Dialog SKO 2 Ағымды жылғы 17 қаңтар «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дмитрий Рябенко «Қазақстан -Петропавл» телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Бағдарламада қысқы кезеңде өрттердің алдын алудың өзекті мәселелері қозғалды, өрттің шығу салдарын және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылып, тұрғындарға өрттің көбіне неден шығатыны жөнінде сөз сөйледі.
Dialog SKO 1 Дмитрий Рябенко бағдарламада облыс аймақтарындағы жедел жағдай туралы және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің күнделікті оңай емес жұмысы туралы айтып өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының қабырғаларында ТЖД өкілдерін талай рет қонақ етіп, қарсы алған бағдарлама жүргізушісі Айгерім Хусайнованың сұрақтарына жауап бере отырып, болуы мүмкін төтенше жағдайларға, олардан сақтандыру мақсатында ҚР ІІМ ТЖК аймақтық органымен қабылданатын шараларға толық тоқталды. Әңгіме барысында халықтың жеке қауіпсіздігі мәселелері көтерілді, өрт болғанда және өзге де төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда әрекет жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Dialog SKO 3 Дмитрий Викторович ТЖ болған жағдайда хабарласу үшін, тәулік бойы қызмет көрсететін «101» және «112» телефоны туралы телекөрермендердің естеріне салды.
Қорытындылай келе, подполковник Дмитрий Рябенко солтүстік қазақстандықтар жылдың осы аса қауіпті қысқы мерзімде сақ болуларын, өздерінің және туыстарының қамын ойлап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын сұрады. Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы өзінің сөзін былайша аяқтады: «ТЖ болған жағдайда біз әрқашан да көмекке келеміз, құтқарамыз және қорғаймыз».
 
Аман Әуесханов
«СҚО ТЖ Департаментінің
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі» ММ мемлекетік тіл және ақпарат тобының
баспасөз хатшысы