Дүние жүзілік балаларды қорғау күні – бұл балалардың да, үлкендердің де ең сүйікті мерекесі. Бұл күні барлық балалар ата-аналарымен парктерге барады, қыдырады, онда оларды көптеген ойын-сауықтар күтіп тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар кішкентайынан ата-анасынан айырылып қалады. Дегенмен, мереке күнін барлығы көңілді атап өткізгісі келеді, сондықтан 1 маусым Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне де мереке ұйымдастырылды.
Өрт сөндіру қызметі 20 жылдан астам ата-анасыз қалған балаларға көмек көрсетуде. Оларға әр мереке сайын үлкен назар аударуға, көңілдерін аулауға, бақыт сыйлауға тырысамыз. Өрт сөндірушілер осы жылы да қалыптасқан дәстүр бойынша балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын дайындады.
Қандай мереке тәтті үстелсіз өтеді? Әрине ешқандай. Соныдықтан қызметкерлер ең алдымен мектеп-интернатқа келді және той иелеріне тәттілерге толы дастархан жайды. Балалар шай ішті және құттықтауларды қабылдады.
Кейін біздің орталық алаңға бардық, онда облыстың барлық балалары көңіл көтерді, шаттанды. Шарлармен безендірілген алаң ертегіге жетелегендей әсер етті, онда балалармен бірге үлкендер де жақсы әсер алды: көңілді әндер айтылды, аниматорлар балалармен ойнады.
Өрт сөндіру қызметінің қамқорлығындағы № 9 отбасында 10-11 жасар 9 бала бар. Қыздар мен ұлдар арқан тартуға белсенді қатысты, би биледі және шарлардан жасалған бейнелермен суретке түсті. Сондай-ақ балаларды қызықты, тосын қонақ күтіп тұрды. Олар Полимен және Эмбермен танысты, бұлар «Робокары» мультфилімінен балалардың ең сүйікті кейіпкерлері.
Балалар таза ауада серуендеді, уақыттарын көңілді өткізді және спортты жақсы көретіндерін көрсеткілері келді. Ашық аспан астындағы спорт алаңында тренажерлармен жұмыс істеді, қуана жүгіріп, ойнады.
Балаларды серуендеп болған соң, СҚО Ішкі істер департаментінің мұражайына алып бардық. Олар көптеген экспонаттарға толы мұражайдан мол әсер алды. Ұлдар пистолеттер мен қаруларды қызыға қараса, қыздар медальдар мен қызметтік киімдерді тамашалады. Тәжірибесі мол экскурсия жетекшісі Любовь Осинская балаларға қызметтің құрылуы, 1700 жылдардан бастап қызметтік киімнің қандай өзгерістерге ұшарағаны жайлы айтып берді. Балалар бар ықыластарымен оның әр сөзін тыңдап отырды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімені, біздің жас егеменді мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерін ерекше ықыласпен тыңдады.
Сонымен қатар Любовь Андреевна балаларға көшеде, бөтен адамдар кәмпиттер берсе немесе өздерімен бірге баруға шақырса, өздерін қалай ұстау керектігін айтты.
«Барлық мамандық маңызды, барлық мамандық қажет» - деп түсінеді балалар. Мысалы, Лëша ұшқыш, Сережа – бағдарламашы, ал Снежана – киім дизайнері болғысы келеді. Балалардың көзінде өз мақсаттарына жету ұшқыны бар. Әр баланың болашағы жарқын және сенімді болуы керек. Сондықтан біздер барша балаларға қол ұшымызды беруіміз қажет!
«СҚО ТЖД Өрт сөндiру және авариялық-құтқаружұмыстары қызметi»
ММ Мемлекеттiк тiл және ақпарат тобы,
СҚМУ студенті Валерия Султанова