Qostanai Nauryz 1 Наурыз мейрамы қарсанында Қостанай № 2 арнайы өрт сөндіру бөлімінде арқан тарту, дартс және гирь спорты бойынша қызметкерлер арасында сайыстар өтті. Олар жылдан жылға тұрақты түрде өткізіледі.
Сайыстардың барлық сатылары қатысушылардың күшін, шыдамдылығын және өткірлігін және әр қатысушы жеңіске деген үлкен ынтасын таныды.
Qostanai Nauryz 7 Сайыстардың ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Бекетовтың айтуынша: «Өрт сөндірушілердің дене пішінін күту олардың жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Осындай іс-шаралар спортты денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын,дене шынықтыруға тиімділігін арттыру.Іс-шараның негізгі мақсаты- дене шынықтыруға баулу Мәдениетін сақтай отырып, біз қоғам болып, оның дамуына ықпал етіп, сондықтан осындай іс-шара ол рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, насихаттау және көбейту ықпал етеді. Осындай көңілді және лайықты ойын көрсеткендеріңізге рахмет, барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз».
Qostanai Nauryz 3 Жарыстың қорытындысы бойынша:
1-ші жалпы командалық орынға ӨБ № 10 Қостанай ауданы, Зотобол кенті ие болды.
2-ші жалпы командалық орынға ӨСҚ-2 Қостанай қаласы ие болды.
3-ші жалпы командалық орынға ҚБ-1 Рудный қаласы ие болды.
Жеңімпаз кубоктары және құттықтау хаттарын ММ «Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысының орынбасары азаматтық қорғаныс полковнигі Полончук Д.С. тапсырды.
 
«Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-
құтқару жұмыстары қызметі» ММ пресс-қызметі
ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамының Қостанай облыстық филиалы «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығына және ММ барлық ұжымына «Жақыныңа көмектес» жыл сайынғы акциясына белсенді қатысқандары үшін өз алғыстарын білдірді.
Жыл сайын филиалға мыңдаған адам көмек көрсету туралы өтініш білдіреді. Қоғам жұмыскерлері сырқаттанғандарға, жалғыз қалған қарттарға, әр түрлі жағдайларға байланысты көз жазып қалған туған-туыстарын іздегендерге олармен байланыс орнату арқылы көмек қолын созады.
Қызыл Жарты Ай Қоғамы қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарды киіммен, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Ал жетім қалған балаларға арнайы бағдарлама шеңберінде материалдық көмек көрсетіледі. Қоғам алғашқы көмек көрсетумен кәсіби тұрғыда айналысады.
Бюджет мүшелік жарна және демеушілердің есебінен қалыптасады. Қазіргі уақытта Қостанай қаласында Қызыл Жарты Ай эмблемасы бар бес қайырымдылық қорабы есептеледі.
Өзінің алғыс хатында ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамының Қостанай облыстық филиалының директоры Раиса Савченко барлық көмек қолын созған асыл жандарға мықты денсаулық, еңбекте жетістік, гүлдену мен қаржылай тұрақтылықты тілейді.
 
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз-қызметі
Kost GU SP 1 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті халқына жыл сайынғы Жолдауында Осы жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасынрың үшінші жаңғыру үшін басты мақсаттарын белгіледі.
Президенттің осы Жолдауын толық зерттеу және мәлімет үшін жеткізу үшін Әулиекөл гарнизонының жеке құрамға «Қостанай облысының ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары басшылық еткен кездесу өткізілген.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» өз Жолдауында Елбасы келесіні белгіледі: «Мемлекетте сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендеу бойынша елеулі қадамдар жасадық. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық зардаптарымен күресуге негізгі мақсат қойылған. Жемқорлықтың себептерін ашу және жою бойынша жұмысты күшейту қажет».
