Бүгін  Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері арасында «Динамо» спорт кешенінде  волейболдан мәрелік  жарыс  өтті. Волейболдан  үздік команда  атағын алуға     3 команда шықты,  олар: Лисаков қ. 18-МӨСБ, Рудный қ. 1-МЖ, Жангелді ауданы 22-ӨСБ.  Жарыс келесі кезеңмен өтті: аймақтық, жартылай мәрелік   және мәрелік. Шешуші үшінші кезең қортындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.   Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді. Күш-жігермен өткен әдемі ойында 1 орынды еңбекпен  Лисаков қ. 18-МӨСБ жеңіп алды, екінші орын Жангелді ауданы 22-ӨСБ, үшінші орын тұғырына  Рудный қ. 1-МЖ көтерілді. Қортындысында жеңімпаз командаларға кубок пен грамоталар тапсырылды. «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Д.С.Полончук жеңіске жеткендерге кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар тапсырды.

kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2
kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2 kost_sport2

Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі»

ММ баспасөз хатшысы