Принтерге шығару

Қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі устер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
 
1. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 –шағын ауданы.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
14. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;
18) облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;
17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);
21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20. Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 
 

Басшылық

23 Bazarbaev Базарбаев Қуанар Бекенұлы – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.
1967 жылы 24 мамыр Солтүстік –Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының Қаратал селосында туылған.
• Білімі: Жоғарғы, 2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген, мамандығы –өрт қауіпсіздік инженері.
Еңбек өтілімі:
•1992ж. СҚО ІІД ӨҚБ «ТҚ» қоймасының өрт сөндірушісі;
•1992-1994 ж.ж. Петропавловск қаласын қорғау бойынша ІІД ӨҚБ 75-ПІӨБ-нің өрт сөндірушісі;
•1994ж. Петропавоск қаласын қорғау бойынша ІІД ӨҚБ 75- ПІӨБ МӨҚ инспекторы;
•1996-1997 ж.ж. СҚО ІІД МӨҚБ анықтау бөлімшесінің инспекторы;
• 1997ж. СҚО ІІД МӨҚБ ӨСКҚ өртті сөндіру басшысының көмекшісі;
• 1997-1999 ж.ж. СҚО ТЖМҚ МӨҚ ӨСКҚ өртті сөндіруде аға көмекшісі;
•1999г. Помощник руководителя тушения пожара ДСПТ ГПС СКО;
•1999-2000 ж.ж. СҚО МӨҚ 2-ӨБ Петропавловск қаласын қорғау бойынша пост бастығы;
•2000ж. СҚО МӨҚ Петропавловск қаласының 17-ӨБ бастығы;
•2000-2001 ж.ж. Петропавловск қаласы СҚО МӨҚ ҚО 17-ӨБ бастығы;
•2001-2005 ж.ж. Петропавловск қаласы СҚО МӨҚБ ҚО 17-ӨБҚ бастығы;
•2005-2008 ж.ж. Солтүстік –Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметі» ММ филиалының бастығы;
•2008-2011ж.ж. Солтүстік –Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;
•2011-2012ж. Солтүстік –Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;
• 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары;
• 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Мемлекеттік және ведомстволық марапаттары:
• «Казахстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған;
• «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін» II, III дәрежелі медалімен марапатталған;
• «Құтқару операцияларында белсеңді қатысқаны үшін» төс белгісімен марапатталған
• «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін» I әрежелі медалімен марапатталған;
• «Казахстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталған.
 
