Көктемнің келуімен кенелер пайда бола бастайды, олар кене энцефалитін тасымалдаушылар болып саналады. Кене энцефалиті – бұл өткір, табиғи ошақтық ауру. Адамға ауру кене шаққанда жұғады, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталып, жартылай және толық сал ауруының пайда болуына әкеледі. Кене көктем-жазғы кезенде өте қауіпті. Кенелерді тек қана орманда емес, сондай-ақ қалалық бақтарда, саяжайларда кездестіруге болады. Олар ауылшаруашылық, үй және жабайы жануарлардың арқасында тіршілік етеді. Адам үшін кененің шағуы кауіпті емес, кененің сілекейімен немесе кенені жаншығанда адамның қанына түсетін ауру қоздырғыштары өте қауіпті.Кенелер үлкен қашықтыққа бара алмайды. Бұталарға, ағаштардын бұтағына және биік шөптерге өрмелеп шығады да тосып жатады, қасынан өтіп бара жатқанда адамның денесіне немесе киіміне жабысып, қан соруға қолайлы орын іздейді. Әдетте кенелер терінің жұқа жерлерін тандайды: шаптың маңы, қолтықтың асты, шаштың арасы мен құлақтың тұсы. Егер медициналық мекемеге баруға мүмкіндік болмаса, онда қадалған кенені пинцетпен немесе қалын жіптен жасалған ілмекті оның тұмсығына жақынырақ байлап, әрі-бері қозғалтып, еппен алу қажет, терідегі жараға кененің сілекейі түспеу үшін оны жаншымауға тырысу керек. Кене шаққан жерді йод ерітіндісімен немесе спіртпен зарарсыздандырып, қолды сабынмен жуып тастау керек. Кене шаққанда ерте (3-күннен кешіктірмей) медициналық көмекке травматологиялық пунктерге жүгіну қажет.
Кене шағудың алдын алу мақсатында келесі ережелерді сақтау қажет:
- орманға бармас бұрын түсі ашық киім, жеңі ұзын көйлек, шалбар, жабық аяқ киім кию керек. Шалбардың балағын шұлыққа, көйлектің етегін шалбарға салып, басқа орамал байлап немесе қалпақ киген дұрыс.
- кенеге қарсы крем, лосьон, аэрозоль түрінде болатын арнаулы репелленттерді киімнің сыртына, сондай-ақ дененің ашық жерлеріне жағу керек, оларды дәріханалардан және сауда орындарынан сатып алуға болады;
- әр сағат сайын өзіңізді және қасыңыздағы адамдарды дұрыстап қараңыз. Кене бірден қан сормайды, ол ұзақ уақыт қолайлы жер іздейді;
- үйге келген соң денеңізді, барлық киімдеріңізді мұқият қарап шығыңыз; - үйдің ішіне жаңадан жұлынған өсімдіктерді және гүлдерді кенеге тексермей кіргізуге болмайды.
Арнайы алдын алу шараларына вакцинация жатады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ ШҚО бойынша филиалы

33 SKO Krossfit 1 2018 жылдың 19 мамырында Петропавловск қаласының орталық алаңында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД , Астана және Көкшетау техникалық институттарының 7 командасы арасында функционалды өрт көпсайысы бойынша аймақаралық чемпионат өтті.
Ашылу салтанатында, осындай маңызды іс-шараға қатысушыларға СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің өкілі Сейітжан Нұқышев сөз сөйледі.
33 SKO Krossfit 2 Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар алдында Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов сөз сөйледі. Ол қатысушылардың барлығын айтулы оқиғамен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.
«Бүгінде,біз, тарихи маңызы бар оқиғаға куә болып отырмыз - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет өртке қарсы қызметтің 100 жылдығына арналған функционалды өрт көпсайысы бойынша аймақаралық чемпионат өткізілді. Біз үшін жаңа форматта , өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күш пен төзімділікті, жылдамдық пен кәсіби дағдыларды жетілдіруде бәсекелеседі. Бұл қасиеттерсіз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің әр өрт сөндірушісі мен құтқарушысын елестету мүмкін емес! Төтенше жағдайда көмекке келу үшін, қымбат уақытты жоғалтпай тез, батыл әрекет ету керек. Себебі, төтенше жағдайлар жағдайында уақыт өтеусіз, алтыннан қымбат болады. Бұл - құтқарылған адам өмірінің шарасы! », - деп ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының басшысы атап өтті.
33 SKO Krossfit 3 Байқау бағдарламасы күрделілігімен және әр түрлілігімен ерекшеленді - қатысушылар 13 күштік жаттығуларын, соның ішінде бір қолмен салмағы 24 кг болатын гірді көтеру, жүгіру, штангпен трастерлер, тегістелетін дөңгелектердің қақпақтарымен, қысымды өрт сөндіру шлангілерімен жалғастыру, газ баллондарын тасымалдау, жәбірленушінің мылтықтарын тасымалдауға, тіпті 50 метрге дейінгі арқанға автомобильді қозғауға міндетті болды.
Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, командалары үшін белсенді түрде қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлері үшін де ыстық болды. LED экранында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жайлы, Көкшетау техникалық институты туралы бейнероликтер көрсетілді, үзінді уақыттарында Петропавл қаласының атақты солистері өздерінің әндерін айтып, балалармен азаматтық қорғау тақырыбына арналған викториналар ойнатылғанын айта кету керек.
Жеке жекпе-жекте ең жылдам, әрі төзімді болып Қостанай облысының ТЖД командасының өкілі Дмитрий Балацко, екінші көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі Руслан Мұстафин және үштікті аяқтаған Андрей Паскарь (Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің командасы).
Чемпионат қорытындысы бойынша СҚО ТЖД командасы үздік көрсеткіштер көрсетті деп танылып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы, үшінші орынды – Астана қ. ТЖД командасы иеленді.
Барлық қатысушыларға чемпионатқа белсенді қатысқаны үшін сертификаттар, бағалы сыйлықтар берілді.
33 SKO Krossfit 4 33 SKO Krossfit 5 33 SKO Krossfit 4 33 SKO Krossfit 5
33 SKO Krossfit 4 33 SKO Krossfit 5 33 SKO Krossfit 4 33 SKO Krossfit 5
 
«СҚО ТЖД ӨСж/еАҚЖҚ» ММ және СҚО ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпараттандыру тобы
31 Sport SP4 13 1 Қызылжар аумағында солтүстік өңірдің өртке қарсы қызметтердің командалары арасында бірнеше спорт түрлерінен жарыстар болды. Қастықан құрама командалары: Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Есіл, Жамбыл, Мамлютка аудандары волейболдан, үстел теннисінен, сондай-ақ, шаңғы және нарды ойындарынан бәсекеге түсті.

32 1 Мемлекеттiк мереке — Наурыз мейрамы күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi арасында облыстық спартакиада өттi.
Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұжымдары арасында спорттық шараларының өткiзiлуi бұрыннан келе жатқан мейрiмдi дәстүрге қалыптасты деп айтуға болады.