15 ogon 1 26 қаңтарда Манаш Қозыбаев атындағы студенттiк қалашығының басты алаңында салтанатты түрде отты алау жағылды. Осылайша Петропавлда Универсиада-2017 Эстафета отынына бастау берiлдi. Эстафета отынынң жалпы маршруты 12 км. құрады. Спортшылар мен отандық спортқа үлес қосқан белгiлi адамдардың қатарынан 60 алау ұстаушы облыс орталығының көшелерiнде Универсиада алауын тасыды.

16 zozh 1 Адам денсаулығын жақсартуға себепші болатын салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, сонымен қатар темекі тарту мен маскүнемдіктің алдын алу мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ акт залында, Петропавл қ. өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен семинар-кеңес ұйымдастырды.

17 petr 1 Балалар мен үлкендердің қауіпсіздігі қоғамымыздың басымдықты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан өрт сөндіруші маманы – маңызды мамандардың бірі. Балалар мен жас өспірімдер клубтарының мұғалімдері мен ұйымдастырушыларына өз тәрбиеленушілеріне осы кәсіптің барлық ерліктері мен қиыншылықтарын көрсетуге мүмкіншілік тапты.

19 Спорт Костанай 1 Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Қостанай қаласының құқық қорғау органдары арасында мини-футболдан бірінші орынды иеленді. Жарыс Қазақстан Республикасының ҰҚК құрылғанына 25-жыл толуына орайластырып өткізілді.
19 Спорт Костанай 2 Ойындар А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ спорт кешенінде жеті команданың қатысуымен өтті. Команда қатысушылары ойын басталған сәттен бастап айқын әрі тактикалық және сауатты ойын көрсетті.
19 Спорт Костанай 3 Ойын барысында алаңда әр команда өз аймағын құлшына қорғап, бір-біріне шынайы шабуыл жасады, олардың қақпаға бағыттаған соққылары қауіпті сәттер туындатты. Жанкүйерлер де өз командаларын жан аямай қолдады. Алаңда нағыз бәсекелестік орнады. Көрермендердің де жанкүйерлердің де көңіл-күйлерінен және эмоцияларынан ойынның өте қызықты өтіп жатқаны көрініп тұрды.
19 Спорт Костанай 4 Ойынның барлық кезеңдері де тартымды өтті, бұл ойыннан алған әсер жарыс қатысушыларына ұзақ уақыт серпіліс берері анық.
Өрт сөндіру қызметінің командасының құрамында болғандар: Қостанай қаласы № 1 ӨСБ қарауыл бастығы Т.Ж. Бижанов, №2 МӨСБ жүргізуші-қызметкері Г.Т. Набиев, Қостанай қ. №3 ӨСБ өрт сөндірушісі Т.К. Амантаев, Жітіқара қ. №5 ӨСБ жүргізуші-қызметкері И.Д. Богурян, Қостанай ауданы №10 ӨСБ өрт сөндірушісі А.Н. Дуйсенбаев, Қарабалық ауданы №11 ӨСБ өрт сөндірушісі Д.А. Жунусов, Ұзынкөл ауданы №12 ӨСБ жүргізуші-қызметкері В.Н. Завирюх, ММ байланыс аға шебері А.Ю. Фендюра.
19 Спорт Костанай 5 Жарыс қорытындысы бойынша «ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ командасы Кубокпен және Қостанай облысы ҰҚК Департаментінің бастығы Ж. Кадырбековтың грамотасымен наградталды.
Қалған командалар грамоталармен және кубоктармен наградталды.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз-қызметі
25 pozh kost 1 Федоров ауданында «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті» Мемлекеттік мекемесінің және Челябі облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының жедел топтарының командалық-штабтық жаттығуы аяқталды. Жаттығу тақырыбы: «Ірі көлемді орман және дала өрттерімен байланысты трансшекаралық төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу бойынша жедел топтардың жұмысы және өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру».