01 Rjstanai 1 Қостанай қ. №2 лицей мектебінің 8 «А» және 7 Л оқушылары Қостанай қ. №1 өрт сөндіру бөлімін аралады. Балаларға өрт сөндіру машинасының жабдықталуын және оның техникалық сипаттамасы жайлы айтып берді. Барлығы да өрт сөндіру машинасында отырып, жабдықты қолдарымен ұстап, дәстүр бойынша өрт сөндірушілердің каскаларын киіп көрді.

2013 жылдың 23 тамызы күні мемлекеттік мереке – Конституция күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде мини-футболдан ведомстволық жарыстар өтті.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің ұжымдары арасында спорт шараларының өткізілуі дәстүрге қалыптасты деп айтуға болады. Өрт сөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық матчтарда ұжым абыройын қорғау керек. Бұл, асырмай айтқанда, өртке қарсы қызметі жауынгерінің борышы да болып келеді.
    Мини-фудбол турнирынан Петропавл қаласының мамандандырылған жасағының офицерлер құрамы жеңімпаз атанды.
    Жарысқа қатысушылар құнды сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

Аман Әуесханов СҚО ТЖД «ӨС ж/е АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметінің баспа-хатшысы

DSC_1777

Өткен аптаның 24 тамызында Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында спорт саласындағы қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған Денсаулық күнін атап өтті. Іс – шараны салтанатты түрде Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Фархат Қуанғанов ашты. Ол әр солтүстік қазақстандықтың спортпен айналысуға мүмкіндігі бар екендігіне назар аударды, қатысушыларға мықты денсаулық, бейбітшілік пен сәттілік, жоғары жетістіктерге және жеңіске жетулеріне тілек білдірді.
Әр жастағы топтардан құралған мемлекеттік қызметшілер, Петропавл қаласының әр түрлі мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері сайысқа түсті.  Ұйымдастырушылар мереке бағдарламасына 4х60 қол жалғау, 60,100 метрлік қысқа қашықтыққа жүгіру, Президенттік миляға жүгіру және  ұзындыққа секіру бойынша жазғы президенттік көпсайысты қосты.
Жарыста жеңіл атлетика бойынша 100 метрге жүгіруде Николай Белоусов ең үздік нәтиже көрсетіп, СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ камандасының қоржынын бірінші алтын медальмен толықтырды, 1500 метрге жүгіруде екінші нәтижені спортшы Петропавл қ. 4-ӨСБ өрт сөндірушісі Жанат Дәулеткереев көрсетті. Қыздар арасында 60 метрге жүгіруде екінші орынды 3-МӨСБ радиотелефонисті Юлия Придворная жеңіп алды; 60 метрге жүгіруде және ұзындыққа секіруде екі күміс медальді каманда қоржынына КҚЖБО диспетчері Екатерина Белоусова әкелді. Мекемеміздің қоржынын күміс және қола медальдармен толықтырған біздің спартакиядаға қатысушы қызметкерлеріміз Бахыт Кәрімовты, Марат Мұратовты, Елена Ремигайлоны, Райхан Нұтпаеваны айтпай кетуге болмайды. Жарыс қорытындысы бойынша өртке қарсы қызмет өкілдері 18 медальді иеленді: 1 алтын, 15 күміс және 2 қола. Жиналған балдар сомасы  бойынша жалпы командалық I орынды СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ,  екінші орынды – экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің командасы, үшінші орынды – салық департаменті иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежелеріне қарай медальдармен және дипломдармен марапатталды.


СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Баспасөз қызметі

12-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екі жыл бойы оң бастама қалыптасты, 12-өрт сөндіру бөлімінің басшылығының бастамасымен СҚО ТЖД ТЖ бөлімімен бірлесе отырып М.Жұмабаев ауданы Булаев қ. тұрғындары арасында спорт құмарлық пайда болды. 5 команда қатысқан № 4 орта мектептің стадионында өрт сөндіру-құтқару спортына қарауға келген жанкүйерлер жиналды. Олар: «Булаев элеваторы» ЖШС, «Возвышенка элеваторы» ЖШС, «Қарақоға ЖНВ», «Чистовское» ЖШС, «Булаев мемлекеттік орман мекемесі». Халық үшін бұл спорт түрі ерекше болды, спорт түрінің қиындықтарына қарамастан олар жүлделі орындарға ие болды.  Жарыс бастамашылары жеңімпаздарды дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттап, белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.
Өрт сөндіру-құтқару спорты эстафетасын Возвышенка селосын қорғау бойынша 12-өрт сөндіру постына табыстады.

 

sko2 sko3 sko4
     


СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі

2014 жылдың 28 тамызы күні мемлекеттік мереке – Конституция күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде волейболдан ведомстволық жарыс  өтті.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің ұжымдары арасында спорт шараларының өткізілуі дәстүрге қалыптасты деп айтуға болады. Өрт сөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық турнирда ұжым абыройын қорғау керек. Бұл, асырмай айтқанда, өртке қарсы қызметі жауынгерінің борышы да болып келеді.
Волейбол турниры бойынша  Мағжан Жұмабаев ауданының 12-ӨСБ жеңімпаз атанды.
Жарысқа қатысушылар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

   

Аман Әуесханов
    СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
    баспасөз қызметінің баспа-хатшысы