Принтерге шығару

2016 жылдың 29 қаңтарында   Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқарма аппаратының мәжіліс залында кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде қызметкерлеріне Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің адами ресурстарды басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Дановский Сергей Андреевичдің қатысуымен «2015 жылға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар барысында С.А. Дановский Қазақстан Республикасы Салық кодексінің талаптарын- салық есебін уақтылы тапсыру, оларды ұсыну тәртібін түсіндірді. С.А. Дановский жеке табыс және мүлік  салығы бойынша декларацияда мәліметтерді ұсынбауы, толық ұсынбауы, анық емес мәліметтерді ұсыну  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соқтыратындығына ерекше назар аударды.

 Семинардың соңында әр қызметкерге 230.00. нысаны бойынша жеке табыс және мүлік  салығы бойынша декларациясы толтыру бойынша Жадынама берілді.

kost_kor2 kost_kor2 kost_kor2 kost_kor2

Қостанай облысы ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмыс бөлімі