Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше
жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің Өрт сөндіру және авариялықөқұтқару
жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қыызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызммет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
7. Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаметінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аврийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Костанайской области (город Костанай) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79а.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
9. Қызмет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жызылған мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
13. Қызметтің азаматтық-құқытық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) елді мекендер, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша ісөшараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-техникалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарс қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсету;
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
11) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) тұрғын сектордағы халық арасында өрртің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бойынша қызметін жүзеге асырады.
18. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле. Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілес, тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20. Қызмет Бастығының (бұдан әрі – бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғанын жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауакершілік шараларды қолдануға әкеледі.
4. Қызметті басқару
21. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министірлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізеді;
5) Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде
тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
24. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
25. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетімен шешеді.
26. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республика заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілдіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады
4)сенімхаттар береді
5) Қызметтің іссапарлар,тағылымдамалар,демалыстар,қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Комитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;
6) өз құзыреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданылады;
9) өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) гарнизондық және карауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) төтенше аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13) өрт сондіру- тактикалық оқу – жаттығуларды,байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс – шараларды жоспарлауды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) соғыс уақыты кезеніңде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке қарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақтылы жинақтауды, жаңартуды,сақтауды ұйымдастырады;
15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өрт шығу себеп болатын жағдайларды, орындарын себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады; осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс - шаралар әзірлейді;
16) өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт техникалық жабдықтық байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жәй-күйіне есеп жүргізеді, сондай –ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
17) өрт сөндіру қызметінң объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы , өрт – техникалық жарақтарын, байланыс құралдарын құрал –жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
18) жол – көлік оқиғлары туралы мәліметтерді қорытады және қамтмасыз етеді,автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қәуіпсіздік техникасының,енбекті қорғау және өрт қәуіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша іс – шараларды әзірлейді;
19) жедел – техникалық қызметті, ақпараттық – телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техника мен байланыс акпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болу сақтау және бері тәртібінің сақтау дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
21) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмен гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларды әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық- техникалық жарақтандыру, салу,реконструкциялау және жөндеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
24) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
28) Қызметтің атестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30) Департамент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақтылы құруды қамтамасыз етеді;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-тұрмыстық қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы кіші және орта басшылық құрам тұлғаларына өртке қарсы қызмет капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Департамент пен Комитетке өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
35) Қызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрғысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
38) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) мемлекет оған тапсырған мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызметтің жұмыс режимі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына жайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет ұсынсы бойынша жүзеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының занңамасына сәйкес тіркеледі.
8. Қызметті қайта ұйымдастру және жою шарттры
35. Қызметті қайта ұйымдастру және жою Қазақстан Республикасының занңамасына сәйкес жүзеге асырылады.