KOST ust dor 1 Өрт сөндіру машиналарының кедергісіз өтуіне назар аудару мақсатында «Жол бер» рейді өткізілді. Іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі болып қостанайлық жүргізушілердің жүргізу мәдениетін арттыру болып табылады. Олар ТЖ зардап шеккен адамдардың жағдайларын одан әрі қиындата түсіп жедел қызмет машиналарына жол беруге немқұрайлы қарайды.
KOST ust dor 2 Өрт сөндірушілер және патрульдік машиналар облыс орталығының, КСК және басқа да аудандардың көшелерімен жүріп өтті. Дыбыс сигналдарын жүргізушілердің қырағылықтарын байқау үшін әдейі қосып қойды. Барлық болып жатқандарды тілшілер фото және бейнекамераларға түсіріп отырды. Жол полициясының қызметкерлері түсіндіріп өткендей «жарқ-жұрқ еткен белгілері және арнайы сигналдары қосылған машиналардың жол үстінде емін-еркін жүруге құқы бар, яғни қажет болған жағдайда жол жүрісі ережесін бұзуға, бағдаршамның қызыл түсіне және қарама-қарсы жолаққа шығып кетуге болады. Алайда арнайы көлік жүргізушілері қозғалыстың қалған қатысушыларына қауіп төніп тұрмағандығына көз жеткізулері тиіс».
KOST ust dor 3 Қаладағы кейбір аулалардағы онсыз да тар жолдарға автомобильдерін қою мәселесі де әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Бұл аулаларға кіру үшін автомобильдер кішкентай миллиметрдің өзін бақылап, қалай да оқиға орнына жетуге асығады. Рейдте барлығы қаланың әрбір өрт сөндіру бөлімінен 3 машина және 3 жол полициясының патрулі қатысты.
KOST ust dor 4 «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Дмитрий Полончуктың сөзіне қарағанда: «Әрине, қазіргі уақытта бұл мәселе бар, бұл дегеніміз біздің жедел жұмысымызға кері әсерін тигізеді. Өткен жылы өрт сөндірушілер 50 адамды құтқарды, егер жүргізушілер жол үстінде өрт сөндіру машиналарына жол бергенде бұл адам саны бұдан да көп болатын еді, алайда олар көп жағдайда жол бермейді. 1 сағат бірлескен рейд барысында МАИ қызметкерлерімен 2 хаттама толтырылып, 5 ескерту жасалды, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. Бұдан әрі «Жол бер» рейдін тұрақты негізде өткізіп отыру жоспарланып отыр».
KOST ust dor 5 Өртке қарсы қызмет пультына дабыл сигналы келіп түскен сәттен бастап әрбір минут тіпті секунд қымбат болып саналады. Әрине, көп жағдайда барлығы да өртке қарсы қызметінің үйлесімді және шұғыл іс-қимылына, олардың тез ден қоюына және шақырту орнына жедел жетулеріне байланысты. Алайда жол үстінде жүргізушілердің сирена дауысын естімеген және жарқ-жұрқ еткен белгіні көрмеген қалып танытып «жарқылдайтын белгісі бар автомобильге» жол бермеу оқиғалары жиі кездесіп тұрады. Құтқарушыларға жол берудің қаншалықты маңызды екендігін жол үстіндегі жүргізушілер әр уақытта да есте ұстайды деп үміттенеміз.
 
Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы