Принтерге шығару

Шымкент қаласы ТЖД «Ереже» туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент
қаласының
Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, қала аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөліністеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 160024, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Темірлан тас жолы, 18-үй.

9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Департаментке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

14. Функциялары:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөліністерінің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;

6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

8) азаматтық қорғау саласында шекаралас мемлекеттердің шекара маңындағы өңірлермен өзара іс-қимыл жасасуын жүзеге асыру;

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;

10) комиссияның құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;

11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;

16) қалалардың және қала аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;

17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;

18) қалалардың және қала аудандарының төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын келісу;

19) Комитетке азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

20) Комитетке азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны бойынша ұсыныстар енгізу;

21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне енгізу;

22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;

24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

25) қаланың және қала аудандарының қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде қала әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;

28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

29) қала аумағында өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;

31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;

32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;

34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қаупі туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

35) қала аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

36) қаланың аумағында мониторингтің автоматтандырылған жүйелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен мониторингтің өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру;

37) өз құзыреті шегінде Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;

39) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға халықты үйрету;

40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;

41) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөліністерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

46) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;

47) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар беру;

48) азаматтарға және заңды тұлғаларға су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін ұйғарымдар беру;

49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу туралы өтінішті сотқа жолдау;

50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

51) Комитетке өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

52) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;

53) өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

54) қала бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және әскери есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;

55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;

        56) Комитетке өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

57) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

15. Құқықтары және міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

6) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

7) қаланың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін жұмылдыруға өкім беру;

8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкеп соққан лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.

17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

19. Департамент бастығының өкілеттіктері:

1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;

3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;

4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;

5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;

6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

9) Департамент атынан шарттар жасасады;

10) Департамент атынан сенімхаттар береді;

11) банк шоттарын ашады;

12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;

13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;

14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

15) еңбек қатынастары мәселелері Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда Департаменттің, қалалық төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;

17) берілген құқықтар шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;

20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөліністерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілік береді (растайды);

21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыным енгізеді;

22) құрылымдық бөліністер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөліністерінің және Төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;

23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;

24) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерді бұзуға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің қаупіне әкеп соғатын Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;

25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

26) Департаменттің құрылымдық бөліністерінің және Департамент қарамағындағы қалалық төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.

20. Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

21. Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Департамент бастығы бекітеді.

4. Департаменттің мүлкі

22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылымы

структура каз

Шымент қаласы ТЖ департаментінің құрылымы

 

Департамент бастығы

Департамент бастығының орынбасарлары

 
     
Орталық аппарат
     
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы Бастық Райханов Д.К.

8(7252) 33-74-97

od _dchs_ shym @emer.kz

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Бастық

Ізбасаров Б.Ш.

8(7252 )33-74-88

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Штаб

Үркімбаев Т.Т. 8 (7252) 33-83-96 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Азаматтық қорғаныс бөлім

Бастық

Акылбеков Б.М.

8(7252) 53-63-57

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кадр саясаты бөлімі

Бастық

Камбаров Б.С.

8(7252) 33-74-98

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпараттандыру және байланыс тобы Расулов А.Г. 8(7252) 33-74-99 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы Турусбекова З.А.

8(7252)44-93-92

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпараттық-талдау тобы Кадиев Р.Т. 8 (7252) 33-74-99 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қаржымен қамтамасыз ету тобы Абдразакова Ш.А. 8 (7252) 33-74-85 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы Тулепбергенова Н.С.

8 (7252) 33-74-93

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тылдық қамтамасыз ету тобы Орымбаева Г.А.

8 (7252) 33-74-85

mto_dchs_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы Оразов К.Т. 8 (7252) 35-33-66
Заң тобы Ускенбаева Ш.Б. 8 (7252) 33-74-94 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Өзіндік қауіпсіздік тобы Джанбаев Б.К. 8 (7252) 33-74-97
Қаланың аудандық  ТЖ  бөлімдері
Абай ауданы ТЖБ Муратов Г.А.

44-34-94

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Әл-Фараби ауданы ТЖБ Расулов Б.А.

37-11-13

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Еңбекші ауданы ТЖБ Сарсембаев К.Е.

53-16-29

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қаратау ауданы ТЖБ Таскараев Е.К.

77-08-31

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар
     
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»ММ

Бастық

Бейсембаев А.А.

8(7252) 37-14-18

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ-ның Оңтүстік аумақтық пайдалану-техникалық басқармасы Альзак Е.У.

8(727)274-64-26

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы Конакбаев Б.Л.

56-03-62

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Жабдықталуы

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының жабдықталуы

Шымкент қаласы бойынша:

Қала бойынша барлығы 106 бірлік немесе норма бойынша 33,4%  , оның ішінде:

- ТЖД-7 бірлік техника (жабдықтау 100%)

- «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ - 75 бірлік (30 бірлік – негізгі өрт сөндіру техникасы, 15 бірлік – арнайы және 30 бірлік қосалқы) немесе 27,6% өрт техникасы бар, норма бойынша 271 бірлік тиісті.

- «Жедел - құтқару жасағы» ММ - 24 бірлік техника немесе 75%, норма бойынша 32 бірлік техника, оның ішінде 6 бірлік техника есептен шығаруға жатады.

 Жүзу құралдары: 41 бірлік жүзу құралдары бар немесе 62,1% (оның ішінде 11 мотормен), норма бойынша 66 бірлік (оның ішінде 24 мотормен).

Мотопомпалар: 92 бірлік мотопомп (оның ішінде 6 лас) бар немесе 41,2%, норма бойынша 211 бірлік мотопомп бар.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ бойынша ОҚО бойынша филиалы-7 бірлік автотехника бар немесе 53,8 %, норма бойынша 13 бірлік.

Анықтама: мемлекеттік материалдық резервтен 16 бірлік техника және 4 бірлік мотопомпа алынды. Оның ішінде 7 бірлік техника «ӨСжАҚЖҚ» ММ - не берілді («Камаз» базасындағы кран - 1 бірлік; «Камаз» базасындағы жүк тасымалдаушы - 2 бірлік; «Камаз» базасындағы вахтовка – 2 бірлік; бульдозер – 1 бірлік; әмбебап эксковатор - 1 бірлік, мотопомпалар-4 бірлік).

9 бірлік техника ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ ОҚФ - ға берілді («Кран»-«Камаз» базасындағы -1 бірлік, «Камаз» базасындағы вахталық автобус -1 бірлік, «бульдозер» Б - 10М - 2 бірлік, «Камаз» жүк тасушы - 1 бірлік, «Камаз» базасындағы әмбебап эксковатор – 2 бірлік, автогрейдер – 1 бірлік, тартқышы бар трейлер-1 бірлік).

Шымкент қаласының әкімі Департаментті материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын бекітті, жол картасы бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 4 890 070,0 мың теңгені құрайды (89 бірлік – көлік құралдары, 711 бірлік - өрт-техникалық және құтқару жабдықтары, 1 610 бірлік - арнайы жабдықтар).

Басшылық

18 Derbisov IUKO Дербісов Нұрболат Бекболатұлы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі
2018 жылғы 5 шілдеден бастап Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымына тағайындалған.
Азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов 1974 жылы 15 ақпанда ОҚО Төлеби ауданында дүниеге келген.
1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық құқық университетін, 2010 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Білімі бойынша «өндірістік және азаматтық қорғаныс құрылысы», «құқықтану», «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бар. Азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет атқарып келуде.
Қызмет атқару кезеңінде кіші және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарында болған. Н.Б.Дербисов қызмет жолын мемлекеттік өрт бақылау инспекторынан бастап, ОҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, кейін осы департаменттің бастығы лауазымына дейін жетті.
Өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыс барысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бірнеше рет ОҚО ТЖД «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасының ТЖ министрінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
25.04.2011 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесіне орай ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен арнайы «азаматтық қорғау подполковнигі», 08.12.2016 жылы ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «азаматтық қорғау полковнигі» шендері мерзімінен бұрын берілген. 2012 жылы «Ерікті өрт сөндіру қоғамдарының одағына 55 жылдығына» орай медальмен марапатталған. 2013 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» ҚР ТЖМ медалімен, «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» облыс әкімі атынан медалімен, 2015 жылы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 20 жылына байланысты мерейлі медалімен, 2017 жылы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Өрт-құтқару спортының дамуына қосқан үлесі үшін 2018 жылы Қазақстан Республикасы Спорт Федерациясының 10 жылдығына орай мерейлі медалімен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
 
17 Bahaev Бахаев Ерғали Жарасбекұлы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник
Бахаев Ерғали Жарасбекұлы 1973 жылы 08 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Техникалық-құқықтық сараптау» мамандығы, «инженер-сарапшы-құқық танушы» біліктілігі бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органында 2016 жылдың шілдесінен бері қызмет атқарып келеді. 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
ҚР Қарулы Күштер қатарындағы қызметін 1991-1993 жылдары «42642» әскери бөлімінде бастаған. 1998 жылдан 2005 жылға дейін «28237» әскери бөлімінде взвод командирі лауазымынан материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі лауазымына дейін қызмет атқарды. 2005-2006 жылдары - ҚР ТЖМ 942 азаматтық қорғаныс жеке полкі материалдық техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі болды.
ОҚО ТЖ департаментінде 2006-2007 жылдары «азаматтық қорғаныс, аумақты және халықты қорғау бөлімінің» аға офицері; 2007-2008 жылдары осы департаментте «жүйелік талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің» бастығы; 2008-2016 жылдары – «төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы; 2016-2017 жылдары - «Азаматтық қорғаныс басқармасының» бастығы лауазымдарын атқарды.
«ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалімен, ҚР ТЖМ «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, «ТЖ алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» ҚР ТЖМ медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Полициясына 25 жыл» мерейлі медальдарымен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
 
23 JAKS Жаксибаев Мадияр Есенгелдиевич Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі
 
Жаксибаев Мадияр Есенгелдиевич 1979 жылы 03 ақпанда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы, Гулістан ауданы, Крестьянское ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Жоғары өртке қарсы техникалық мектебін «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылғы 04 қазанда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған.
1996-2004 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет атқарған. 2004 жылдан бастап ҚР азаматтық қорғау органдарында қызмет атқаруда. Өртке қарсы қызметтегі жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында 2004-2005 жылдары аралығында №23 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің инспекторы лауазымынан бастап, 2005-2007 жылдары ОҚО Өртке қарсы департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасында инженер лауазымында қызмет атқарды. 2007-2008 жылдары аралығында осы департаменттің құрамында аға инженер лауазымында халықты оқыту және ақпараттандыру саласында тәжірибе жинақтады. 2008 жылы ТЖ органдары қайта ұйымдастырылып, ОҚО ТЖ департаментінде авариялық-құтқару қызметі бөлімінің, кейін мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы лауазымдарынан бастап, ОҚО ТЖ департаментінің Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы лауазымына дейін жеткен. Осы лауазымда 2016 жылға дейін жұмыс атқарып, 2016-2018 жылдар аралығында ОҚО ТЖД Шымкент қаласы ТЖ басқармасының бастығы лауазымында болды.
Қызмет атқару барысында жұмыста көрсеткен жетістіктері үшін бір қатар марапаттарға ие болды:
«Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және өрт күзетінің 89 жылдығына орай» құрмет грамотасы, ҚР ТЖМ «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II, III дәрежелі медальдары, ҚР ТЖМ «Құтқарушылар мерекесіне орай» құрмет грамотасы, ҚР ІІМ «Мінсіз қызметі үшін» 1 дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгісі, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі.
Үйленген, 3 баласы бар.

Байланыс

ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің телефон анықтамалығы
160024, Шымкент қ., Темірлан тас жолы, 18
«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»

ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» - «ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді
Шымкент қаласы ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының телефоны: 44-94-53
тел/факс 8 (7252) 44-94-39, кеңсе тел. : 8 (7252) 44-94-39, Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы 8-7252-44-94-28
Қабылдау бөлімі 8-7252-44-94-28
Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары 8-7252-44-93-91
Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары 8-7252-44-93-90
Штаб 8-7252-44-94-53
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 8-7252-44-93-92
Ақпараттық-талдау тобы 8-7252-44-94-31
Кадрлық жұмыстар бөлімі 8-7252-44-94-54
Техникалыққызметжәнеқұлақтандару тобы 8-7252-44-94-36
Біріңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы 8-7252-44-94-53
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімі 8-7252-44-93-88
ТЖ алдын алу бөлімшесі 8-7252-44-94-40
Азаматтық қорғаныс бөлімі 8-7252-55-11-71
ТЖ жою бөлімшесі 8-7252-99-71-50
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы 8-7252-44-94-39
Заң тобы 8-7252-44-94-30
Қаржымен қамтамасыз ету тобы 8-7252-44-94-55
Тылдық қамтамасыз ету тобы 8-7252-44-94-55
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы 8-7252-35-33-66