D4S Kost Қостанай қаласының №2 арнайы өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру-құтқарушының ұлы Нүрбаев Диас 11 ақпанында өзінің он алтыншы туған күнін тойлайды. Оның әкесі 2005 жылдың 17 желтоқсанында Октябрьский кентінде ағаш өндіру цехінің өртенуін жою барысында қаза тапқан.
Осы күні Диасты «Қостанай облысы ТЖД ҚСжАҚҚ» ММ қызметкерлері кадр қызметінің бастығы Идрис Такенов және Қостанай қаласының ӨСБ-2 бастығының орынбасары Тұрсынбай Болтаев құттықтауға келді.
Туған күніне оған мықты денсаулық, махаббат, мектепті озат бітіруіне тілектесті, Идрис Такенов сыйлық тарту етіп, Қостанай облысының ардагерлер кеңесінінен құттықтау сөзін айтып өтті.
Салтанатты дастархан үстінде Диас өз мақсаттармен бөлісті, оның айтуынша, мектепті бітіргеннен соң ол Көкшетау техникалық институтына түсуге бел буды, әкесі сияқты өрт сөндіруші боламын деп армандайды. Диастың анасы Гүлнар барлық құттықтаушыларға рахметін білдіріп, «Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚҚ» ММ қызметкерлеріне оның отбасына көрсеткен құрмет пен ықылас үшін игілік білдірген.
 
Қостанай қаласының ӨСБ-2 бастығының орынбасары Тұрсынбай Болтаев