25 konkurs kost 1 Өрт сөндіру қызметінде және мекеме аралық бөлімшелері қызметкерлердің балалары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған өлең байқауы өткізілген.
Байқауда 7-12 жас аралығындағы 8 бала қатысты. Қазылар төресіне поэзия, проза туындалыр ұсынылған. Қазы алқасы құрамында азаматтық қорғау полковнигі «Қостанай облысы ТЖД ӨСҚ және АҚЖ» ММ бастығы Марат Жусупов,Қостанай облысы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Виктор Киселев және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы Маусымбаев Жаркен болды.
25 konkurs kost 2 Жұмыстарды орындау, таңдау кезінде мәнерлеп оқу, сахналық мәдениеті ескере отырылды. Қазылар алқасы мүшелеріне жас дарындар арасында ең үздіктілерін таңдауға қиынға соқты. Дегенмен сарапшылар шкешімі бойынша, балалар арасында бірінші орынды Жансұлтан Айжан, екінші орынды Мухамбеткали Aйзере,ал үшінші орынды Қазыбай Қазбек иеленді.
Барлық жеңімпаздары үшін жүлделі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы