KTI SKO 8 Батылдық, батырлық, қайсарлық бұл – осы кәсіпті атқарып жүрген әр адамға тән қасиет. Кездейсоқ адамдар бұл мамандық иесі бола алмайды, себебі бұл мамандық иесінің дене бітімі жақсы дамыған, жүйкесі тың, төзімді, долы апаттардың алдында қорқынышты жеңе алатын қабілеті бар және де абыройы мінсіз адам болуы қажет.
KTI SKO 1 2017 жылғы 20 қаңтарда Қызылжар ауданының Бескөль орта мектеп-гимназиясының акт залында азаматтық қорғау органдары ЖОО қызметкері мен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы болды.
ҚР ІІМ ТЖК КТИ тәрбие жұмыстары бөлімінің аға инспектор-психологы азаматтық қорғау аға лейтенанты Ольга Андриенко жоғары сынып оқушыларына ЖОО талапкерлеріне оқуға түсудің шарттары және талаптары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, онда оқудың ерекшеліктерін, мамандықтың сұранысқа иелілігін және азаматтық қорғау органдарының офицерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді ерекше атап өтті.
KTI SKO 2 СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Жасұлан Смағұлов кездесу барысында оқушыларға азаматтық қорғау органдарының жоғары оқу орындарында оқудың беделділігі, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының сұраныста екендігін және маңыздылығы, оқу және оқуға түсудің талаптары жайлы айтты.
KTI SKO 3 Оқушыларға оқыту процесінің ұйымдастырылуы, осы оқыту орнының жетістіктері және табыстары туралы фильм көрсетілді.
Оқушылар қойған сұрақтарға ЖОО қызметкері толық жауап берді. Қызығушылық танытқан жас жігіттерге буклеттер мен байланыс телефондары таратылды.
Дәл осы күні осындай кездесу Мамлют ауданы Мамлютка қаласының Қазақ мектеп-интернатында өтті, кездесуге 40 астам болашақ түлек қатысты.
 
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпараттобы