Ағымдағы жылдың өткен аптасында «101» пультіне үрейлі дауыспен қоңырау соғылды. Азаматтық қорғау бөлімшесі оқиға орнына жылдам жетті. «Психоневрология ауруларына арналған Петропавл интернат –үйі» КММ ғимаратындағы шартты төтенше жағдай сырт көзге шынайы болып көрінді.
Міне осылай Петропавл қ., Кизатов көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан психоневрологиялық ауруға шалдыққан адамдарға арналған интернат-үйінде облыс орталығы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жаттығу өткізді. Бәрі де шындыққа ұласып тұрды: өрт сөндіру техникасы және азаматтық қорғау қызметкерлері, тіпті өрт ошағы да болды.
Оқу-жаттығудың қойылған тактикалық ой-мақсатына сәйкес бірінші қабаттағы әкімшілік кабинетте электржелісінде қысқа тұйықталудан өрттің шықты.  Электр желісі және полимер жабындарының бойымен өрт ғимаратқа жайылып, оттың одан әрі тарау қаупі төнді.
Өрт командасы мен интернат-үйі жұмыскерлерінің үйлесімді, келісілген әрекеттерінің арқасында өрт ошағы тез ауыздықталып, ал өрт жарты сағатқа жеткізілмей толығымен сөндірілді. Жаттығу барысында 310 қамқорлыққа алған адам, 90 қызмет көрсетуші персонал эвакуацияланды.
Жаттығу аяқталған соң бірден оқу-жаттығудың өткізілуін сырттай қарап, бағалап тұрған өрт сөндіру басшылары туындаған шартты төтенше жағдайды жою барысына егжей-тегжейлі талдау жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша жаттығуға қатысқан мамандар мен қызметкерлер өздерінің жоғары кәсіби, білікті әрекеттерін көрсетіп қойылған тапсырманы сәтті орындады.
Бұл іс-шараға 9 бірлік өрт сөндіру техникасы және жеке құрамның 42 адамы қатысты.
Жаттығу аяқталғаннан кейін акт залында ТЖ маманы мекеме қызметкерлеріне эвакуациялау әдістері және бастапқы өрт сөндiру құралдарын қолдану ережелері бойынша бейнесабақ көрсетті.  
ptu_petr_1 ptu_petr_1 ptu_petr_1
ptu_petr_1 ptu_petr_1 ptu_petr_1
ptu_petr_1 ptu_petr_1 ptu_petr_1
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы