Принтерге шығару

Қызметі

Департамент қызметiнiң мәнi мен мақсатын
Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi республикалық, өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетiнiң аумақтық бөлiнiсi болып табылады.
Мiндеттерi:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауiпсiздiгi және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттiң алдын алуды және сөндiрудi ұйымдастыру.
Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау iс-шараларын ұйымдастыру және өткiзу кезiнде азаматтық қорғау күштерiне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу;
5) Департамент пен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
6) жергiлiктi атқарушы органның құзыретiне кiретiн азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында iргелес мемлекеттердiң шекара маңы өңiрлерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтiру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыретi шегiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зiлзалалар мен апаттарды тергеудi ұйымдастыру және жүргiзу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезiнде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттiлiктi айқындау үшiн Комитетке және жергiлiктi атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiн даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзiрлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы — облыс әкiмiне бекiту үшiн енгiзу;
16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келiсу;
17) жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеу және оларды облыстың әкiмiне бекiтуге ұсыну;
18) облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын келiсу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi және мазмұны жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекшi және жылжымалы басқару пункттерiн құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы — облыс әкiмiне енгiзу;
22) елдi мекендер мен аса маңызды мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерiктi құралымдардың тiзiлiмiн жүргiзу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi жоспарларды әзiрлеу;
25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауiпсiздiк паспорттарын және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерiнiң каталогтарын әзiрлеу;
26) жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлар кезiнде облыс әкiмiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
27) төтенше жағдайлар кезiнде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу;
28) суда құтқару және сүңгуiрлiк-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметiн үйлестiру;
30) авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткiзу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу;
33) өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзiрлiкте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатерi туралы болжам болған кезде күнi бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар берудi және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiн дамыту және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiмен автоматтандырылған жүйелердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыретi шегiнде азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң корпоративтiк ақпараттық-коммуникациялық жүйесiнiң, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсiлдерi мен iс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiнiң басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерiктi өрт сөндiрушiлердi кейiнгi даярлаудың бағдарламасын бекiту;
41) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
43) елдi мекендер мен объектiлерде өртке қарсы күреске өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң әзiрлiгiн бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауiпсiздiгi, азаматтық қорғаныс саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын сақтамағаны үшiн азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк, мемлекеттiк құпиялар және ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Комитетке енгiзу;
52) өз құзыретi шегiнде терроризммен күрес жөнiндегi облыстық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыретi шегiнде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) облыс бойынша мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлiк есептен белгiленген тәртiпте шығарылған әскери мiндеттiлердi арнайы есепке алуды жүргiзу;
55) өтiнiш берушiнiң азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестiгiне құрылысы аяқталған кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс, қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлерге, нормативтiк актiлерге және стандарттарға өзгерiстер, толықтырулар енгiзу жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелдi актiлерiнде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
Департаменттің мақсаттары және міндеттері:
• азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
• азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
• азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
• азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
• комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
• қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
• қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
• облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
• облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
• елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
• өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
• төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
• облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
• жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
• төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
• суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
• облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
• авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
• аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
• су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
• өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
• халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
• облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
• өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
• төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
• ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
• өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
• азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
• елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
• су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
• өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
• анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
• анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
• су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
• субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
• өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
• өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
• азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Басшылық

 
30 nachanlnik sko Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығы
Камалов Рамиль Фаткулович азаматтық қорғау полковнигі — 5 маусым 1976 жыл
Туғанжері: Торғай облысы, Есіл ауданы, Красногорский кенті
Ұлты: татар
Білімі: Жоғары. Бітірді 1996 ж. ҚР ІІМ Павлодартехникалық колледжін бітірген, 2008ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетті бітірген, оқуы бойынша мамандықтары «Ұйымдастыру және өртке қарсы қорғау техникасы»; «Стандарттандыру, метрология и сертификациялау»
Мемлекеттік марапаттары: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, ІІ және І дәрежелі медальдары; «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі; «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.
Жұмыс орындары:
09.1993ж. — 02.1996ж. ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжінің курсанты;
02.1996ж. — 01.1998ж. Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы;
01.1998ж. — 04.1998ж. Ақмола облысы МӨҚҚ №19 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы;
12.1998ж. — 07.1999ж. Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы;
07.1999ж. — 01.2001ж. Астана қаласы, «Өрт сөндіруші» РМК филиалының №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері;
10.2001ж. — 11.2002ж. Астана қаласының «Өрт сөндіруші» РМК №11 филиалының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
11.2002ж. — 02.2005ж. Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы;
02.2005ж. — 09.2006ж. ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы;
09.2006ж. — 03.2009ж. ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы;
03.2009ж. — 04.2010ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы;
04.2010ж. — 11.2010ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы;
11.2010ж. — 10.2014ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы;
10.2014ж. — 16.01.2015ж. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы;
16.01.2015ж. — ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары, Ақтау қаласы;
05.06.2017 ж. — ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Петропавл қаласы.
 
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары
atygayev_n_b Азаматтық қорғау полковнигі Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы 31.05.1978 ж.т., қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын аяқтаған, өрт қауіпсіздігінің инженері.
Нұрлан Бауыржанұлы 1999 жылдан бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқытушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, 2009 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында СҚО ТЖ департаментінің Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімін басқарды.
2011- 2014 жылдар аралығында СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау Басқармасының бастығы болды.
2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің өрт қауіпсіздігі саласында Бақылау және алдын – алу қызметі Басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Н.Б. Атығаевтың мемлекеттік өрт бақылау саласында жұмыс тәжірибесі мол, ол ауылдық аумақтарда өрт сөндіру кезінде еріктілердің қатысуын үлгі ретінде таратып, халық арасында өрттерді алдын – алуға инновациялық әдістерді енгізу бойынша, облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Департаменттің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша біршама бастамашылық танытты.
2015 жылы полковник Атығаевтың басшылығымен СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын – алу қызметі басқармасы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» атты 4-ші республикалық конкурста үшінші орынға ие болды.
Нұрлан Бауыржанұлы өзін бастамашыл, талапшыл, мақсатшыл басшы ретінде жақсы жағынан көрсете білді.
ІІІ және ІІ деңгейлі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталған.
Үйленген. Екі баласы бар.
sarybayev Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жкғдайлар департаменті бастығының орынбасары
Подполковник Сарыбаев Ерік Темірханұлы, 28.05. 1976  ж.т., қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Оңтүстік Қазақастан университетін, 2013 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын аяқтаған, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», « Әскери бөлімдер және құрамаларды басқару» білімі бойынша мамандықтары бар.
Ерік Темірханұлы 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаруланған күштерінде, соның ішінде ҚР ІІМ әскери бөлімдерде басшылық лауазымындажұмыс істеді.
2009 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесінде қызмет етеді. 2010 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының азаматтық қорғаныс іс шараларын бақылау бойынша бөлім бастығы лауазымын атқарды, ал сол жылдың қарашасынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару қызметтері бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстіка Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қ. Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, ал 2013 жылдың тамызынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департам енті Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
2013 жылдың тамызынан  2016 жылғы тамызына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары болды.
Сарыбаев Ерік Темірханұлы ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметінде тәжірибесі бар, жұмысының әр учаскесінде өз ісінің кәсіпқойы ретінде көрсетті.
Үйленген.

 

Құрылымы

 
sko_str_kaz
Ақпараттарды интернет-ресурстарында орналыстыру үшін ҚР ІІМ ТЖК  СҚО ТЖ департаментінен өтінім
Басшылық Байланыс (телефондар) Электронды мекенжай

Бастық  

 

Қабылдау бөлімі

тел.:

7(715)252-27-33 (факс),

7(715)255-10-78

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары

 

 

7(715)2340143,

7(715)2551074

pr_dchs_sko @emer.kz

 

Бастықтың орынбасары

 

 

7(715)2522716

7(715)2551080

pr_dchs_sko @emer.kz

 

Құрылымдық бөлімшелер
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы 7(715)2340127

od_dchs_sko@ emer.kz edds_dchs_sko@ emer.kz

 

 

Азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелдерін төмендету және бақылау басқармасы 7(715)2340130    gpk_dchs_sko
Азаматтық қорғаныс бөлімі 7(715)2340128, 7(715)2551095

go_dchs_sko @emer.kz

 

 

Техникалық қызмет және ақпараттандыру бөлімі 7(715)2522621, 7(715)2551077

it_dchs_sko @emer.kz

 

 

Штаб (бөлімше құрамында) 7(715)2522641, 7(715)2551101

vk_dchs_sko@ emer.kz

 

 

Ақпараттық-аналитикалық топ 7(715)2340142, 7(715)2551076

iar_dchs_sko@ emer.kz

 

 

Кадр саясаты бөлімі 7(715)2340144

ok_dchs_sko@ emer.kz

 

Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі 7(715)2522523, 7(715)2502743

fin_dchs_sko@ emer.kz

 

Тылмен қамтамасыз ету тобы  7(715)2522523

fin_dchs_sko@ emer.kz

 

Заң тобы 7(715)2522635, 57(715)251071

po_dchs_sko@ emer.kz

 

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

7(715)2522539, 7(715)2551096   

 

 

ps_dchs_sko@ emer.kz
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы 7(715)2340129

 

 

Құжаттамамен қамтамасыз ету тобы 7(715)2522624, 7(715)2551072

dchs_sko@ emer.kz

 

Өзіндік қауіпсіздік тобы

7(715)2340147

 

sb.dchs.sko@ emer.kz

 

Аумақтық бөлімшелер

Петропавл қ. ТЖБ

 

7(715)2522495

 

 

uchs_petropavl_sko@ emer.kz

 

Айыртау ауданы ТЖБ 7715327227 ochs_airtau_sko@ emer.kz
Ақжар ауданы ТЖБ 77154621045 ochs_akjar_sko@ emer.kz
Аққайың ауданы ТЖБ 77153221065 ochs_akkain_sko@ emer.kz
М. Жұмабаев ауданы ТЖБ 77153122601 ochs_mzhum_sko@ emer.kz
Есіл ауданы ТЖБ 77154322049 ochs_esil_sko@ emer.kz
Жамбыл ауданы ТЖБ 77154422700 ochs_gamb_sko@ emer.kz
Мамлют ауданы ТЖБ 77154122040 ochs_maml_sko@ emer.kz
Қызылжар ауданы ТЖБ 77153828369 ochs_kyzyl_sko@ emer.kz
Тайынша ауданы ТЖБ 77153623415 ochs_tainsh_sko@ emer.kz
Тимирязев ауданы ТЖБ 77153721342 ochs_timiryaz_sko@ emer.kz
Уалихан ауданы ТЖБ 77154221430 ochs_ualihan_sko@ emer.kz
Шал ақын ауданы ТЖБ 77153421178 ochs_shalakyn_sko@ emer.kz
Ғ. Мүсірепов ауданы ТЖБ 77153522598 ochs_gmus_sko@ emer.kz
Ведомстваға бағынысты мекемелер
 ҚР ІІМ ТЖК  "Аппаттар медицинасы орталығы" ММ  СҚО бойынша филиалы

7(715)2541181

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖД  «ӨСжАҚЖҚ» ММ

8(7152)522638

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 


Жабдықталуы

 

2019 жылға СҚО ТЖД техникалық құралдармен

 жабдықталуы туралы ақпарат

 

«СҚО облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жарағында 141 бірлік өртке қарсы техникасы, оның ішінде 81 бірлік негізгі техникасы, 13 бірлік арнайы өрт сөндіру машиналары және 47 бірлік қосалқы техникасы            бар.
 Күн сайын өрт сөндіру қызметінің гарнизонында орташа есеппен 117 адам жеке құрамнан, жауынгерлік есепте 47 негізгі және 12 бірлік арнайы өрт сөндіру көліктері бар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда жауынгерлік дайындығы мен тиімділігін арттыру үшін жауынгерлік есепке өтімділігі жоғары шассиіндегі өртке қарсы техника (Урал-4320, Урал-5557, Зил-131, КамАЗ-43118, Камаз-43114) 33 бірлік санында енгізіледі.
Жауынгерлік есепке өрт автоцистернасы: АНР-1 бірлік, АР-2 бірлігі және ӨНС - 2 бірлік, барлық қажетті            өртке  қарсы  қару-жарақпен          жабдықталған.
Петропавл қаласының 2-МӨСБ, Шал ақын ауданының Сергеевка қ. 6-ӨСБ бөлімшелерінде, АСА-20 (Камаз-43114) өтімділігі жоғары шассиінде авариялық-құтқару көлігі бар, Петропавл қаласы ӨСБ ТҚКБ шынжыр табанды тартқыш тасымалдағышы бар (ГТ-ТБ), Айыртау ауданы 7-ӨСБ мен 23-ӨБ      жеңіл            брондау          шағын                        тартқыш(ЖБШТ)      бар.
СҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Жедел-құтқару жасағында»(бөлім құқығында) 1 жедел-құтқару жасағы,1 су асты-құтқару бөлімшесі және 2 суда құтқару станциясы бар: Петропавл қаласы Есіл өзені суда құтқару станциясы, Петропавл қаласы Пестрое көлі суда құтқару станциясы.

Жедел-құтқару жасағының    жабдықталуы:
36 бірлік автокөлігі, 25 бірлік суда жүзу құралдары, оның ішінде 3 катер,7 моторлы қайық, үрмелі резеңке қайықтары – 5 дана, 10дана еспелі қайықтар, қайық қозғалтқыштары - 9; су асты құрал-сайманы10 акваланг санында сүңгуір жабдықтары, 5 дана «дымқыл киім» түріндегі гидрокостюм, 6 дана «құрғақ киім» түрінде гидрокостюм, 1 жоғары қысымды компрессор, бірорынды шатыр-1, бет маскасы - 2, 6     дана сүңгуір киімі; байланыс құралдары-34.

СҚО ТЖД техникалық құралдармен жабдықталуы туралы ақпарат

 

КАМАЗ-43114(Вахтовка) техникалық сипаттамасы     

    

22 SPIASR 1
22 SPIASR 2

 

п/п

Сипаттама
1 Шыққан жылы   2011
2 Дөңгелекті  формула 6х6
3 Қозғалтқыш қуаты кВт (ж/к) 240
4 Қозғалтқыш көлемі (см3) 6250
5 Қозғалу қорабы   механикалық, 5 сатылы
6 Кораптың № 2227554
7 Түсі Ақ
8 Максималды жылдамдығы сағ/шм 90
9 Қозғалтқыш түрі Дизелді
10 Цилиндр саны 8
11 Таза салмағы (кг) 11400
12 Рұқсат етілген таза салмағы (кг) 13610
13 Отыратын орын   30
14 Ұзындығы  (мм) 7565
15 Ені (мм) 2500
16 Биіктігі (мм) 3250

КАМАЗ-43118 көлігіне техникалық сипаттама

21 SKO SPIASR 1 21 SKO SPIASR 2

      

п/п

Сипаттама
1 Шыққан жылы   2012
2 Дөңгелекті формула 6х6
3 Қозғалтқыш қуаты кВт (ж/к) 240
4 Қозғалтқыш көлемі (см3) 10850
5 Қозғау қорабы   Механикалық , 5 сатылы
6 Қораптың № 2285258
7 Түсі Ақ
8 Максималды жылдамдығы км/сағ 90
9 Қозғалтқыш түрі Дизельді
10 Цилиндрлер саны 8
11 Таза салмағы (кг) 10500
12 Рұқсат етілген максималды салмағы (кг) 21600
13 Отыратын орын 30
14 Ұзындығы (мм) 7565
15 Ені (мм) 2500
16 Биіктігі (мм) 3740

 

«Trident» CT-720 катеріне техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м 7,25
Габарит ені, м 2,4
Борт биіктігі, м 1,1
Адамдар сыйымдылығы, кісі 7
Шанақ салмағы, кг 750
Жүк көтергіштігі, кг 2230

 

 «Новая Ладога М» катеріне техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   5,5
Габарит ені, м   2,25
Борт биіктігі, м   1,1
Адамдар сыйымдылығы, кісі   6
Шанақ салмағы, кг   550
Жүк көтергіштігі, кг   700

Seawind 520 катеріне техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   5,2
Габарит ені, м   2,15
Борт биіктігі, м   1,0
Адамдар сыйымдылығы, кісі   6
Шанақ салмағы, кг   -
Жүк көтергіштігі, кг   600

Windboat-47 метал қайығына техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   4,88
Габарит ені, м   1,88
Борт биіктігі, м   0,83
Адамдар сыйымдылығы, кісі   6
Шанақ салмағы, кг   -
Жүк көтергіштігі, кг   500

Windboat-46 метал қайығына техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   5,0
Габарит ені, м   1,42
Борт биіктігі, м   0,68
Адамдар сыйымдылығы, кісі   4
Шанақ салмағы, кг   -
Жүк көтергіштігі, кг   400

Kazboat-42 моторлы қайығына техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   4,4
Габарит ені, м   1,5
Борт биіктігі, м   0,6
Адамдар сыйымдылығы, кісі   5
Шанақ салмағы, кг   95
Жүк көтергіштігі, кг   500

IB-380 моторлы қайығына техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   3,8
Габарит ені, м   1,7
Борт биіктігі, м   0,48
Адамдар сыйымдылығы, кісі   6-7
Шанақ салмағы, кг   -
Жүк көтергіштігі, кг   720

Резеңке қайығына  техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   4
Габарит ені, м   2
Борт биіктігі, м   0,48
Адамдар сыйымдылығы, кісі   6
Шанақ салмағы, кг   -
Жүк көтергіштігі, кг   700

«Голавль» еспелі қайығына техникалық саралау

Габарит ұзындығы, м   4,1
Габарит ені, м   1,38
Борт биіктігі, м   0,50
Адамдар сыйымдылығы, кісі   3
Шанақ салмағы, кг   95
Жүк көтергіштігі, кг   250

 

2019 жылға СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының (бөлім құқығында) шағын өлшемді кемелер тізбесі

Кеме түрі Шығару жылы кеме№  Кеме билетінің Қозғалтқыш белгісі

Серия нөмірі

 

1 Катер «Trident» CT-720 РФ2013 СҚО-0678 005240 YAMAHA-200 RU-TABSF 037 C212
2 Катер «Новая Ладога М» РФ2011 СҚО-0672 005232 YAMAHA-115 1033
3 Катер Seawind 520 РФ2011  СҚО-0614 002108 Mercury-90 SW 0700292
4 Windboat-47 метал қайығы РФ2012  СҚО-0619 002113 - 9603192
5 Windboat-47 метал қайығы РФ2012 СҚО-0621 002115 Mercury-40 9602174
6 Windboat-47 метал қайығы РФ2012 СҚО-0623 002117 - 9603193
7 Лодка металлическая Wellboat-46 РФ2009 СҚО-0622 002116 - 47100540
8 Wellboat-46 метал қайығы РФ2009 СҚО-0626 002120 - 47100438
9 Kazboat-42 K моторлы қайығы РК2018 СҚО-0703 007438 YAMAHA-30 09021842078262
10 Kazboat-42 K моторлы қайығы РК2018 СҚО-0702 007437 YAMAHA-30 09021842075233
11 IB-380 моторлы қайығы Қытай 2012 СҚО-0620 002114 Mercury-15 А3809G111
12 IB-380 моторлы қайығы Қытай 2012 СҚО-0615 002109 Mercury-15 А3803G111
13 Резеңке  қайығы   -   Merlin-9,9 CNWNOAHO90I111
14 Резеңке  қайығы   -   - CNWNOAHO97I111
15 Резеңке  қайығы   -   - -
16  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
17  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
18  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
19  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
20  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
21  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
22  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -
23  «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -

24

 

 «Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -

25

 

«Голавль» еспелі қайығы РФ2002 -   - -

 

Барлығы жүзу құралдары  25дана:

  1. Катер – 3 дана
  2. Моторлы – 7 дана
  3. Резеңке үрмелі қайықтар – 5 дана
  4. Еспелі қайықтар – 10 дана
  5. Қайықтар моторлары – 9 дана
  6.  

ВТС ТРЭКОЛ-39294 техникалық саралау

 

Суреттелуі
1 Шығару жылы 2013
2 Сыйымдылығы  (отыру орындар саны, жүргізуші орнын қоса) 2+6
3

Номиналды жүк көтергіштігі, қосымша жабдықтың, жүргізушінің, жолаушылар мен жүктің салмағын қоса, кг:

- жабыны бар  жолдары мен  тығыз топырақты жолдарда

- осал топырақтар мен жүзу жолдарында

700

400

4 Дөңгелекті формула 6х6
5 Жабдықталған салмақ (қосымша жабдықты қоспағанда), кг 2800
6

Мүмкін болатын  толық салмағы ВТС, кг:

- жабыны бар  жолдары мен  тығыз топырақты жолдарда

- осал топырақтар мен жүзу жолдарында

3500

3200

7

Жолға деген жүктемені бөлу ВТС толық салмағынан, кг:

- алдынғы дөңгелекке

- ортаншы белағашына

- артқы дөңгелекке

 

Тең бөлінуге жақын
8 ВТС толық салмағымен жылдамдығы, сағ/шм кем дегенде 70
9 Үлестіру қораптағы төмен беріліс кезінде тұрақты ең аз жылдамдығы, сағ/шм 5
10 Алдынғы сыртқы дөңгелекпен бұрылу радиусы, м 9
11 ВТС толық салмағымен  еңсерілетін жоғарғы көтеріліс, %(град.), кем дегенде 60 (31)
12 ВТС еңсерілетін құрғақ және қатты топырақ учаскесіндегі максималды беткей, % (град.), кем дегенде 36 (20)
13  Тұрақты сағ/40шм жылдамдығымен қозғалу барысында отынның бақылау шығыны, 100шм/л. 17
14 Отын сауытының сыйымдылығы, л. 100
15 Отынның бақылау шығыны жөнінде жүрістің қоры,шм, кем дегенде 560
Фотосуреттерде – 2015 жылдың наурызынан бастап СҚО ТЖД балансында тұратын байланыс және құлақтандыру УАЗ-390995-441 автокөлігі және 2008 жылдың қарашасынан бастап СҚО ТЖД балансында тұратын жедел-штабтық УАЗ-390902 автокөлігі көрсетілген.

uazz

uazz_1

uazz_2

uazz_2
 

uazz

uazz_1

uazz_2

uazz_2

 

Фотогалерея

galereya galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1
galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_9
galereya_1 galereya_11 galereya_1 galereya_13 galereya_1
galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_19
galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1
galereya_1 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01
sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya08 sko_fotogalereya01
sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_foto01 sko_foto02
sko_foto02 sko_foto02 sko_foto02 sko_foto02 sko_foto02
sko_foto02 sko_foto02 sko_foto02    
sko_foto1 sko_foto1 sko_foto1
sko_foto1 sko_foto1 sko_foto1
sko_foto1 sko_foto1 sko_foto1

Байланыс

«Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ заңды мекен – жайы: – 150010, Петропавл қ, Ғ. Мұсірепов көшесi, 32, тел./факс 8 (7152) 52-27-33.
Азаматтардың үндеуі үшін негізгі e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Веб-мекен-жай:www.chs.sko.kz
IIМ Бiрыңғай сенiм телефоны — 1402
Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ департаментiнiң сенiм телефондары: 52-21-72.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ азаматтардың өтініш жасауы үшін сенім телефоны: +7 7152 52-26-37.
Солтүстік қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» ММ азаматтардың өтініш жасауы үшін e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.