Принтерге шығару

Қызметі

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.

Департаменттің мақсаттары мен міндеттері:

Міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

Функциялар:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөліністерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;

6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

8) шекаралас мемлекеттердің шекара маңындағы өңірлерімен азаматтық қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;

10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;

11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;

16) облыс қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;

17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;

18) облыс қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;

19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;

22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;

24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;

28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

29) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;

31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;

32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органмен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;

34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

35) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамытуды және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;

39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;

40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;

41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;

50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;

52) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;

53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;

55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;

        56) өзінің өкілеттігі шеңберінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша Комитетке ұсыныстар енгізу;

57) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

 

Басшылық

Zhunusov
Жунусов Нұрғали Сырлыбайұлы ҚР ІІМ ТЖК Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі
1975 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдың «01» қыркүйегінен. 2018 жылдың 4 тамызында Түркістан облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.
ҚР ТЖМ І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
 
смаилов Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Смайлов Султанғали Иманғалиұлы
Смайлов Султанғали Иманғалиұлы 1964 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 1987 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін «өрт техникасы және қауіпсіздік» мамандығы, «өрт технигі» біліктілігі бойынша бітірген. 2007 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы, «өрт қауіпсіздігі инженері» біліктілігі бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органында 1985 жылдың қазан айынан бастап қызмет етеді. 2018 жылғы 25 қыркүйекте Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған.
ҚР Қарулы Күштер қатарындағы қызметін 1982-1984 жылдары 28959 әскери бөлімінде бастаған. Әскери қызметтен кейін 1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесіне түсіп, оны 1987 жылы бітірді. Өртке қарсы қызметтегі жұмысын Түркістан қаласында 1987-1992 жылдары аралығында №123 арнайы әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымынан бастап, 2006-2008 жылдары Түркістан қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы лауазымына дейін жеткен.
2008-2012 жылдары ТЖ органдарының қайта ұйымдастырылуынан кейін ОҚО ТЖД Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы; 2012-2013 жылдары ОҚО ТЖД Кентау қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы; 2013-2017 жылдары – ОҚО ТЖД Мақтаарал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы; 2017-2018 жылдары ОҚО ТЖД Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
Осы жылдар аралығында қызметте көрсеткен жетістіктері үшін бір қатар марапаттары бар:
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі, ҚР ТЖМ «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдары, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері», «Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атақтары бар.
Үйленген, 4 баласы, 4 немересі бар.
 
усербаев
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Усербаев Рауан Алтынсарыұлы
Усербаев Рауан Алтынсарыұлы 1978 жылы 09 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Южказинтерэтнос» халықаралық университетін «Шетел филологиясы (ағылшын тілі)» мамандығы, «филолог, ағылшын тілінің мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген. 2006 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономика саласын құқықтық реттеу» мамандығы, «заңтану бакалавры» біліктілігі бойынша бітірген. 2011жылы Ресей федерациясы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын «Командалық-штабтық, шұғыл-тактикалық азаматтық қорғау» мамандығы, «басқару саласында маман» біліктілігі бойынша бітірген. 2018 жылғы 25 қыркүйекте Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған.
ҚР Қарулы Күштер қатарындағы қызметін 1999-2000 жылдары 65229 әскери бөлімінде бастаған. Азаматтық қорғау органдарындағы жұмысын Шымкент қаласында 2001-2002 жылдары аралығында Төтенше жағдайлар басқармасының шұғыл әрекет және іс-шараларды жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымынан бастап, 2005-2008 жылдары Шымкент қаласыТөтенше жағдайлар басқармасының шұғыл әрекет және іс-шараларды жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымына дейін жеткен.
2008-2011 жылдары ҚР ТЖМ қайта ұйымдастырылуынан кейін ОҚО ТЖД Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы; 2011-2013 жылдары ОҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы халықты және аумақты қорғау бөлімінің бастығы; 2013-2016 жылдары ОҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы болды.
2016 жылы ОҚО ТЖД қайта ұйымдастырылуынан кейін ОҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары; 2016-2017 жылдары ОҚО ТЖД Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары; 2017-2018 жылдары ОҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы; 2018 жылы - ОҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
Осы жылдар аралығында қызметте көрсеткен жетістіктері үшін бір қатар марапаттары бар:
«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» төс белгісі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі.
Үйленген, 2 баласы бар.
 

