Принтерге шығару

Қызмет бағыты

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің аумақтық бөлінісі болып табылады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлараймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;
18) облыстың қалалары мен аудандарыныңтөтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20)Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыреті шегінденормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

Басшылық

berjanov Бержанов Омар Құмарұлы - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
1968 жылғы 6 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Жоғары, 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «өрт қауіпсіздігінің инженері».
Біліктілігін арттыру:
2000 жылы ҚР ТЖА қызметкерлері білім дәрежесін көтеру курсынан өтті.
2003 жылы ТЖ және АҚ саласында басшылық құрамының біліктілігін арттыру курсынан өтті.
2007 жылы Басшылық қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсынан өтті.
Еңбек жолы:
01.1989-10.1990 Гурьев облысы ІІБ №57 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі,
1993 жылы ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін бітіргеннен кейін Атырау облысы ІІБ ӨСКБ №58 Өрт сөндіру бөлімінің инспекторы,
07.1996-04.1999 Атырау облысы Мемлекеттік өрт бақылау саласында басшы лауазымдарда қызмет атқарған,
12.2001 Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімшесінің бастығы,
12.2001-11.2002 Атырау облысы МӨҚҚБ жедел бөлімінің бастығы,
02.2005-07.2006 «ӨС және АҚЖҚ» ММ Атырау облысы бойынша филиалы бастығының орынбасары,
09.2006-07.2008 «ӨС және АҚЖҚ» ММ Атырау облысы бойынша филиалының бастығы,
09.2008-05.2013 Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы,
05.2013-11.2014 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары,
2015 ж. қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Марапаты:
1.2006ж. «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ дәрежелі медальдарымен марапатталды
2.2007ж. «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медалімен марапатталды
3.2008ж. «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды
4.2009ж. «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды
5.2012ж. «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Отбасылы, 5 баласы бар.
 
kair Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі
Қызылорда облысында 1981 жылдың 14 қарашасында дүниеге келген.
Білімі:
2002 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын, 2005 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін бітірген.
Еңбек жолы:
08.1998-11.2002 ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтының курсанты
11.2002-02.2005 Қызылорда облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы № 11 мамандандырылған өрт бөлімінің аға инженері-кезек жетекшісі
02.2005-06.2005 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
06.2005-09.2006 Қызылорда облысы Төтенше жкағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы Өртке қарсы және авариялық-құтқару бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру қызметінің аға инженері
09.2006-09.2007 Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Қызылорда қаласы Өртке қарсы қызмет басқармасының аға анықтаушысы
09.2007-09.2008 Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департаменті анықтау бөлімінің анықтаушысы
09.2008-05.2009 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері
05.2009-07.2011 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқарамсы өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы
07.2011-07.2011 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларға ден қою басқармасының жедел кезекшісі
07.2011-02.2012 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы
02.2012-01.2013 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау бөлімінің бас маманы
01.2013-11.2014 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің бас маманы
11.2014-04.2019 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы
04.2019 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары


Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.
 
20 Moldakaraev Молдақараев Саид Шазындаұлы
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары, подполковник
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 1975 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген.
Ұлты: қазақ
Білімі:
1. 1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті
2. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университеті
3. 2010 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты.
Білімі бойынша мамандығы:
1. Дене шынықтыру мұғалімі
2. Заңгер
3.Өрт қауіпсіздігі инженері
Еңбек жолы:
17.10.1995-22.09.1997 Қызылорда қаласы № 140 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
24.09.1997-24.10.2003 Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 148 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
8.07.1999-02.02.2005 Қызылорда облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметі Шиелі ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы
02.02.2005-25.09.2008 «Өрт сөндіру және авриялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалының Шиелі ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
25.09.2008-30.03.2010 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Шиелі ауданының № 7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
30.03.2010-26.12.2011 Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы
26.12.2011- 18.11.2016 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы
2016 жылдың қараша айынан бастап Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Марапаттары:
2008 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хаты;
2009 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ санаттағы медалі;
2011 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі;
2013 жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдлайлар Комитетінің Құрмет грамотасы;
2015 жылы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі;
2015 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты.
Отбасында 3 бала тәрбиелеп отыр.

Құрылымы

ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымы
Қызылорда қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 69
Тел: 8(7242) 55-10-85, факс: 8(7242) 24-40-76
е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Лауазымы Т.А.Ә. Қалалық автоматтық телекоммуни-кациялық жүйесі SIP қалалық нөмірі Эл.мекен-жайы @emer.kz  
ТЖД бастығы

Бержанов

Омар

Құмарұлы

  551070 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Бастықтың қабылдау бөлмесі

Алиева

Нұргүл Жетпісбайқызы

700322

24-41-15

551086 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
ТЖД бастығының орынбасары

Қайрақбаев

Руслан Сламбекұлы

24-41-04 551071 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
ТЖД бастығының орынбасары

Молдақараев

Саид

Шазындаұлы

24-40-79 551072 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Азаматтық қорғаныс бөлімі  
Бастық

Кенжебаев

Бекзат

Хамзаұлы

30-14-12 551078 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы  
Басқарма бастығы

Ақсақалов

Ерлан Орумбасарұлы

244161 551090 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы  
Бастық

Турманов

Бақтияр Махамбетжан

ұлы

30-31-85 551162 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бастықтың орынбасары

Досимов

Жандос

Ерланұлы

30-31-85 551097 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ақпараттандыру және байланыс бөлімшесі  
Бастық

Жүнісов

Руслан Жұмабекұлы

70-03-25 551076 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Өзіндік қауіпсіздік тобы  
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл Шақатов Нұрлан Жарқынбекұлы 70-03-15   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Ақпараттық-аналитикалық топ  
Бас маман Шопанбаев Жарқынбек Мырзахметұлы   551082 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Кадр  саясаты бөлімі  
Бастық Қобландиев Марат Шамсудинұлы 70-03-26 551075 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Кеңесші  
Кеңесші Ботабаев Тұңғышбай Шалтақбайұлы        
Штаб (топ құқығындағы)  
Бас маман

Марданов Әлімжан

Аманкельды

ұлы

  551083 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Ішкі және сыртқы коммуникациялар

тобы

 
Бас маман Нұрманова Айгүл Асылқызы   55-10-74 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Құжаттамамен қамтамасыз ету тобы  
Бас маман Боранбай Әлима Боранбайқызы   551085 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі  
Бөлім басшысы – бас бухгалтер

Төлеуова

Айгүл Күмісбекқызы

 

24-40-84

 

551073

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Тылдық қамтамасыз ету тобы  
Бас маман Маханбетов Арман Төлегенұлы 24-40-84   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы  
Бас маман Жигманова Татьяна Александровна        
Заң тобы  
Бас маман Әбсадықов Сағынтай Серікбайұлы  

 

551080

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Қалалық және аудандық төтенше жағдайлар бөлімшелері  
Қызылорда қаласы ТЖ басқармасы вакант 30-14-13 551164 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Арал ауданы ТЖ бөлімі

Жиенбаев

Мұрат Жарылқасын

ұлы

код 8-724-33 79900 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Қазалы ауданы ТЖ бөлімі Қалиев Алтынбек Сауытбекұлы код 8-724-38 79901 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Қармақшы ауданы ТЖ бөлімі Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы код 8-724-37 79902 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Жалағаш ауданы ТЖ бөлімі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы код 8-724-31 79903 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Сырдария ауданы ТЖ бөлімі

Оразбеков

Асхат

Плалұлы

код-8-724-36 79904 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Шиелі ауданы ТЖ бөлімі Мампаев Жандос Айдарбекұлы код-8-724-32 79905 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Жаңақорған ауданы ТЖ бөлімі

Омаров

Берікбай Мәжитұлы

код-8-724-35 79906 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
 

Оснащение

ТЖД қозғалмалы байланыс торабы
PUS PUS2
ТЖ орын алған жағдайда авариялық-құтқару жұмысын жүргізу мақсатында күштер мен құралдарды үздіксіз басқаруда байланыс пен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін «Газель» автокөлігі базасында облыстық ТЖД қозғалмалы байланыс торабы орнатылған.
Ол «КВ» және «УКВ» радиобайланысымен, компьютермен және басқа техникалармен, «Қазақтелеком» АҚ СDMA стандартындағы интернетке шыға алатын, авариялық электр қуаты бар сымсыз телефонмен қамтамасыз етілген.
 
 
 
ТЖД дағдарыс орталығы
KC11
ТЖ жою барысында ТЖД жедел штабының қажетті шешім шығаруы үшін ТЖД Дағдарыс орталығы құрылған. Сонымен бірге, ҚР ІІМ ТЖК ведомствалық видеоконференция байланысын, бастық жанындағы кеңес отырысын, оқу-жаттығуларды және облыстық ТЖД қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыру мақсатында дағдарыс орталығының залы қажетті жабдықтармен, компьютерлермен, дыбыс күшейткішпен қамтамасыз етілген.
 
 
Қызылорда облысы ТЖД командалық-штабтық машинасы
KSHM
КамАЗ-43118 автокөлігіндегі командалық-штабтық машинасы ТЖД жедел штаб жұмысында құтқару бөлімшелерін басқаруды ұйымдастыру үшін төтенше жағдайларды жоюда авариялық-құтқару, қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды атқаруға, қамтамасыз етуге арналған. КШМ кузовы 2 бөліктен тұрады:1) жиын үшін, 2) операторлық жұмыс үшін. Олар қажетті қазіргі заманғы сандық стандарттағы байланыс құрал-жабдықтарымен жабдықталған: компьютер техникасы, телефондар, «УКВ» және «КВ» радиобайланысы, спутниктік байланыспен. Ауа тазартқыш қондырғысы, жылыту жүйесі және ауаны салқындатқыш жүйесі бар. КШМ жеке электрмен қамтамасыз ету үшін электргенератормен жабдықталған. Сондай-ақ, түнгі уақытта жұмыс жасау үшін қосымша жарықтандырғыш құрал-жабдықпен қамтылған.

Фотогалерея

kyzyl_foto_1 kyzyl_foto_2 kyzyl_foto_1 kyzyl_foto_1 kyzyl_foto_5-min
kyzyl_foto_6-min kyzyl_foto_7-min kyzyl_foto_1 kyzyl_foto_1 kyzyl_foto_1
D4S Kyzylorda 1 D4S Kyzylorda 2 D4S Kyzylorda 3 D4S Kyzylorda 4 D4S Kyzylorda 5
D4S Kyzylorda 6 D4S Kyzylorda 7 D4S Kyzylorda 8 D4S Kyzylorda 9 D4S Kyzylorda 10
D4S Kyzylorda 11 D4S Kyzylorda 12 D4S Kyzylorda 13 D4S Kyzylorda 14 D4S Kyzylorda 15
D4S Kyzylorda 17 D4S Kyzylorda 18 D4S Kyzylorda 4 kzlorda 1 kzlorda 1
kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1
kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1
kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1
kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1
kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1 kzlorda 1
{morfeo 80}

Контакты

ҚР ІІМ ТЖК «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ
Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі 134,
Телефондары: 8 (7242) 244076 (факс) (БКДҚБ), 551079, 244161, 551090,
551086 (қабылдау бөлмесі)
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.