Қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Көкшетау қаласы)»
мемлекеттік мекесінің жарғысы
 
1. «Қазакстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі (Көкшетау қаласы) мемлекеттік мекмесі (бұдан әрі - Қызмет) өрт сөндіру функцияларды жүзеге асыру үшін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтықнысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің акітілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Жарғыға жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атындағы мемлекет болып табылады.
6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілітті орган, сондай – ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комиеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Қызметтің атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Көкшетау қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области (город Кокшетау) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 124.
2. Қызметтің заңды мәртебесі
9. Қызмет мемлекетті тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті және мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мемлекеттік мекесінің атауы бар бланкілері, мөрлері, мөртабандары болады.
11. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі кезінде оының міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік – аумақтық бірлік жауапты.
13. Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
14. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым – қатынасқа түсуге тыйым салынады.
3. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары
15. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыпу және авариялық-құтқару жұмыстар мен шұғыл жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және технигендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
16. Қызмет жұмысының мақсаты елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
17. Қызмет мақсатында қол жеткізу үшін.
1) Өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
2) Елді мекендер, старатегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің аумағында өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету;
3) Жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған және төтенше жағдайлар аймаұтарына шығуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікке ұстау және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу шараларын қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) Өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралады әзірлеу;
6) Өрт сөндіру депо ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт-тактикалық жарақты, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлікті жөндеумжәне техникалық қызмет көрсету;
7) Кұштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) Жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құруда және одан әрі жұмыс істеуде жәрдем көрсетеді;
9) Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлартуындаған кезде олардың жұмыстарының тұрақтылығын артыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
10) Соғыс уақыты кезінде арнайы құрылымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдық пен басқа да мүлікті уақытылы жинақтауды, жаңартудысақтауды үйымдастыру;
11) Бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау және оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар өрт сөндіруші мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) Тұрғын сектордағы халық арасында өрттің алдын алуға бағытталған атаулы үгіт-түсіндіру жұмысына қатысу бо йынша қызметін жүзеге асырылады;
18. Қызметке осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
19. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттармен айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланыі уәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуанымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
20. Қызмет Бастығының (бұдан әрі - бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға әкелді.
4. Қызметті басқару
21. Қызметті жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
22. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қызметке мүлікті бекітіп береді.
2) Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын Министрлікке бекітуге, Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізіледі;
3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қызметтің құрылымын және шекті штаттық санын бекіту үшін Министрге енгізіледі;
5) Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Депаратмент) бастығының ұсынысы бойынша Қызмет бастығын және оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
6) Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) Мемлекеттік жүйе жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;
8) Қызмет бастығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды.
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің басқару функцияларын қоспағанда, Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды Департамент жүзеге асырады.
24. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастғына тікелей бағынады және Қзметке жүктелген міндеттерді орындауға және мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
25. Қызмет бастығы дара басшылық қағидаттарытбойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселерін өз бетінше шешеді.
26. Қызмет жұмысын жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпке:
1) Қызмет атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
2) Өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қызметтің мүддесін білдіреді;
3) Шарттар жасасады;
4) Сенімхаттар береді;
5) Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Көмитет арқылы Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
6) Өз құзыреті шегінде Қзметтің барлық қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қызметтің қызметкерлерін және өзге де жұмыскерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8) Өз құзыреті шегіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
9) Өз (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;
10) Гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;
11) Төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлікті және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
12) Жеке құрамды даярлауды , қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;
13) Өрт сөндіру –тактикалық оқу –жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс-шаралар жоспарлауды, дайындаулы және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) Со,ыс уақыты кезінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын өртке өарсы құрал-жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақытылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыру;
15) Өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін және шартын орнатуды ұйымдастырады, осының негізінде жауынгерлік әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
16) Өрт сөндіру және өзге де техниканың, өрт-техникалық жабдықтың,байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;
17) Өрт сөндіру қызметінің объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру және басқа да техниканы, өрт –тактикалық жарақтарын, байланыс құралдарын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды.
18) Жол – көлік оқиғалары туралы мәліметтерді қорытады және талдайды, автокөлік құрлдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, оларды жақсы юойынша іс-шаралар әзірлейді;
19) Жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс етуін,техника мен байланыс, ақпараттандыру құралдарының жауынгерлік әзірлігін ұйымдастырады;
20) Материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және нақты бар болуы, сақтау жәнне беру тәртібінің сақтау дұрыстығына жопарлы және жоспартан тыс тексерулер жүргізеді;
21) Күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;
22) Ауылдық жерлерде өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
23) Жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаты есебінен өртке қарсы қызмет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі Депаратментке ұсыныстар енгізеді;
24) Жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерге өртке қарсы бекеттерін құруға және олардың одан әрі жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
25) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомствоолық наградалармен марапаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өрт қарсы қызмет органдары басшы құрамыныңнемесе атқаратынштаттық лауазымымен көзделген арнайы ататқтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақтарын беру жөніндегі Депаратментке ұсыныстар енгізеді;
26) Қызметтік бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
27) Қызметтің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық,жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
28) Қызметтің аттестаттау және конкурстық коммисиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
29) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
30) Депаратмент және Комитет бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақытылы құруды қамтамасыз етеді;
31) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қараудықамтамасыз етеді;
32) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-тұрмыстық, қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
33) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшылық құрам тұлғаларына өртке қарсы капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;
34) Депаратмент пен Комитет өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық, регламенттірге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
35) Қызметтің құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық, нұсқаулықтарын) бекітеді;
36) Бағынысты қызметкерлерінің ұжымда қалыпты моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс кодексін және қызметке міндетті жүріс-тұрмысының нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға дербес жауапты болады;
37) Бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жепқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
38) Дәрігергедейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;
39) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
27. Қызмет мүлкіні бағасы оның теңгерімін көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:
1) Мемлекет оған тапсырған мүлік:
2) Қазақстан Республикасының заңнасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.
28. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өздегей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. Қызмет жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырады.
30. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Қызметтің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және оған тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет жүзеге асырады.
6. Қызмет мүлкінің қалыптасу тәртібі
32. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер толықтырулар енгізу тәртібі
33. Қызметтің жарғысына өзгерістер мен толықтыраулар енгізу Комитет ұсынысы бойынша жузеге асырылады.
34. Қызметтің жарғысына енгңзңлген өзгерістер ме толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
7. Жарғыға өзгерістер толықтырулар енгізу тәртібі
35. Қызметті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнасына сәйкес жүзеге асырылады.