«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ акты залында «Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамаларының негізгі нормаларын түсіндіру» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері мен тәртіптік практика бөлімі кеңесшісі Айдос Кульбаевич Касенов шақырылды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы дамытудың қазіргі кезеңі мемлекеттік қызметке кіру тәртібіне мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесіне кіруі және тоқтатуы, талаптар, оларға жүктелген әсіресе шектеулер тәртібі мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтыруларға әкеп соқтырды» деп атап өтті. Одан кейін қонақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мемлекеттік қызмет жүйесіндегі негізгі нормативтік-құқықтық актілердегі елеулі өзгерістер туралы әңгімеледі.
«Дөңгелек үстелге» қатысып отырған «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Қостанай қ. бөлімшелері мен әкімшілік қызметкерлері мемлекеттік қызмет мәртебесі туралы, ротация белгіленгендер үшін және жемқорлыққа қарсы шараларға енген өзгеріс бойынша сұрақтар қойды.«Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-шаралардағы өзгерістерге мәтінде ерекше назар берілген», - деп атап өтті Айдос Кульбаевич.
Қостанай облысы ТЖД азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесі төрағасы Виктор Корнеевич Киселев, жемқорлықты жоюда құқық қорғау органдары жүйесінің маңыздылығын атап, әлеуметтік қауіппен жүргізіліп отырған күреске кесел келтіретін, орын алып отырған ащы мәселелер белгіленіп отыр, сонымен қатар қылмыс пен жемқорлық құқық бұзушылық жасағандарды бұлтартпай жазалау туралы әңгімеледі.
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Сергеевич Полончук «2015 - 2025 жылдары көлеңкелі экономикаға қарсы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндама жасады. «Қабылданған шараларға қарамастан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 1қызметкер жолаушылар тасымалдап заңсыз сыйақы алғаны үшін, 2 қызметкер қызметтен тысқары уақытта қоғамдық орында жалпы қабылданған этикалық нормаларды бұзғаны үшін.Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша, қызметкерлер азаматтық қорғау органдарынан теріс себептермен қызметтен босатылды» - деді ол өз сөзінде.
borba_kost_1 borba_kost_1 borba_kost_1 borba_kost_1
Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз хатшысы