22 Zharmagambetov 1 Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және өз мансабында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Жармағамбетов Талғат Смидұлы азаматтық қорғау полковнигі атағына ие болды. Сонымен қатар 2017 ж. 14 маусым №161 ж/қ бұйрығымен «Ішкі істер органдарының Ардагері» медалімен марапатталған. Ол мінекей 25 жыл бойы құқық қорғау органдарына қызмет етіп келеді. Өз жұмысын сүю және оған адал болу деп осыны айтуға болады. Талғаттың шыққан тегі Шығыс-Қазақстан облысы, дәлірек айтқанда, Өскемен қаласы. 1971 жылы 9 мамырда дүниеге келген.
22 Zharmagambetov 2 Өрт сөндіру қызметі қызметкерінің өмірі өте бай және үлгілі. Мектептік, студенттік және ер жетіп, еңсе көтергендегі ересек өмір. Талғат 1978-1979 ж. Өскемен қаласының №4 орта мектебінде, кейін 1979-1986 жж. аралығында Қостанай қаласының №20 орта мектебінде оқыған. Мектепті бітіріп, Қостанай автокөлік техникумына автомобиль көлігінің технигы мамандығына оқуға түсті. Бірақ ол онымен тоқтап қалмай, білім алуды одан әрі жалғастыра берді. Осылайша 2003 жылы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ инженер-механик мамандығына сырттай оқып, сондай-ақ ҚР ТЖМ КТИ өрт қауіпсіздігі инженері мамандығына сырттай оқуға түсті. Техникумды аяқтаған соң, сол жылы ПАТО ОПС Қостанай автобазасында слесарь болып жұмыс істей бастады. Ал 1990 ж. мамыр айында Қостанай МСК СА КСРО қатарына шақырылды және 1990-1992 ж. аралығында жүргізуші ретінде 15553 ә/б нақты әскери қызметін өтті, әскери атағы қатардағы жауынгер. 1992 жылдан осы күнге дейін «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жұмыс істейді. Өзін әр-түрлі лауазымдарда сынап көргді және қандай да бір кедергілер мен қиындықтарға қарамастан, ол өз міндеттерін сеніммен атқарады. Және қазіргі уақытта «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби дайындық Мектебінің бастығы болып табылады.
22 Zharmagambetov 3 Бірақ тарихы осымен аяқталмайды, себебі қызметтің қызметкерінде жұмыстан басқа өзінің жеке өмірі де бар, әрі ол өте қызықты. Талғат Жармағамбетов өз жұбайына дәл осы қызметте кездестірді және бүгінгі күнге дейін олар қай қиындық болмасын, қол ұстасып жүріп жеңуде. Олар 1997 жылы танысты, ал 1998 ж. үйлену тойын өткізді. Жұбайы Жармағамбетова Жанат Көпжасарқызы 1973 ж. т. қазіргі уақытта «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ тылдық қамтамасыз ету тобының инспекторы болып жұмыс істейді. Өте жауапты және еңбекқор адам. Бақытты жұпта 2 ұл бар. Тұнғыштары, 17 жасар Сұлтан. Мәуленов атындағы мектепте оқыған, қазір Қостанай экономикалық колледжінің 2 курс студенті болып табылады. Ал кішісі, 13 жасар Нұржан. Қостанай қаласының №1 мектебінің 7-сынып оқушысы.
«Менің есімде, менің бірінші бастығым ішкі қызмет майоры Голубятников Виктор Алексеевич болатын. Ол бөлім бастығы болды. Содан кейін Ресейге кетіп, сол жерде көтеріліп, облыстық басқармасының бастығы болып кетті.
1990-1992 жылдары Краснодар өлкесіндегі әскери-әуе күштерінің әскерінде қызмет еттім. Өрт сөндіру қызметіне әрине мақсатты түрде келдім. Мұнда менің балалық шақтағы досым да өрт сөндіруші болып жұмыс істеді. Ол, өз кезегінде барлығын маған түсіндірді және біз бірге бір бөлімде жұмыс істедік. Әлі есімде, маған бірінші тілекті ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Корнеевич Киселев берген.
Құтқару қызметінің қызметкері міндетті түрде ержүрек және төзімді, жақсы дене пішінінде болуы тиіс, сондай-ақ теориялық білімдері мен практикалық отпен күресу дағдыларын білулері керек. Өйткені, өрт-сөндіруші тек қана мамандық емес, бұл өте қауіпті де қатерлі жұмыс. Әр апат болған жағдайға шыққанда қызметкер өз денсаулығын тіпті өмірін тәуекелге байлайды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілеркүн сайын ерлік жасайтын, бірақ оны өздері бағаламайтын жандар. Ал ерлікті бағалай білу керек»,- деп азаматтық қорғау полковнигі Талғат Смидұлы атап өтті.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі