19 Drobyshev 1 Біздің кездесуіміздің себепкері қызықты тағдыр мен ержүрек кәсіптердің иесі Дробышев Александр: сүңгуірші-моряк, өртке қарсы қызметінің ардагері, спортшы, ақын. Оның өмірінде көптеген қызықты да сан алуан оқиғалар болды, алайда тағдыр тарту еткен қиындықтар мен кедергілерге қарамастан ол өзіне, өз ісіне қалтқысыз адал болып қала берді және ештеңеге қарамастан тек қана алға ұмтылуда. Александр Владимировичтің тек қана ақын емес ақын-спортшы екендігін де айта кеткен жөн, күрес үстіндегі нағыз тартысты сөзбен жеткізе алатындығы мүмкін сондықтан болар. Әр түрлі уақытта оның өлеңдері көптеген жалпы кеңестік газеттер мен журналдарда басылып шығып жатты - «Красная звезда», «Советский воин», «Пожарное дело». Солардың көмегімен автор өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ауыр еңбегі, олардың батырлығы мен жасаған ерліктері туралы айтып өтеді. Ол осы қатал жандардың арасында қара түнек ішінен жарық та сәулелі нұрды көре алатын қабілеті бар сыршыл жандардың да көп екендігін дәлелдейді. Өлең және проза жазады. Оның қаламы өрт ісіне ертеден қызмет етіп келе жатыр десе де болады. Ол өрт сөндіруші-құтқарушыларға түсінікті және жандарына жақын көптеген шығармалар жазған жан. Қостанай облысы өртке қарсы қызметінің ардагері Александр Дробышевтың өлеңдері Қостанай қаласында пайда болған республикалық ақындар жинағына кірді. Еліміздің әр облысынан жиналған жүзден аса авторлар, оның ішінде Қостанай облысының атынан бір ақын ұсынылған. Орыс және қазақ тіліндегі 150-ден аса шығармалар. Бұл ҚР ТЖ тарихындағы басылып шыққан бірінші кітап екендігін айта кеткен жөн. Спорттың әр түрі бойынша Халықаралық және Республикалық турнирлар осы кісінің өлеңдерімен ашылды.
19 Drobyshev 2 Қазіргі уақытта Александр Дробышев зейнеткерлікте және дәрігерлер қойған қант диабеті диагнозына қарамастан ол бар қайратын жинап бір де бір секундын жоғалтпай белсенді түрде жаттығу жасауды жалғастыруда. Жақын арада денсаулығы бірқалыпқа келгеннен кейін ол ресми жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Оның гір спорты бойынша бірінші разряд нормативін 50 жаста орындағаны таң қалдырмай қоймайды.
19 Drobyshev 3 Оның қызметі әскери училищеден басталған, онда Александр солдат өмірінің ащысы мен тұщысын көруге жедел қызметтен бір ақ түскен – «Мені Краснознамённый Северный Флотқа шақырды, матрос бушлатын киген маған тағдыр тамаша тарту жасады: ол кәсіби сүңгуір болып алыс теңіз сапарларына шығу еді. Екі жылғы оқу көзді ашып жұмғанша өте шықты. Жұмыс жасайтын флотқа келгенде екі техникалық дипломы бар маған бірден трюм командасының старшинасы лауазымын ұсынды. Тәжірибелік дағдыларымның жетіспеушілігін мен өзімнің қайсарлығыммен толықтырып отырдым: күн демей түн демей су асты қайығының бортында болдым, айлақта тұрған сәтте барлық трюмдар мен цистерналарды аралап, қай-қайсын да көзбен көріп, қолмен ұстап шықтым; трюм ісінің қыр-сырын білдім!». Бір жылдан соң алыс сапарға барып келгеннен кейін Александр екінші сыныпты маман болып шыға келді. Екі жылдан соң үш автономды сапардан кейін ол әскер ісінің шебері болды.
19 Drobyshev 4 «Менің күнім таңғысын ерте тұрудан басталады, жұбайым жұмысқа жиналады, қызым мектепке барады, содан кейін мен дәрілерімді қабылдап, таңғы ас ішіп болған соң тынығамын, алайда түскі асқа дейін гір көтеру керектігін де ұмытпаймын. Диванға жатамын да гір көтеруге кірісемін, жатып көтеруімнің себебі сырқатыма байланысты ауыр заттарды тұрып көтеруге болмайтындықтан. 16 кг гірді күн сайын жартыдан 6 тоннаға дейін көтеру менің күнделікті мақсатыма айналды. Қазіргі таңда менің 60 жасым үшін халықаралық ережелер бойынша жарыс гірі дәл осы 16 килограмм. Күнделікті жаттығу жасау өте маңызды екенін білген дұрыс, өйткені мен өзімнің денемді әрдайым бірқалыпта ұстап, одан әрі шынықтыра түсемін ғой, тағы да бір жәйт ол гір спортының басқа спорт түрлеріне қарағанда ең аз жарақат салатын түрі» деп айтып өтті спортшы-ақын. Спортшы үшін ең басты қасиеттердің бірі ол мақсатқа ұмтылу және жарысқа деген ынтаның болуы, жай ғана денені сымбатты етіп оны спорттық қалыпқа келтіру аздық етеді, адамда жаңа белестер мен жеңістерге жетелейтін ол жарыс рухы. Оның шыдамдылығы мен батылдығына көптеген кәсіби спортшылар қызығушылықпен қарай алады, ал болашақ ұрпаққа одан үйренер іс көп деп айтуға болады.
19 Drobyshev 5 Александр Дробышевтың пәтерінде өте жайлы, жағымды аһуал және ерекше көзге түсетіні медальдардың көптеген коллекциясы, оның бірінші және ең құнды тобы өз пәтерінде, екінші тобы анасында және үшінші тобы достарында, туыс-туғандарында. Александрдың өзі өте отан сүйгіш десек те болады, өзінің жеткен жетістіктерімен және алған асуларымен асып-тасып мақтанбай жай ғана әңгімелеп берді. «1978 жылдан бастап мен өз өлеңдерімді КСРО Қарулы Күштерінің жалпы кеңестік «Красная звезда» газетіне және «Советский войн» журналына жібере бастадым. Бір жылдан кейін алыс сапардан оралған ол екінші сыныпты маман атанды. «Екі жылдан кейін, үш автономды сапардан соң мен әскер ісінің шебері атандым! Міне осы жерде менің ойда жоқта өрт сөндіруіме тура келді: шынжырланып бекітілдік, сәлден кейін көршілес су асты қайығында жағадан қор көзінің кабелі жанып жатқандығы белгілі болды. Мен қателеспей өртті дер кезінде сөндірдім. Мені өрт сөндіру ісі арбап алғандай болды, сол сәттен бастап өртті күнде сөндіргім келетіндігін түсіндім. Флотта өрт қауіпсіздігінің талаптары қатаң сақталады. Ақыр соңында мен өрт сөндіруші болу үшін флоттан кеттім!». Оның қызмет туралы және шығармашылық жолы туралы әңгімелерін тыңдап отырып оның көздеріндегі соншалықты мықты және сәулелі қуат атқан жалынды оттарды байқамау мүмкін емес еді.
19 Drobyshev 6 Оның өмір жолы көптеген қиындықтар, кейде тіпті сәтсіз реніштерден өтті. Оның бұндай қиындықтарды жеңудегі құпиясы ешқашан мойымай, тек қана алға адым басу еді. Оның жұбайы адал жарына ал қызы Дарья сүйікті әкесіне қай уақытта да тірек бола білді. Қазіргі уақытта Александрдың бар күш-жігері тек қана спортқа жұмылдырылған, ол дәрігерлердің оған ресми жарыстарға қашан қатысуға рұқсат ететіндіктерін тағатсыздана күтіп жүр. Сөз соңында осы бір алапат қайсар рух иесіне тез арада сауығып кетуін тілеп, болашақ жарыстарда тек қана жеңіс тілегіміз келеді!
 
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметі» ММ баспасөз-қызметі