16 Slet 1 Бүгін Өскемен қаласында өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлерінің және олардың тәлімгерлерінің жиыны өтті.
Мемлекеттік билік өкілі деген – мақтаныш, алайда бұл оңай жұмыс емес. Жас жігіт ішкі істер органдарының формасын киген кезден-ақ, автоматты түрде, Қазақстан Республикасы халқы мүддесінің қорғаушысы болады. Атына кір келтірмес үшін, әрбір жас өрт сөндіруші тәлімгерлерден білім алады. Тәжірибелі қызметкерлер ғана біздің еліміздің болашақ тірегін өсіріп-тәрбиелеуге лайық. Өрт сөндіру қызметінде тәлімгерлердің қызметі ерекше қадағаланады. Бұл жай ғана жұмыс емес, бұл маңызды міндет және үлкен жауапкершілік болып табылады. Тәлімгерлердің жұмысынан жас қызметкердің таңдаған кәсібін қалай қабылдайтындығы және де келешекте оның қандай маман болып шығатындығына байланысты.
16 Slet 2 Жас қызметкерлердің жұмысы «жұмыс шеберлерінің» күнделікті назарында. Олардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары, жұмысы және бос уақыты тексеріледі. Демалыс күндерінде де ішкі істер органдарының қызметкері мемлекеттік қызметшінің әдептілік кодексінің нормаларын сақтауы қажет. «ӨСжАҚЖҚ» ММ-да жыл сайын жас қызметкерлердің және олардың тәлімгерлерінің жиыны өтеді. Өз істерінің шеберлері жас қызметкерлерімен бірге атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Бұдан кейін құзырлы комиссия ең үздік тандемді таңдайды.
16 Slet 3 Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Гафур Ақаев айтқандай – «Өрт сөндіру бөлімінің ұжымы, бұл жай ғана команда емес, бұл кәдімгі бір отбасы». Олар күн сайын өз өмірлерін тәуекел етіп, бірін біріне тіреу болады. Олардың жұмысы тәуекелмен байланысты, сондықтан кедергілер мен апаттарды жұмыла жеңу үшін, біздің мақсатымыз, біріккен, ұйымшыл ұжымды құру.
Барлығы жиынға сегіз өрт сөндіру бөлімдері қатысты, және ең үздік тандем, № 1 ӨСБ өрт сөндірушілері болды. Енді олар Тараз қаласында өтетін Жас қызметкерлердің және олардың тәлімгерлерінің Республикалық жиынына қатысып, біздің облысымыздың намысын қорғайтын болады.
 
«ӨСжАҚЖҚ» ММ