Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай қ. 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жарыс өтті. Бірінші орынға 4 команда сайысты: Қостанай қ. 1 - өрт сөндіру бөлімі, 2 - мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі,  3 -  өрт сөндіру бөлімі  және 1-Рудный қаласы мамандандырылған жасағы. Жігіттер күштерін сынап арқан тартты, шыдамдылықтарын гір көтеріп көрсетіп, дартста дәлділіктерін анықтады.  Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі басшылығының айтуы бойынша мүндай жарыстар дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлікті жетілдіруге, бөлімшелердегі спорттық жұмыс деңгейін анықтауға септігін тигізеді дейді.   Сондай ақ командалық ойын бірлікке тәрбиелеп, саламатты өмір салтын дәріптейді. Жарыс қортындысы бойынша  бірінші орынды   Қостанай қ. 3- өрт сөндіру бөлімі екінші орынды Қостанай қ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды Қостанай қ. 1-  өрт сөндіру бөлімі алды.  Жарыс жеңімпаздары Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының мақтау қағазымен  марапатталды.

kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1 kost_sor_nauryz1

Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз қызметі