Принтерге шығару
Bektasov 1991 жылы туған қыздар мен ұлдар өз мемлекетімен бірге өсуде. Осы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтейтін республика сияқты, жылдан жылға, ата-аналарының, тәлімгерлерінің үміттерін ақтаймыз деп өз мақсаттарына өрлеуде. Қазақстандық жаңа ұрпақтың өкілдері қандай екен? Ересектер өміріне қадам басқан олардың әрбіреуі өзгеше болса да, оларды «тәуелсіздік» деген ұғым біріктіреді. Бұл деген өз жолын таңдауға және өздігінен табысқа жету жолында ертеңгі күнде сенімділік беретін мүмкіншілік.
СҚО ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авария-құтқару жұмыстары қызметінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ақпараттық-насихаттау науқаны әлі де жалғасуда. Оның аясында біз өзінің әлі де жас екендеріне қарамастан, өз өмірлерін адамдарды құтқарумен байланыстырған жас құтқарушы мамандар, өрт сөндірушілер, инспектор-қызметшілер жайлы сөз қозғаймыз. Петропавл қ. 5-ӨСБ өрт сөндірушілері: Ержан Құсайынов пен Ұлан Бектасов тәуелсіздіктің құрдастары. Жігіттер Төтенше жағдайлар қызметінің қатарын ағымдағы жылы толықтырды. Ержанның айтуынша, өрт сөндіруші маманы – жүйкесі нашар адамдар үшін емес. Ауыртпалықтарды да, қайғы-қасыреттерді де көруге тура келеді, соған қарамастан өз сезіміңе ерік-жігер бермеуің қажет. Олар саған сенім білдіреді, сенен табандылық пен батылдықты күтетінін есте сақтау қажет. Және де сен олардың үмітін ақтамауға қақың жоқ... Өрт сөндіруші немесе құтқарушы маманын таңдаған адамдарды көбіне батырлар деп атайды. Ал олар үшін бұл күнделікті жұмыс болып табылады.
Kusainov Ұлан мен Ержан Өртке қарсы қызметіне 2016 жылы келді, өз қызметтерін Петропавл қ. 5-ӨСБ өрт сөндірушілері ретінде бастады, жұмысқа қызығушылық пен ынтагерлік білдіріп кірісті. Ержан былай деп ойлайды: «Сенің кеудеңде жауынгерлік рух болса, ол өзінің қолдануын талап етеді, сол себепті сен өз мамандығыңды тыныш және ырғақты мамандыққа ауыстыра алмайсың».
Өрт сөндірушілер төтенше жағдайлардың пайда болуы әбден мүмкін болып тұрған мерекелік күндері де қызметтің күшейтілген түрінде жұмыс істейді. Барша ел демалған кезде, олар қызмет атқарады. Бірақ, Ұланның айтуынша, жұмыстың нәтижесі көрінген кезде, бұлардың бәрі ұмытылады. «Әрине, кез келген өрт – ол қайғы және олардың мүлдем болмағаны жақсы. Үрейлі дабылмен өртке шыққан кезде, біреулер бір жерде сенің көмегіңді күтіп отырғанын сезінесің... Үлгердік, барлығын ойдағыдай жасадық, қайтар жолда борышымызды толығымен орындадық деген сезіммен ораламыз. Өз мемлекетімнің Тәуелсіздігінің замандасы болу деген – тек қана құрмет емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Мен бүгінгі күні ата-анамның ғана емес, өз елімнің үмітін ақтауға тырысамын».
Kusainov1 Олар өз отбасыларының мақтанышы ғана емес, өздері таңдаған мамандығын толық игеріп, ал жетістіктерін елінің пайдасына жаратқылары келеді. Бұл жас адамдар сырт көзге басқа «next» ұрпақтарынан еш айырмашылықтары жоқ. Оларды өзгелерден қандай айырмашылығы бар екенін және оларды не ортақтықығы бар екенін, олардың төлқұжаттарына қарасаң білесің, өйткені, Ұлан мен Ержан 1991 жылы – Қазақстан Тәуелсіздікті алған кезде өмірге келген. Қазіргі олар 25 жаста. Қазақстан бұл мерзімде үлкен жол салып, сыртқы және ішкі алаңда өзінің келбетін көрсету үшін үлкен жұмыс атқарды.
«Барша елімізді және барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Төбеміздегі аспанымыз ашық болсын, әрбір атқан таңымыз жайнасын, өзіміз де және балаларымыз да – бақытты және дендері сау болсын!» - деп тіледі мереке қарсаңында Тәуелсіздіктің замандастары.
 
Ербол Молдағожин,
Петропавл қ. 5-ӨСБ бастығының орынбасары,
азаматтық қорғау капитаны