Nast SPP SKO 1 «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» басшылығы жеке құраммен идеологиялық және тәрбиелік жұмысты жетілдіруге, жас қызметкерлердің кәсіпқойлықтарын арттыруға, тәртіпті және заңдылықты нығайтуға көп назар аударады.
Nast SPP SKO 2 Кадр жұмысы бөлімі кәсіби даярлық мектебінде жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкермен азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесуін ұйымдастырды. Өртке қарсы қызмет органының еңбегі сіңген ардагері Нұртас Шайкин қызметте 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеді, Қызылжар ауданының № 10 өрт сөндіру бөлімін басқарды. Нұртас Есімұлы қызметке жаңадан келгендерге еңбек жолындағы жылдар, өзінің әріптестері және өрттерді сөндірген кезде туындаған қиыншылықтар жайлы айтып берді. Сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан, ұжым жұмыла жұмыс істеді. Ол өз әңгімесінің соңында жас қызметкерлерге өрттерді сөндіру және түрлі төтенше жағдайларды жою кезінде төзімділік мен батылдылық тіледі.
Nast SPP SKO 3 Келесі қонағымыз Галина Зябликова СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жауап берген. Галина Яковлевна қазіргі уақыттағы материалдық базаның оң жақтарын, қазіргі замандағы техникамен және киім-кешектермен кеңінен жабдықталуы туралы айтты. Ол жас өрт сөндірушілерге ең алдымен қауіпсіздік техникасын және денсаулықтарын сақтауды тіледі.
Nast SPP SKO 4 Келесі сөз кезегі ең қарапайым, мейрімді, қызметін доғарған подполковник Раиса Бахриразиеваға берілді. Өзінің сөзін құтқарушылар мамандығына арналған өзі жазған өлең жолдарынан бастады. Раиса Ахметвалиевна өзі атқарған қиын да, қызықты журналист қызметі туралы айтты, ол өз жұмысында бұқаралық ақпарат құралдарында өрттер туралы деректерді жедел және анық жариялауды қамтамасыз ету болды. Ол өзінің жастық шағындағы қызықты сәттері жайлы, өрт сөндіруші-құтқарушылардың және жас офицерлердің қайсарлықтарын, ерліктері мен батылдықтарын мысалдармен әңгімелеп берді. Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқандар – Кенжебай Жақыпов пен Алтынбек Әбдірахмановты еске алды және қаза болғандардың ерлігіне минуттік үнсіздікпен бас иді.
Ардагерлер іс-шара соңында тәлімгерлер мен жас қызметкерлерге қиын да, мәртебелі еңбектеріне өзара түсінушілік пен өзара көмек көрсетуге үнемі дайын болуларын тіледі.
Ләззат Құрманғожина,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кадр жұмысы бөлімі