бірақ үлкен көлемді өрт жайында сөз қозғасақ, мұндай алапат от жағдайымен тек ержүрек мамандар ғана кездесе алады. Олардың атауы - өрт сөндірушілер. Кейде адамдарға – өзгелерді құтқару және қорғау атағы бейімделеді. Осындай адамдар ғана өртке қарсы қызметінде жұмыс істеп, әр күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет кездеседі. Сондай адамдардың бірі Рашид Тұрғынұлы Қапбасов. Өрт сөндіруші мамандығына апарар жолы ұзақ, бірақ қызықты болды.
Рашид Тұрғынұлының балалық және жастық шағы Тимирязев ауданының Дзержинское ауылында өтті. 1988 жылы Дзержинский орта мектебін аяқтағаннан кейін, өз ауылына жұмысшы болып қабылданады. 1989 жылдың мамыр айында Рашид Тұрғынұлы Совет Әскері қатарына алынып, Әскери-теңіз флотында біздің бұрынғы одағымыздың солтүстік шептерін қорғап, қызмет етеді. Рашид Тұрғынұлы әскерден оралғаннан кейін, қайтадан туған ауылына жұмыс істеуге барады.
1998 жылдың қазан айында Мамлютка ауданына қоныс аударып, сол ауданда жұмыс істейді. 2000 жылдың қазан айында өртке қарсы қызметіне жұмысқа қабылдау туралы өтініш білдіреді де, бірден жұмысқа қабылданады.
Өзінің еңбек жолын Рашид Тұрғынұлы өртке қарсы қызметкері ретінде бастаған. Басынан-ақ өзін жауапты және атқарушы қызметкер ретінде көрсете білді. Оның білім алып, қарауыл бастығы лауазымы деген офицерлік атағына ие болар жолында қаншама сөндірілген өрттер мен құтқарылған жандар аз емес. Жылдар өтіп, қайта ұйымдастыру жүргізу кезінде Рашид Тұрғынұлы Мамлютка ауданының №15-ші өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, онда ол 11 жылдан астам жұмыс жасап, 2016 жылдың желтоқсан айында Мамлютка ауданының №15-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұндай өрт сөндірушіден бөлім бастығына дейінгі ауыр, бірақ қажетті жұмыс жолынан өтуге, оған ерік-жігер мен кәсібилік, өз жұмысына деген адалдық көмек болды.
Бірақ, осы жетістіктерге жетуіне оның отбасы – жұбайы Сания мен екі ұлы едәуір үлес қосқан, олар оның қауіпті мамандығына қарамастан әрқашан қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарайды, себебі ол өмірінің көп бөлігін жұмысына арнайды. Өйткені, бөлім бастығының лауазымы Рашид Тұрғынұлына жеке құрам үшін және жалпы өрт сөндіру бөлімі қызметі үшін үлкен жауапкершілік. Рашид Тұрғынұлы қаншама рет кезекші қарауыл мен бірге санауға жетпес ұйқысыз түндерді бастан кешірді, өйткені аудандық жеке құрамының саны әдетте үлкен емес, өте жиі, дәлірек айтқанда әрдайым дерлік Рашид Тұрғынұлы өрт сөндіруге басшылық жасап қана қоймай, өртті сөндіруге де тікелей қатысады. Өз лауазымы мен атағына қарамастан, ол өрт сөндірушілермен және қарауыл басшылары мен бірлесе отырып өртке тойтарыс жасайды, өйткені оның жұмысы-оның мәртебесі!
 
Мамлютка қаласы 15-ӨСБ
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Макридин Михаил
Dialog SKO 2 Ағымды жылғы 17 қаңтар «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дмитрий Рябенко «Қазақстан -Петропавл» телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Бағдарламада қысқы кезеңде өрттердің алдын алудың өзекті мәселелері қозғалды, өрттің шығу салдарын және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылып, тұрғындарға өрттің көбіне неден шығатыны жөнінде сөз сөйледі.
Dialog SKO 1 Дмитрий Рябенко бағдарламада облыс аймақтарындағы жедел жағдай туралы және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің күнделікті оңай емес жұмысы туралы айтып өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының қабырғаларында ТЖД өкілдерін талай рет қонақ етіп, қарсы алған бағдарлама жүргізушісі Айгерім Хусайнованың сұрақтарына жауап бере отырып, болуы мүмкін төтенше жағдайларға, олардан сақтандыру мақсатында ҚР ІІМ ТЖК аймақтық органымен қабылданатын шараларға толық тоқталды. Әңгіме барысында халықтың жеке қауіпсіздігі мәселелері көтерілді, өрт болғанда және өзге де төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда әрекет жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Dialog SKO 3 Дмитрий Викторович ТЖ болған жағдайда хабарласу үшін, тәулік бойы қызмет көрсететін «101» және «112» телефоны туралы телекөрермендердің естеріне салды.
Қорытындылай келе, подполковник Дмитрий Рябенко солтүстік қазақстандықтар жылдың осы аса қауіпті қысқы мерзімде сақ болуларын, өздерінің және туыстарының қамын ойлап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын сұрады. Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы өзінің сөзін былайша аяқтады: «ТЖ болған жағдайда біз әрқашан да көмекке келеміз, құтқарамыз және қорғаймыз».
 
Аман Әуесханов
«СҚО ТЖ Департаментінің
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі» ММ мемлекетік тіл және ақпарат тобының
баспасөз хатшысы
itogi D4S 6 2016 жылғы 28 желтоқсан «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің акт залында жеке құраммен Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен қорытынды кеңес өтті.
itogi D4S 1 Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дмитрий Рябенко қызмет жұмысының қорытындылары туралы баяндады. Ол 2016 жылдың 12 айында облыс аумағында 680 өрт болғанын, соның салдарынан 103 млн.теңгеден астам сомаға залал келгенін атап өтті. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттердің саны 9% азайды. Өртте 34 адам қаза тапты, 44 адам құтқарылды және 1056 адам эвакуацияланды.
itogi D4S 2 ММ бөлімшелері 293 рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, олардың көбі қарлы борандарда және күртік қарларда жүргізілді. Осындай авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде 74 адам құтқарылды, 188 адам эвакуацияланды. ТЖ зонасынан 56 бірлік техника эвакуацияланды.
itogi D4S 3 Бөлімшелер су тасқынының салдарын жою үшін 96 рет шықты, нәтижесінде 360 мың м3 астам еріген су тартып шығарылды.
Сонымен қатар кеңесте баяндамаларымен «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аудандық бөлімшелері, басқарма мен топ бастықтары сөз сөйледі.
Қорытындыларды шығара келе, Нұрлан Бауыржанұлы түрлі ТЖ өрт сөндіру қызметінің жұмысына, Солтүстік Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерліктерін және қайсарлықтарына өте жоғары баға берді. Полковник Атығаев Н.Б. дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін, нақтырақ айтқанда өрттен-құтқару спорты, көптеген спорттық іс-шараларда ведомствоның абыройын қорғаған спортшыларды даярлағаны үшін өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Николай Белоусовқа «75 лет Федерации пожарно-спасательного спорта России» медалін табыс етті. Құрмет наградасы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи зілзалалардың салдарын жою істері жөніндегі Ресей Федерациясы Министрі Владимир Пучковтың атынан табысталды.
itogi D4S 4 Николай Александрович бірнеше жыл бойы өңірдің өрттен-құтқару спортын дамытуға баға жетпес үлесін қосып жүр. Ол Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жүйесінде 20 жылдам астам уақыт ішінде республикалық жарыстарға ойдағыдай қатысып, облыстың намысын абыроймен қорғап жүрген Сергей Просветов және өзге де қызметкерлер секілді спорт кандидаттары мен шеберлерінің ерен жүйріктерін тәрбиеледі және дайындады. Николай Белоусов төрешілер алқасының қазысы ретінде 2014 жылы Алматыда өткен өрттен-құтқару спорты бойынша Х әлем чемпионатына қатысты. Қазіргі кезде оның оқушылары республикалық және халықаралық спорт аренасында Департаменттің атынан қатысып, облысымыздың азаматтық қорғау қызметінің атағын арттыруда.
itogi D4S 5 Николай Белоусов жақын шетелдік азаматтық қорғау органдарының ықыласына алғысын білдіріп, бұдан әрі де елінің игілігіне қызмет атқаратынын, ал кәсіпқойлығы, күші мен білімі мемлекетті төтенше жағдайлардан қорғау ісінде үнемі керек болатынын айтты.
 
Амангелді Әуесханов
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз-хатшысы