Abdikadirov ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары подполковник – Абдикадыров Бекболат Каирбекович –
Туған күні 04» мамыр 1975 жылы
Туған жері Кызылорда облысы Кызылорда қаласы
Ұлты қазақ
Білімі – әскери,1994 жылы бітірген, РФ ӘҚ, Переславль-Залесский ракеталық әскери стратегиялық гвардиялық байланыс мектебі. Біліму бойынша мамандығы «байланыс кезекшісі»
Білімі – жоғары, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2007 жылы Көкшетау университетін бітірген
Оқуы бойынша мамандықтары «Өрт қауіпсіздігі», «Құқықтану»
Мемлекеттік марапаттары 8 ведомстволық медалі (мерейтлойлық және өтіліміне қарай), 5 алғыс хат (ведомствалық және жергілікті атқарушы органдардан), 4 грамота (ведомствалық жергілікті атқарушы органдардан, Азербайжан Республикасы ТЖМ)
Жұмыс оырндары:
06.1993 – 11.1997 жж. Ресей Федерациясы Әскери күштері белгілеген Ракеталық әскери қызметі;
12.1998 – 05.1999жж. – СҚО Зеренды ауданының МӨҚ 17 ӨСБ Өрт сөндірушісі;
05.1999ж. – Ақмола облысының МӨҚ қарамағына жіберілді;
06.1999 – 04.2002жж. – Ақмола облысы Зеренды ауданының МӨҚ 14 ӨСБ бөлімше командирі (штаттық өзгерістерге байланысты);
04.2002 – 01.2005жж. – Ақмола облысы Зеренды ауданының МӨҚ 14 ӨСБ инспекторы;
01.2005 – 03.2005жж. – ӨҚБ қайта ұйымдастыруына байланысты;
03.2005 – 04.2005жж. – Зеренды ауданы ТЖ саласында мемлекеттік қадағалау бөлімінің Ақмола облысының ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты) инженердің міндетін уақытша атқарушы (бас маман лауазымы есебінен);
04.2005 – 07.2005жж. – Ақмола облысы ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы Көкшетау қаласының ТЖБ мемлекеттік қадағалауының аға инженері;
07.2005 – 05.2006жж. – Ақмола облысы ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы Көкшетау қаласының ТЖБ мемлекеттік қадағалауының бас маманы (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты);
05.2006 – 07.2006жж. – Ақмола облысы ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы мемлекеттік өрт сөндіру бақылау қызметінің бас маманы;
07.2006 – 09.2006жж. – 2006ж.07.07. ҚР ТЖМ № 227 бұйрығын орындау үшін Ақмола облысы ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы қайта ұйымдастыруына байланысты ҚР ТЖМ қарамағына шығарылды;
09.2006 – 08.2007жж. – Ақмола облысы ӨҚД мемлекеттік бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты);
08.2007 – 09.2007жж. – Ақмола облысы ӨҚД мемлекеттік бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженерінің міндетін атқарушы (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты);
09.2007 – 04.2008жж. – Ақмола облысы ӨҚД мемлекеттік бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері;
04.2008 – 09.2008жж. – Ақмола облысы Атбасар ауданының ӨСжАҚЖ ММ филиалының №4 МӨСБ аға инженері;
09.2008 – 10.2008жж. – Ақмола облысы Атбасар ауданының ӨСжАҚЖ ММ филиалының №4 МӨСБ аға инженері (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты);
10.2008 – 03.2009жж. – Ақмола облысы ТЖД авариялық-құтқару қызметтерінің бас маманы;
03.2009 – 02.2010жж. – Ақмола облысы ТЖД авариялық-құтқару қызметтерінің инженері (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты);
02.2010 – 10.2010жж. – Ақмола облысы ТЖД авариялық-құтқару қызметтерінің аға инженері (ұйымдастыру штаттық өзгерістерге байланысты);
10.2010 – 11.2010жж. – «Мемлекеттік бюджет және ҰАО сметасы есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шаралары туралы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын көрсету мақсатында ҚР Президентінің 27.09.2010 ж. №1072 Жарлығын «іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР ТЖМ 04.10.2010 ж. №337 бұйрығына сәйкес Ақмола облысы ТЖД қарамағына енгізілді;
11.2010 – 09.2011жж. – Ақмола облысы ТЖД ақпараттық-аналитикалық бөлімінің аға инженері;
09.2011 – 09.2013жж. – Ақмола облысы ТЖД ішкі бақылау бөлімінің бас маманы;
09.2013 – 10.2014жж. – ҚР ТЖМ ішкі бақылау және аудит департаменті аумақтық бөлімшелерінің қызметін басқару басқармасының бас маманы;
10.2014 – 11.2014жж. – «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылды және Ақмола облысы ТЖД қарамағына енгізілді;
11.2014 – 06.2015жж. – Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары;
06.2015 – 06.2015жж. – ҚР ІІМ ТЖК қарамағына одан әрі қызметің атқаруға жіберілді;
06.2015 – 06.2017жж. – ҚР ІІМ ТЖК азаматтық қорғаныс Басқармасы азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау және халықты оқыту бөлімінің аға офицері;
06.2017 – 06.2017жж. – Маңғыстау облысы ТЖД қарамағына одан әрі қызмет атқару үшін жіберілді;
06.2017 – 02.2020жж. – Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы;
02.2020ж. – негізгі уақытқа дейн – ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
 
 
23 Muhanov Азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов 1985 жылы 01 шілдеде Маңғыстау облысы жаңаөзен қаласында туған.
Білімі жоғары, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады.
2006 жылдың шілдесінен бастап Маңғыстау облысы өртке қарсы қызмет Департаментінің Өртке қарсы нормалау және лицензиялау басқармасының нормативті-техникалық бөлімінің инженері.
2007 жылды қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы өртке қарсы қызмет Департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері.
2009 жылдың шілдесінен бастап Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Өртке қарсы нормалау бөлімінің бас маманы.
2010 жылдың ақпанынан бастап Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы.
2016 жылдың желтоқсанынан бастап Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.
2017 жылдың тамызынан бастап Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментстығының орынбасары.
Марапатталды:
ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы ТЖМ құрмет грамотасымен.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
 
 

 

Құрылымы


Маңғыстау облысы ТЖД Департамент бастығы

Басшылық Байланыс Электрондық мекенжай

 Бастық

Қуанар Бекенұлы Базарбаев

 

қабылдау бөлімі

тел.:42-68-44

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бастықтың орынбасары

Манарбек Хамидоллаұлы Мұханбетов

қабылдау бөлімі

тел.: 42-68-44

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Бастықтың орынбасары

 Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов

Қабылдау  бөлімі

тел.: 42-68-44

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Құрылымдық бөлімшелер

Кеңесшілер тобы

Сейтмолда Мұханов

тел.: 42-68-44  -

Штаб (топ құқығында)

бас маман Гүлнар Сарсенқызы Бисенова

тел.: 701-704   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Азаматтық қорғау бөлімі

бастығы Бекболат Қайырбекұлы Әбдіқадыров

тел.: 701-709

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

бастық Нұржан Орысбайұлы Борашев

тел.: 701-716

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасы

бастықтың м.а. Жанат Абайұлы Алимбетов

тел.: 42-68-00

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кадр саясаты бөлімі

бастығы Анара Жұбантайқызы Тусина

тел.: 701-705

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі

басшысы Жанар Аяшқызы Қозыбағарова

тел.: 701-710 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпараттандыру және байланыс бөлімшесі

бастығы Қалдыбай Жалғасұлы Қаражанов

тел.: 701-707  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ақпараттық-аналитикалық бөлімше бастығы Жеміс Махмудқызы Бекджанова тел.:  701-711  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы бас маман Гүлнар Мусақызы Ходжабекова

тел.: 701-708

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы бас маман Фархад Ихласович Мендыбаев тел.: 42-68-44  -

Заң тобы

  бас маман Анарбек Қайырбекұлы Бакиров

тел.: 42-68-08

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы бас маман Саулет Сайынқызы Қапашева

тел.:  701-706

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тылдық қамтамасыз ету тобы

  Майра Көңілқосқызы Әділханова

тел.: 42-68-02  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Өзіндік қауіпсіздік тобы аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Сұлтанұлы Әжібаев  тел.: 20-42-41  
Қала және аудан бөлімшелері

Ақтау қаласының ТЖБ

бастығы Алмас Атапкелұлы Ысқақов

тел.: 60-59-76

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Жаңаөзен қаласының ТЖБ

 бастығының м.а. Боранбаей Жұмабайұлы Каналиев

тел.: 43-160

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Түпқараған ауданының ТЖБ

бастығы Нұрқожа Қожабергенұлы Әлжанов

тел.: 22-701 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қарақия ауданының ТЖБ

бастығының м.а. Данияр Дастанұлы Елшібаев

тел.: 21-376 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

  Маңғыстау ауанының ТЖБ

бастығының м.а. Жолдыбек Бекбауылұлы Бисенбеков

тел.: 21-604

 

 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бейнеу ауданының ТЖБ

бастығы Бауыржан Ошақбайұлы Оңғарбаев

тел.: 25-485 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мұнайлы ауданының ТЖБ

бастығы Азамат Сақтағанұлы Құлманов

тел.: 701-725 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жабдықтау

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті
 
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖ болуы мүмкін аймақта тиімді және жедел басқару үшін Газель базасында байланыс құралдары мен командалық-штабтық ақпартанумен жабдықталған олар: Skeeg 2 спутникті терминал байланысымен ТЖ болып жатқан жерден бейнетаспасын көрсету мүмкіндігі бар, аккумуляторлы батареямен зарядтау мүмкіндігімен УКВ мобильді және тасымалды радиостанциялармен, 2 нөмірге дейін қалалық телефон байланысымен, Интернетке шығатын және электронды пошта жіберу (баяндама,ақпарат, фото материалдар және т.б.) мүмкіндігі бар қосылған ноутбукпен, принтер, автономдық электро қорегімен қамтылған.
2019 жылдың 31 наурыздағы жағдай бойынша Қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіру автокөліктері паркінде түрлі функционалдық мақсаттағы 91 бірлік өрт техникасы оның: ішінде 51 бірлік негізгі , 18 бірлік арнайы, 22 бірлік көмекші өрт техникалары бар.
Маңғыстау облысы ТЖД «ЖҚЖ»ММ Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 20 бірлік әр түрлі техника арналған, олардың ішінде: 14 автокөліктер, 16 жүзу құралдары (катерлер, аспалы моторлы қайыктар). 2018 жылы 2 бірлік техника алынды (ТRIDENT Zmey 850-K маркалы катер және РХБҚ қызметіне арналған Газель маркалы автокөлік). Аталған техника- бұл Каспий теңізі айдындарында және Казатомөнеркәсіп өндірістік кәсіпорындарында құтқару жұмыстарын жүргізумен қатар авариялық-құтқару бөлімшесін жарақтандыруға материалдық-техникалық үлес қосады
 

Фотогалерея

mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1
mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1 mang_foto1
10 D4S Mangistau 1 10 D4S Mangistau 1 10 D4S Mangistau 3 10 D4S Mangistau 4 10 D4S Mangistau 5 10 D4S Mangistau 6
9 Mang texnika 1 9 Mang texnika 2 9 Mang texnika 3 9 Mang texnika 4 8 Mang Brifing 1 8 Mang Brifing 2
8 Mang Brifing 3 8 Mang Brifing 4 13 Мангистау ДЧС 1 13 Мангистау ДЧС 2 13 Мангистау ДЧС 3 13 Мангистау ДЧС 4
13 Мангистау ДЧС 5 06 фото 1 06 фото 2 06 фото 3 06 фото 4  

 

Байланыс

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 24-ші шағын аудан.  
Тел./факс: 8 (7292) 42-68-00, 42-68-68, 52-44-22
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Tab