Принтерге шығару
25 pozh kost 1 Федоров ауданында «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті» Мемлекеттік мекемесінің және Челябі облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының жедел топтарының командалық-штабтық жаттығуы аяқталды. Жаттығу тақырыбы: «Ірі көлемді орман және дала өрттерімен байланысты трансшекаралық төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу бойынша жедел топтардың жұмысы және өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру».
25 pozh kost 2 Жаттығудың басты міндеті бірлескен іс-қимылдарды пысықтау және трансшекаралық ТЖ туралы ақпарат беру бойынша жедел кезекші қызметтердің практикалық дағдыларын жетілдіру болды.
Аңыз бойынша үстіміздегі жылдың 16 мен 17 аралығында Федоров ауданы Кенерал а. ауданында құрғақ найзағайдың соққысынан бірнеше от ошақтары пайда болған. Өрттер тез таралып, өрби түсті, соның нәтижесінде өрт аймағында шартты елді мекен пайда болды. Соның салдарынан өрттің көршілес Ресей Федерациясы Челябі облысының аумағына таралу қаупі туды. Орман алабындағы өртті сөндіруге бірінші болып Қостанай облысы Әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Усаковский орманшылығының қызметкерлері кірісіп кетті. Ары қарай өрттерді сөндіруге күш және құралдарды өсіру барысында іргелес ЖШС, шаруа қожалығы, Жыланды және Кенерал а. халқы, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Адамдардың өмірін және денсаулықтарын сақтап қалу мақсатында Федоров ауданының Әкімдігі шартты елді мекеннен халықты көшіруді ұйымдастырды. Тонаушылықты болдырмау үшін полиция қызметкерлерімен қоршау жасалды. Жану орнында өздігінен оқиға орнынан шыға алмайтын зардап шеккен адамның болуы жағдайды одан сайын күрделендіре түсті, алайда Апаттар және медицина орталығының жедел іс-қимылдарының арқасында ол эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндірудің барлық кезеңдерінде өртті сөндірумен, адамдарды құтқарумен және т.б. айналысқан негізгі күштер және құралдар болып «Қостанай облысы ТЖД
25 pozh kost 3 ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамы болып табылды. Ресей және қазақстан өрт сөндірушілерінің бірлескен әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзімде оқшауланды және жойылды.
Жаттығуға қатысқандар: «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ, Челябі облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы басқармасының жедел тобы, Челябі облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы басқармасының жылжымалы пункті, АМО және жергілікті атқарушы органдар. Қатыстырылған техниканың жалпы саны: техниканың 20 бірлігін және жеке құрамның 95 адамын құрады.
25 pozh kost 4 Барлық қызметтердің іс-қимылдарына Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник В.Э. Шиллер жетекшілік етті – «Бірлескен командалық-штабтық жаттығулар жыл сайын өткізіледі, және олар өте маңызды, өйткені әрқайсысы жедел жағдайларға дайын болып, өз іс-қимылдарын пысықтаулары, әрі шын мәнінде дабыл болған жағдайда еш дүрбелеңсіз іс-қимыл жасаулары тиіс».
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді, ал қызметтердің іс-қимылдары «жақсы» деп бағаланды.
25 pozh kost 3 25 pozh kost 3 25 pozh kost 3
25 pozh kost 3 25 pozh kost 3 25 pozh kost 3
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз-қызметі