20 Школа «Қостанай облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қайтадан қосылды. Биылғы жылы бұл акция «Балаларға көмектесу – менің тандауым!» ұранымен өткізіліп жатыр. Акцияның басты мақсаты – жаңа оқу жылының қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мектепке баратын балалар, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын-алу. Биыл қызметкерлер №5 Орта мектебінің оқушысы Евгений Бекбусиновты мектепке дайындады. 13-жасар балаға мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтары сатып алынды. ММ қызметкерлері барлық қажеттіні оның анасымен Зухра Бекбусиновамен бірге таңдады. Анасында тағы 3 қызы бар. Қалай тартса да, шағын отбасылық бюджет барлық балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте біздің көмегіміз дәл келді. Зухра ұлымен «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы Марат Жүсіповке және өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне көңіл бөлгендері үшін зор алғысын білдірді.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі