2016 жылдың 25 шілдесінде «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік өрт сөндірушісі» байқауы өткізілді.
Бұл байқаудың мақсаты жауынгерлік дайындығын және өрт сөндіру бөлімдер, теориялық білімді жетілдіру, өрт сөндірушілердің тәжірибелік дағдыларын және мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.
Байқау екі кезеңде өтті. Өрт сөндіру саласындағы өрт сөндірушілер арасында бірінші. Байқаудың бірінші кезеңін бөлімше басшылары өздерінің бөлімдерінде өткізді. Байқаудың екінші кезеңі «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бірінші кезеңінің жеңімпаздары арасында өтті. Ең үздік өрт сөндірушілер  жаттығу мұнарасының 4 қабатына штурм сатысымен жүгіріп көтерілді, уақытқа жауынгерлік киім киді, құтқару арқанын ғимараттың құрылысына бекітті, турникте тартылды, 60 м., 100 м. және  1000 м. дистанцияға жүгірді.
Іс-шараның бағдарламасы өрт сөндіру-құтқару және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, өрт сөндіру желісі бойынша нормативтік-құқықтық актілерін білуге тест өткізілді және арнайы тактикалық оқу бағдарламасы тәртібі қаралды.
Байқау жеңімпазы Ақжар ауданы Талшық ауылы №8-ӨСБ өрт сөндірушісі Райымбек Малғаждаров болды. Ол «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік өрт сөндірушісі» құрметті атағына ие болды. Жамбыл ауданы Пресновка ауылы №11-ӨСБ өрт сөндірушісі Гафур Ізтөлин екінші орын алды. Мамлют ауданы Мамлютка қаласының өрт сөндірушісі Яхин Мансур және Петропавл қаласының 5-ӨСБ өрт сөндірушісі Жималеев Тасболат үшінші орын алды. Жеңімпаздар «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығың алғыс хаттармен және кубокпен марапатталды.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Ағымдағы жылдың өткен аптасында «101» пультіне үрейлі дауыспен қоңырау соғылды. Азаматтық қорғау бөлімшесі оқиға орнына жылдам жетті. «Психоневрология ауруларына арналған Петропавл интернат –үйі» КММ ғимаратындағы шартты төтенше жағдай сырт көзге шынайы болып көрінді.
Міне осылай Петропавл қ., Кизатов көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан психоневрологиялық ауруға шалдыққан адамдарға арналған интернат-үйінде облыс орталығы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жаттығу өткізді. Бәрі де шындыққа ұласып тұрды: өрт сөндіру техникасы және азаматтық қорғау қызметкерлері, тіпті өрт ошағы да болды.
Оқу-жаттығудың қойылған тактикалық ой-мақсатына сәйкес бірінші қабаттағы әкімшілік кабинетте электржелісінде қысқа тұйықталудан өрттің шықты.  Электр желісі және полимер жабындарының бойымен өрт ғимаратқа жайылып, оттың одан әрі тарау қаупі төнді.
Өрт командасы мен интернат-үйі жұмыскерлерінің үйлесімді, келісілген әрекеттерінің арқасында өрт ошағы тез ауыздықталып, ал өрт жарты сағатқа жеткізілмей толығымен сөндірілді. Жаттығу барысында 310 қамқорлыққа алған адам, 90 қызмет көрсетуші персонал эвакуацияланды.
Жаттығу аяқталған соң бірден оқу-жаттығудың өткізілуін сырттай қарап, бағалап тұрған өрт сөндіру басшылары туындаған шартты төтенше жағдайды жою барысына егжей-тегжейлі талдау жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша жаттығуға қатысқан мамандар мен қызметкерлер өздерінің жоғары кәсіби, білікті әрекеттерін көрсетіп қойылған тапсырманы сәтті орындады.
Бұл іс-шараға 9 бірлік өрт сөндіру техникасы және жеке құрамның 42 адамы қатысты.
Жаттығу аяқталғаннан кейін акт залында ТЖ маманы мекеме қызметкерлеріне эвакуациялау әдістері және бастапқы өрт сөндiру құралдарын қолдану ережелері бойынша бейнесабақ көрсетті.  
ptu_petr_1 ptu_petr_1 ptu_petr_1
ptu_petr_1 ptu_petr_1 ptu_petr_1
ptu_petr_1 ptu_petr_1 ptu_petr_1
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Алдын алу шараларының жүйесінде өрттердің алдын алуға басты назар аударылады. Осы тапсырманы орындауға ең алдымен өртке қарсы қызметпен үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Төтенше жағдайлардың алдын алу тәсілдерінің бірі көрнекі құралдарды әзірлеу және тарату болып табылады.
Петропавл қаласында облыс орталығының адамдар көптеп болатын аудандарында «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесімен қауіпсіздік ережелерін және ТЖ алдын алуға, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетің беделін арттыруға бағытталған үш билборд орнатылды. Енді облыс орталығының тұрғындары мен Петропавл қаласының қонақтары өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамаудың салдарын өз көздерімен көре алады, оларға қосымша ретінде Қазақстанның көршілес облыстарындағы, сондай-ақ көрші Ресей Федерациясындағы өрттердің санын мысал ретінде алуға болады. Бір екі күн бұрын орнатылған баннер адамдарға біреудің қолымен ұқыпсыз тасталған сөндірілмеген темекінің немесе оттың алдында табиғаттың қорғансыз екеніне,  экологияға, экономикаға және сайып келгенде, адамдарға қаншалықты үлкен зиян келетініне ой салатындығы анық.   
Алайда, егер оқыс оқиға бола қалған жағдайда, өрт сөндіруші-құтқарушылар «жасыл досын» қорғауға әрқашан дер кезінде келеді. Банерде ашық қызыл фонда өрт пайда болған жағдайда қоңырау шалуға 112 және 101 телефон нөмірлері жазылған. Бұл телефондарға қоңырау сирек шалынатынына үміттенгіміз келеді және бұл көбінесе өзімізге байланысты екенін естеріңізге саламыз.
 
«СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ  
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Дүние жүзілік балаларды қорғау күні – бұл балалардың да, үлкендердің де ең сүйікті мерекесі. Бұл күні барлық балалар ата-аналарымен парктерге барады, қыдырады, онда оларды көптеген ойын-сауықтар күтіп тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар кішкентайынан ата-анасынан айырылып қалады. Дегенмен, мереке күнін барлығы көңілді атап өткізгісі келеді, сондықтан 1 маусым Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне де мереке ұйымдастырылды.
Өрт сөндіру қызметі 20 жылдан астам ата-анасыз қалған балаларға көмек көрсетуде. Оларға әр мереке сайын үлкен назар аударуға, көңілдерін аулауға, бақыт сыйлауға тырысамыз. Өрт сөндірушілер осы жылы да қалыптасқан дәстүр бойынша балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын дайындады.
Қандай мереке тәтті үстелсіз өтеді? Әрине ешқандай. Соныдықтан қызметкерлер ең алдымен мектеп-интернатқа келді және той иелеріне тәттілерге толы дастархан жайды. Балалар шай ішті және құттықтауларды қабылдады.
Кейін біздің орталық алаңға бардық, онда облыстың барлық балалары көңіл көтерді, шаттанды. Шарлармен безендірілген алаң ертегіге жетелегендей әсер етті, онда балалармен бірге үлкендер де жақсы әсер алды: көңілді әндер айтылды, аниматорлар балалармен ойнады.
Өрт сөндіру қызметінің қамқорлығындағы № 9 отбасында 10-11 жасар 9 бала бар. Қыздар мен ұлдар арқан тартуға белсенді қатысты, би биледі және шарлардан жасалған бейнелермен суретке түсті. Сондай-ақ балаларды қызықты, тосын қонақ күтіп тұрды. Олар Полимен және Эмбермен танысты, бұлар «Робокары» мультфилімінен балалардың ең сүйікті кейіпкерлері.
Балалар таза ауада серуендеді, уақыттарын көңілді өткізді және спортты жақсы көретіндерін көрсеткілері келді. Ашық аспан астындағы спорт алаңында тренажерлармен жұмыс істеді, қуана жүгіріп, ойнады.
Балаларды серуендеп болған соң, СҚО Ішкі істер департаментінің мұражайына алып бардық. Олар көптеген экспонаттарға толы мұражайдан мол әсер алды. Ұлдар пистолеттер мен қаруларды қызыға қараса, қыздар медальдар мен қызметтік киімдерді тамашалады. Тәжірибесі мол экскурсия жетекшісі Любовь Осинская балаларға қызметтің құрылуы, 1700 жылдардан бастап қызметтік киімнің қандай өзгерістерге ұшарағаны жайлы айтып берді. Балалар бар ықыластарымен оның әр сөзін тыңдап отырды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімені, біздің жас егеменді мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерін ерекше ықыласпен тыңдады.
Сонымен қатар Любовь Андреевна балаларға көшеде, бөтен адамдар кәмпиттер берсе немесе өздерімен бірге баруға шақырса, өздерін қалай ұстау керектігін айтты.
«Барлық мамандық маңызды, барлық мамандық қажет» - деп түсінеді балалар. Мысалы, Лëша ұшқыш, Сережа – бағдарламашы, ал Снежана – киім дизайнері болғысы келеді. Балалардың көзінде өз мақсаттарына жету ұшқыны бар. Әр баланың болашағы жарқын және сенімді болуы керек. Сондықтан біздер барша балаларға қол ұшымызды беруіміз қажет!
«СҚО ТЖД Өрт сөндiру және авариялық-құтқаружұмыстары қызметi»
ММ Мемлекеттiк тiл және ақпарат тобы,
СҚМУ студенті Валерия Султанова
D4S Kost Қостанай қаласының №2 арнайы өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру-құтқарушының ұлы Нүрбаев Диас 11 ақпанында өзінің он алтыншы туған күнін тойлайды. Оның әкесі 2005 жылдың 17 желтоқсанында Октябрьский кентінде ағаш өндіру цехінің өртенуін жою барысында қаза тапқан.
Осы күні Диасты «Қостанай облысы ТЖД ҚСжАҚҚ» ММ қызметкерлері кадр қызметінің бастығы Идрис Такенов және Қостанай қаласының ӨСБ-2 бастығының орынбасары Тұрсынбай Болтаев құттықтауға келді.
Туған күніне оған мықты денсаулық, махаббат, мектепті озат бітіруіне тілектесті, Идрис Такенов сыйлық тарту етіп, Қостанай облысының ардагерлер кеңесінінен құттықтау сөзін айтып өтті.
Салтанатты дастархан үстінде Диас өз мақсаттармен бөлісті, оның айтуынша, мектепті бітіргеннен соң ол Көкшетау техникалық институтына түсуге бел буды, әкесі сияқты өрт сөндіруші боламын деп армандайды. Диастың анасы Гүлнар барлық құттықтаушыларға рахметін білдіріп, «Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚҚ» ММ қызметкерлеріне оның отбасына көрсеткен құрмет пен ықылас үшін игілік білдірген.
 
Қостанай қаласының ӨСБ-2 бастығының орынбасары Тұрсынбай Болтаев