Құрылымы

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымы

Басшы құрам Байланыс нөмірлері Электронды мекенжай

Департамент бастығы

Н.С. Жунусов

8-725-33-5-91-05, SIP-телефон: 17-00

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мамраимова Сауле Абдусаматовна

Қабылдау бөлімі:

8-725-33-5-91-11

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Департамент бастығының орынбасары

Р.А. Усербаев  

8-725-33-5-97-92  

Департамент бастығының орынбасары

С.И. Смаилов 

8-725-33-5-97-92  
Құрылымдық бөлімшелер
Дағдарыстық жағдайлардағы басқармасы

44-94-32

44-94-37

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы 5-91-08 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Азаматтық қорғаныс бөлімі   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Кадр саясаты бөлімі                55-11-70 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
Ақпараттандыру және байланыс бөлімшесі 5-91-08 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
Штаб (топ құқығында)                55-11-51 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
Ішкі және сыртқы коммуникациялар  тобы 5-91-08 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
Ақпараттық-аналитикалық топ   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Өзіндік қауіпсіздік тобы 55-11-51  
Құжаттамамен қамтамасыз ету тобы 5-91-11 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі 55-01-56 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы
Заң тобы 5-91-08 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
 

Ереже

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 161225, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, 160-орам, № 5 учаске.

9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

14. Функциялар:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөліністерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;

6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

8) шекаралас мемлекеттердің шекара маңындағы өңірлерімен азаматтық қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;

10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;

11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;

16) облыс қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;

17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;

18) облыс қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;

19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;

22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;

24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;

28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

29) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;

31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;

32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органмен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;

34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

35) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамытуды және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;

39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;

40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;

41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;

50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;

52) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;

53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;

55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;

56) өзінің өкілеттігі шеңберінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша Комитетке ұсыныстар енгізу;

57) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

15. Құқықтары және міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

3) белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;

8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.

17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

19. Департамент бастығының өкілеттіктері:

1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;

3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;

4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;

5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;

6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

9) Департамент атынан шарттар жасасады;

10) Департамент атынан сенімхаттар береді;

11) банк шоттарын ашады;

12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;

13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;

14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;

17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;

20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);

21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;

22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;

23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;

24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;

25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.

20) Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

21. Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Департамент бастығы бекітеді.

4. Департаменттің мүлкі

22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жабдықталуы

Төтенше жағдайлар орнында тиімді және шұғыл басқаруды қамтамасыз ету үшін Департамент келесі байланыс құралдарымен жабдықталған: аккумуляторлы батареялар арқылы зараядталу мүмкіндігі бар КВ, УКВ мобильді стационарлы және қолға алып жүретін радиостанциялары, сондай-ақ, «Иридиум» спутниктік байланысы бар.

Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-і авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, жоғары қабатты биік ғимараттарда орын алған өрттерді сөндіруге, адамдарды қауіпсіз көшіруге, сондай-ақ, ТЖ орнына шұғыл жеткізуге мүмкіндік беретін 137 бірлік түрлі маңыздағы техникалар көзделген. Солардың ішінде:
• 96 бірлік негізгі техника,

• 8 бірлік арнайы техника,

• 33 бірлік қосымша техника.

 

Фотогалерея

 
 
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
 
 

Байланыс көздері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ мекенжайы, Түркістан қаласы, Отырар м/а, 160 квартал, №5 телімі.

Тел./факс: 8 (7252) 55-01-56

Сенім телефоны:8 (7252) 44-94-37

Қабылдау бөлімі: 8-725-33-5-97-91