Принтерге шығару
19 Спорт Костанай 1 Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Қостанай қаласының құқық қорғау органдары арасында мини-футболдан бірінші орынды иеленді. Жарыс Қазақстан Республикасының ҰҚК құрылғанына 25-жыл толуына орайластырып өткізілді.
19 Спорт Костанай 2 Ойындар А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ спорт кешенінде жеті команданың қатысуымен өтті. Команда қатысушылары ойын басталған сәттен бастап айқын әрі тактикалық және сауатты ойын көрсетті.
19 Спорт Костанай 3 Ойын барысында алаңда әр команда өз аймағын құлшына қорғап, бір-біріне шынайы шабуыл жасады, олардың қақпаға бағыттаған соққылары қауіпті сәттер туындатты. Жанкүйерлер де өз командаларын жан аямай қолдады. Алаңда нағыз бәсекелестік орнады. Көрермендердің де жанкүйерлердің де көңіл-күйлерінен және эмоцияларынан ойынның өте қызықты өтіп жатқаны көрініп тұрды.
19 Спорт Костанай 4 Ойынның барлық кезеңдері де тартымды өтті, бұл ойыннан алған әсер жарыс қатысушыларына ұзақ уақыт серпіліс берері анық.
Өрт сөндіру қызметінің командасының құрамында болғандар: Қостанай қаласы № 1 ӨСБ қарауыл бастығы Т.Ж. Бижанов, №2 МӨСБ жүргізуші-қызметкері Г.Т. Набиев, Қостанай қ. №3 ӨСБ өрт сөндірушісі Т.К. Амантаев, Жітіқара қ. №5 ӨСБ жүргізуші-қызметкері И.Д. Богурян, Қостанай ауданы №10 ӨСБ өрт сөндірушісі А.Н. Дуйсенбаев, Қарабалық ауданы №11 ӨСБ өрт сөндірушісі Д.А. Жунусов, Ұзынкөл ауданы №12 ӨСБ жүргізуші-қызметкері В.Н. Завирюх, ММ байланыс аға шебері А.Ю. Фендюра.
19 Спорт Костанай 5 Жарыс қорытындысы бойынша «ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ командасы Кубокпен және Қостанай облысы ҰҚК Департаментінің бастығы Ж. Кадырбековтың грамотасымен наградталды.
Қалған командалар грамоталармен және кубоктармен наградталды.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз-қызметі