14 KTI ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі» , «Төтенше жағдайлардағы қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің топтық тактиасы» мамандықтары бойынша оқытуға талапкерлерді шақырады. Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 136. Профильдік пәндер: математика және физика. Оқу мерзімі: 4 жыл.
Түсі талаптары: күндізгі оқыту формасы бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, әскери қызметке және оқуға денсаулығы жағдайы бойынша жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары оқытылады.
Азаматтарды күндізгі оқытуға қабылдау төрт саты бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші сатысында қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерін зерттейді және ҰБТ нәтижелері бойынша саралауды жүргізеді.
Екінші сатысында оқуға түсуге денсаулығының жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау үшін медициналық, психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша саралау жүргізіледі.
Үшінші сатысында талапкерлер бекітілген нормативтеріне сәйкес дене тәрбиесінің дайындығы бойынша сынақ тапсырады.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және Институтқа осындай фактіні растайтын құжаттарды тапсырған талапкерлер дене тәрбиесі дайындығы бойынша сынақты тапсырудан босатылады.
Төртінші сатысында қабылдау комиссиясы курсанттар санына енгізуді жүргізеді. Институтқа қабылдау ҰБТ нәтижелері бойынша, медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.
Институтта оқыту жағдайлары
Курсанттарды оқыту республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу мерзіміне тегін киім-кешекпен, тамақтанумен және келесі мөлшердегі стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Бірінші, екінші және үшінші курстағы курсанттар казармалық ережеде болады, төртінші курстағы оқитындар – Көкшетау қаласында өз бетінше тұруда.
Институтта күндізгі оқытудың толық курсын аяқтаған тұлғалар үшін, яғни, 4 жылдық оқуды тәмәмдағандар үшін оқу мерзімі шұғыл әскери қызметті өтуімен теңестіріледі.
 
Келесі телефон арқылы жүгіңуге болады: Қостанай қаласы,
Гоголь көшесі, 79 «А», 53-27-30, 53-42-47 (118).