Kost GU SP 2 Жолдауды талқылау барысында ММ бастығының орынбасары, қазақстандықтарды алаңдататын басты 5-бағыты туралы айтып кеткен. «Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруды қамтамасыз ету үшін бізге елдің бәскелестігін арттыратын экономикалық өсу моделін құру қажет. Елбасының пікірінше, біз біздің күшті жақтарын дамыту және 25 жыл барысында жиналған потенциалын жоғалтпа болып табылады».
Kost GU SP 3 2017 жылынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі аталды. Осы жылы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Еліміз ТМД және Орталық Азия елдерінен бірінші болып осындай әлемдік масштабьтағы іс-шараны өткізеді. Алматы қаласыда Универсиада-2017 шегінде маңызды спорт жарыстары өтті, осы шараға 57 мемлекеттен 2 000 аса спортсмендер және делегациялар мүшелері қатысты. Осының барлығы Қазақстанның дұрыс саясаттық жолының және жоғары маңыздылығының нәтижесі болып табылады. Әлемдегі жағдай күрт өзгереді. Бұл жаңа жаһандық шындық, біз осыны қабылдауымыз қажет».
«Экономиканың жалпы цифровизациясы толық салалардың жойылуына және принципиалды жаңа салалардың пайда болуына апарады. Көзіміздің алдында жасалып жатқан ұлы өзгерістер – бұл бірігей тарихи сын-тегеруін және ұлт үшін мүмкіндік». Бүгінгі біздің міндетіміз – Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асырун қамтамасыз ету. Мемлекеттік бәскелестігін қамтамасыз ететін экономикалық өсу моделін құру қажет. Қазіргі уақытта көптеген елдер осындай мақсатты шешуге бел буды. Жаңа моделіне ауысу жолдары барлық жерде басқаша болатынына мен сенемін. Біз, Қазақстанның Бірінші жаңғыруын есте сақтаймыз. ҚСРО қираған орындарында біз ғасырдың жартысында өз жолымызды бастадық. Сол кезде біздің ұрпағымыз әлем картасында жоқ елді, басынан бастап жаңа мемлекетті құрдық».
Kost GU SP 4 25-жылдың жолымыз еліміз үлкен белестерді бағындырды. Елбасы келесі 25-жылдықта өте жоғары белестер күтетініне кәміл сенеді. Біздің жалпы мақсатымыз – Қазақстанды ұрпақ үшін одан әрі гүлденген елге айналдыру болып табылады.
Кездесу барысында қатысушылар Президенттің Жолдауына үлкен қызығушылық білдірді. Өз сөз сөлеуінде Ерболт Агдавлетов Қазақстан Рнспубликасының халқына Президенттің Жолдауы - ол –елдік одан әрі негізгі бағыттар анықталған, басты мақсаттар қойылған, Қазақстанның жаңа даму белестеріне нақты қадамдар жасау үшін құралған нақты бағдарламалық құжат.
Жоғары тәртіп, өз қызметтік және кәсіптік міндеттерді орындау, әр қызметкер өз құтқару жұмысын жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою - осы Президенттің Жолдауындағы басты ойы, Қазақстанның гүлденуіне елеулі үлесі болатыны анық.
 
 
«Қостанай облысының ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары
полковнигі Ерболат Агдавлетов
VoleiboL Kost 1 Өртті кез-келген адам сөндіре алмайды. От дегеніміз ойда жоқта пайда болатын апат, ол өзін ауыздықтаушыдан жоғары моральды дайындықты, батырлық күшті, шапшаң әрекетті, ептілік пен икемділікті талап етеді. Өрттен-құтқару спорты бойынша жаттықтырушылар нақ осы қасиеттерді өз шәкірттерінің бойынша сіңіреді. Бұл спорттың барлық элементтері шынайы өмірден алынған. Бұл спортта жеңіл атлеттің жылдамдығы, штангисттың күші және гимнасттың икемділігі үйлесім тапқан. VoleiboL Kost 2 Өрт сөндіруші кедергіні неғұрлым тез басып өтсе соғұрлым өртті ойдағыдай сөндіреді, сатыдан неғұрлым тез көтерілсе соғұрлым төтенше жағдайларды тез жоя алады. Ал рух күші мен өзін-өзі меңгеру құтқарушыға отпен қауіпті күрес кезінде ойының нақты болуына және іс-әрекетінің нық болуына көмектеседі. Күні кеше ғана өрттен-құтқару спортында тек қана ерлер жарысатын, ал қазіргі таңда нәзік жандар да оларға еш дес бермей, кедергілер жолағын еш қиындықсыз өтіп жүр. Алматова Галия және Бугатаева Диана жүгіріс жолында бір-біріне қарсылас болып келеді, ал өмірде бірін-бірі ертеден білетін ажыраспас құрбылар, және екеуі де өрттен-құтқару спортын таңдап алған.
VoleiboL Kost 3 Барлығының қалай басталғандығы туралы Галияның айтқаны: «Барлығы да спортқа деген қарапайым қызығушылықтан басталды, өйткені мен кішкене кезімнен жеңіл атлетикамен айналыстым. Өртке қарсы қызметінде жұмыс істей жүріп бір күні маған шабуыл сатысына көтерілу туралы ұсыныс жасалды, мен өте толқыдым және оның өте қиын екенін де білдім, алайда маған бұл спорт түрі өте ұнап қалды, өйткені бұнда икемділік, жылдамдық және мықтылық сияқты қасиеттерді адам бойында шыңдай түседі». Оның құрбысы Дианада барлығы басқаша болды: «өрттен-құтқару спортына мені көршім Руслан Сарсембаев шақырды, мен байқап көруді шештім және бұл спортқа мен бел шеше барлық жан-тәніммен еніп кеттім, өйткені бұл жерде тек қарап қана қоймай онымен айналысу да керек».
VoleiboL Kost 4 Олар үшін әрбір жарыс жолы үлкен бір толқыныс үстінде өтеді, өйткені оның артында үлкен жауапкершілік бар. Алайда олар әрбір мәреге шыққан сайын толқыныс жоғалып кетеді де оларда үлкен жауапкершілік пайда болады. 2015 жылы Өскемен қаласында өткен ӨҚС бойынша жазғы чемпионатта Қостанай облысының командасы 10 команданың ішінде жалпы есепте төртінші орынды иеленді – бұл дегеніміз үлкен ілгерілеу. Бұл команда үшін үлкен жетістік және жақсы көрсеткіш. Бұдан әрі олар жеңіске жету үшін барлық күш-жігерлерін аямай сарп етері сөзсіз.
VoleiboL Kost 5 Жарыс бағдарламасы төрт түрден тұрады: 1) шабуыл сатысы арқылы жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу, 2)кедергілері бар 100 метрлік жолақты басып өту, 3)өрт эстафетасы, ол 100 метр бойынша төрт кезеңнен тұрады. Команданың әр спортшысы эстафеталық жүгірісте тек қана бір кезеңді жүгіріп өтуге хақы бар. Эстафетаның таяқшасы болып өрт сөндіру оқпаны жұмсалады. Команданың соңғы спортшысы оқпанмен мәре сызығын кесіп өтуі тиіс,4) жауынгерлік қанат жайылдыру. Спортшыларды дайындау оқу мұнарасы және 100 метрлік жолағы бар өрт сөндіру бөлімінде өтеді сондай-ақ стадионда эстафета және жауынгерлік қанат жайылдыру пысықталады.
VoleiboL Kost 6 Қыздар ӨҚҚ бойынша ерлер командасының намысын ғана қорғап қоймай болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жүрген Алмат Ерубаевтың жетекшілік етуімен жаттығу жасап жүр. - «Диана мен Галия өте талантты және ынталы қыздар, қазіргі уақытта біз үстіміздегі жылдың 29 мамыры мен 2 маусымы аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Федерациясы Кубогына дайындалып жатырмыз. Бізді алда көптеген жарыстар күтіп тұр. Қазіргі уақытта Қазақстаннан басқа ең мықты елдер болып Ресей, Беларусь, Украина және Чехия саналады. Алайда өрттен-құтқару спорты күннен-күнге өркендеп жатқанын айта кеткен жөн. Ол әзірге жалпы әлемдік болып саналмайды. Барлық күш-жігерімізді саламыз, және тек қана жеңіске ұмтыламыз! Бізде оған деген барлық мүмкіндіктер бар».
VoleiboL Kost 7 Өрт-қолданбалы спортымен 10-11 жастан бастап айналысуға болады, алдағы өмірде дағдылар өз кәсібін таңдауға қажет болып, болашақ құтқарушы болуға өз көмегін тигізеді. Дайындықтың бастапқы кезеңінде бұдан әрі спортшыға қажетті қасиеттерді дамыту үшін жалпы физикалық дайындық керек.
Өрт-қолданбалы спортымен айналысуды жаңа ғана бастаған спортшыға айтылар кеңес «Ешқашан берілмеу, жеңіске деген күш-жігерге ие болу, шыдамдылық және табандылық. Әрине алғашында қиын, алайда бой үйретіп алғаннан кейін сенің ол спортқа деген құштарлығың арта түседі, үздік және мықты бола түскің келеді, және өз-өзіңе деген сенімділік, мақтаныш сезімі бой алдырады. Ең бастысы ешқашан жалқаулыққа жол бермеу!»
VoleiboL Kost 8 Қостанай облысының ӨҚС бойынша қыздар құрама комадасының үздіктері өздерін өрттен-құтқару спортында шыңдап көргісі келетін барлық қыздарды өздерінің тату командасына шақырады және дағдыларды меңгеру барысында барлық жағынан да көмек көрсететіндіктерін жеткізеді.
Қыздардың алдағы уақыттағы жоспары жаттығу, жаттығу және тағы да жаттығу, біз сіздерден жоғары жетістіктер мен жеңіс қана күтеміз құрметті спортшылар!
 
 
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз-қызметі
Сыбайлас жемқорлықпен күнделікті жүргізіліп жатқан күреске қарамастан қазіргі қоғамда пара алу қылмыстың ең кең таралған түрі болып табылады. Онымен күресу үшін мемлекет оны жоюдың неғұрлым жаңа және тиімді тәсілдерін енгізіп жатыр.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ақпараттандыру үшін Өрт сөндіру қызметінің мәжіліс залында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету мәтінінде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар. Мінез-құлықтың әдеп стандарттары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Сыбайлас жемқорлық қоғамның негізін бұзады және азаматтардың құқығын кемсітеді». Заңды қорғауға шақыртылған тұлға жасаған кезде пара алу тіптен қауіпті. Мысалы Қытайда өткен жылы пара алғандары үшін 10 мың шенеунік өлім жазасына кесілді, Иран елінде де ұрлық үшін кінәліге заң бойынша қолын шауып тастау жазасы кесіледі. Ал біздің елде пара алу оның сомасынан 50 есе көлемінде айыппұлмен немесе түрмеде отырумен жазаға тартылады» - деп атап өтті Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Жакупова Гульмира.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің бас маманы Сармулдинов Ермек қатысушыларды ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен белгіленген нормаларды сақтауға баса назар аударуға шақырды. «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру керектігін ұмытпау керек».
Көрнекілік үлгі ретінде соңғы уақытта Қостанай облысында орын алған шынайы оқиғалардың негізінде түсірілген ең ірі және шулы істердің заң бұзушылық салдары бейнеленген деректі фильм ұсынылды. Түрмеде отырып өз істеген істеріне өкінген шенеуніктер, ақша жымқырудың небір құйтырқы түрлері, қылмыскерлерді ұстау сәтінен бейнежазба және фильмде бұдан да басқа толып жатқан көріністер көрсетілді.
Аталмыш кездесу азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту ісінде пәрменді болып қала береді деген үміттеміз.
 
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз-қызметі