Алдын алу шараларының жүйесінде өрттердің алдын алуға басты назар аударылады. Осы тапсырманы орындауға ең алдымен өртке қарсы қызметпен үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Төтенше жағдайлардың алдын алу тәсілдерінің бірі көрнекі құралдарды әзірлеу және тарату болып табылады.
Петропавл қаласында облыс орталығының адамдар көптеп болатын аудандарында «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесімен қауіпсіздік ережелерін және ТЖ алдын алуға, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетің беделін арттыруға бағытталған үш билборд орнатылды. Енді облыс орталығының тұрғындары мен Петропавл қаласының қонақтары өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамаудың салдарын өз көздерімен көре алады, оларға қосымша ретінде Қазақстанның көршілес облыстарындағы, сондай-ақ көрші Ресей Федерациясындағы өрттердің санын мысал ретінде алуға болады. Бір екі күн бұрын орнатылған баннер адамдарға біреудің қолымен ұқыпсыз тасталған сөндірілмеген темекінің немесе оттың алдында табиғаттың қорғансыз екеніне,  экологияға, экономикаға және сайып келгенде, адамдарға қаншалықты үлкен зиян келетініне ой салатындығы анық.   
Алайда, егер оқыс оқиға бола қалған жағдайда, өрт сөндіруші-құтқарушылар «жасыл досын» қорғауға әрқашан дер кезінде келеді. Банерде ашық қызыл фонда өрт пайда болған жағдайда қоңырау шалуға 112 және 101 телефон нөмірлері жазылған. Бұл телефондарға қоңырау сирек шалынатынына үміттенгіміз келеді және бұл көбінесе өзімізге байланысты екенін естеріңізге саламыз.
 
«СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ  
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы