Принтерге шығару

Қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініңТөтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысыныңТөтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
2.Департамент өз қызметiн ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Депаратамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындашоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі100027, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 4-үй.
9. Департаменттің толық атауы –«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініңТөтенше жағдайлар комитеті ҚарағандыоблысыныңТөтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11.Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары менміндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
14. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлараймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16)жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;
17)облыстың қалалары мен аудандарыныңтөтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
19)Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
21)елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22)өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
30) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
31) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
32) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
33) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
34) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
36) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
37)азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
38) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
39) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
40) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
41)азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
43)су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
44) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
51) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;
52)өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
53)облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
54) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
55) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
56) өз құзыреті шегінденормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
57) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5)қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Департаментқызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттаржасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандықТөтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;
17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);
21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20) Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Басшылық

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
nachal1 1 Полковник Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлы – Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Туған күні: 30 қараша 1972 жыл
Туған жері: Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау ауылы.
Білімі: жоғары
- Қарағанды политехникалық институты
- Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс Академиясы
Еңбек қызметі: Қарағанды политехникалық институтының студенті, Қарағанды облысы Нұр ауданының Амантау ауылындағы автопарк механигі, 01287 әскери бөлімшесі 5-ші танк ротасының 3-ші взвод командирі, 52859 әскери бөлімшесінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысындағы құтқару ботальонының 1-ші құтқару ротасы командирінің орынбасары, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар басқармасы дайындау және оқыту орталығы бөлім бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел әрекет ету оперативті-кезекші қызметінің аға офицері, Қарағанды облысы Балқаш қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, 52859 әскери бөлімшесінің командирі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №65 бұйрығымен И.Д.Күлшімбаев Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Наградалары: «Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 10 жыл», ІІІ-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 20 жыл» медальдарымен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төс белгілерімен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
 
Katpanov_M_K
Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары
Мұрат Қасенұлы Қатпанов Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының Егіндібұлақ с. 1972 жылы 29 қазан айында туған, қазақ, білімі жоғары:
-1995 жылы сызу, бейне өнері және қолданбалы қызметі мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын;
-2001 жылы әскери және әкімшілік басқару мамандығы бойынша Ресей Федерациясының ТЖМ азаматтық қорғаныс Академиясын аяқтаған.
Подполковник М.Қ. Қатпанов Төтенше жағдайлар жүйесінде 1996 жылдың тамыз айынан бастап келесі лауазымдарда әскери қызметін атқаруда: Қарағанды облысының АҚ курстарының оқытушысы, жетекші маман, жедел ден қою бөлімінің орынбасары. 2002 - 2004 жылдары Ақмола облысының ТЖ алдын алу бөлімінің аға офицері лауазымында кызмет атқарды. 2004 жылы Қарағанды облысының ТЖ басқармасының жедел ден қою және шараларды жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2006 жылы Қарағанды облысының ТЖД күштер мен құралдар бөлімінің бастығы, ал 2008 жылдан бастап авариялық-құтқару қызметтері басқармасының бастығы болып қызмет жасады. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Подполковник М.Қ.Қатпанов авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарды жедел басқаруын жүзеге асырды, Департаменттің жедел тобының қызметін ұйымдастырды, авариялық-құтқару қызметтерді, құрылымдарды, құтқарушыларды аттестаттау бойынша жұмысты қадағалады.
Қарағанды және Ақмола облыстары аумағындағы ірі масштабты ТЖ салдарын жоюға қатысқан.
2009 жылы Америкада Солтүстік Каролина штатында ланкестік актілердің салдарын жою бойынша оқу өтті, ал 2010 жылдың қыркүйегінде ірі масштабты жер сілкінісінің салдарын жою бойынша «Армения-2010» халықаралық жаттығуына қатысты.
2002ж. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл», 2007ж. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, 2008ж. 2012 жылы II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталған.
 
 
Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары.
nachal1 2 Біржан Телманұлы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қ. 1976 жылғы 16 қырқүйекте туған.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Кәрімов
Білімі жоғары, 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы «Өрт қауіпсіздігінің инженері» біліктілігі, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1995 жылдың қырқүйек айынан бастап қызмет атқарады.
Өзінің еңбек жолын 1998 жылдың маусым айынан СҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жедел бөлімінің инженері лауазымында бастады.
07.2002ж. – 02.2005ж. СҚО МӨҚҚБ ҚКЖБО ӨСКҚ өрт сөндіру жетекшісінің көмекшісі
02.2005ж. – 09.2006ж. СҚО МӨҚҚБ ҚКЖБО ӨСКҚ өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі
09.2006ж. – 02.2007ж. СҚО «ӨСАҚЖҚ» ММФ кезекші өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары
02.2007ж.- 09.2008 ж. СҚО ӨҚҚД ӨҚҚҚҮБ өртке қарсы қызмет құрылымдарының және авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін үйлестіру жөніндегі бөлімнің бастығы
09.2008 ж. – 07.2010 ж. СҚО ТЖД Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету басқармасының бастығы
07.2010ж. – 11.2010ж. СҚО ТЖД АҚ басқармасының АҚ және ТЖ шараларын жоспарлау бөлімінің бастығы
11.2010ж. – 04.2013ж. Қызылжар ауданы ТЖБ бастығы
04.2013 ж. – 07.2015 ж. «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
07.2015 ж. – 12.2015 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы
12.2015 – 08.2017 «ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы.
2017 жылғы 15 қыркүйекте ҚР ІІМ №280 ж/қ бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары болып тағайындалды.
«Ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, II, І дәрежелі медальдарымен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен, ҚР ТЖМ құрмет грамотасымен, ТЖ министрінің алғыс хатымен марапатталған.
Отбасы жағдайы: үйленген, ұл баласын тәрбиелеп отыр.
 
 

Жабдықталуы

Жабдықталуы
osnkrh 1 Қарағанды облысының аумағында халықты төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету үшін 37 өрт сөндіру бөлімі, 7 құтқару бөлімшелері, жедел ден қою бригадалары және 7 күре жолдық медициналық-құтқару пунктері үнемі дайындықта тұрады.
osnkrh 2 Барлық бөлімшелер заманауи өрт сөндіру, арнайы және авариялық-құтқару техникамен жабдықталған.
ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру көліктерінің паркінде түрлі мақсаттағы 331 бірлік техника бар, соның ішінде 182 бірлік негізгі, 35 бірлік арнайы және 114 бірлік көмекші автокөлік.
ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшелері Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтпаев қалаларында және Топар кентінде орналасқан. Жасақ 34 бірлік автомобильді және арнайы техникамен жабдықталған. Автомобильді техника УҚТ радиобайланыс құралдарымен, сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғыларымен жабдықталған.
osnkrh 3 Апаттар медицина орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалында жедел ден қою бригадалары жұмыс істейді, республикалық маңызды трассаларда 7 күре жолдық медициналық-құтқару пункттері құрылған. Барлық КМЖП заманауи реанимобильдері мен навигация жүйелерімен жабдықталған, қосарлас жарақаттарымен жарақаттанғандарға және асқынған шұғыл жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық жабдықтармен жасақталған.
osnkrh 4 osnkrh 4 osnkrh 4 osnkrh 4 osnkrh 4

Құрылымы

 

Қарағанды облысы ТЖД аппаратының құрылымы

Басшылық Байланыс Электронды мекенжай
Бастық Күлшімбаев И.Д. 512001

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары Кәрімов Б.Т. 512001

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Бастықтың орынбасары Қатпанов М.Қ. 512001

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құрылымдық бөлімшелер

Азаматтық қорғау басқармасы

Бастық Қабылбеков Р.Қ.

512097

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Дағдарыстық жағдайлардағы басқару басқармасы

Бастық Лохнов Е.В.

433733 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау

Бастық Моисеев А.В.

516770

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ақпараттандыру және байланыс бөлімі

Бастық Будрин Ю.Ю.

511510

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Ақпараттық-талдау бөлімі

Бастық Каналин Ү.М.

558850

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кадр саясаты бөлімі

Бастық Шәкенов Н.Ж.

511380

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі

Басшы Жанқашева М.Ш.

511414

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Штаб-бөлімшесі

Жақыпбаев Н.К.

558853

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Өзіндік қауіпсіздік тобы

Аманбаев Т.Н.

558890

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ішкі және сыртқы комунникациялар тобы

Дәуренбекова Ж.Ә.

558887

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы

Ыбраев М.К.

500470

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Заң тобы

Мұқашев М.Б.

330766

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Тылдық қамтамасыз ету тобы

Еркебаев А.Т.

320524

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы

Коваленко С.А.

511240

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Фотогалерея

photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1
photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1
photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1
photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1 photo krg 1

Байланыс

 
Қарағанды облысы ТЖД байланыс ақпараты
Қарағанды облысы ТЖД мекенжайы: 100027, Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 4 үй, қала коды (7212) 511240, факс 8 (7212) 500470.
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»
ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» -«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді.
ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының телефоны: 8 (7212) 558890.
 
Бөлімшелер байланысы
 
Бөлімшелер Телефон
Азаматтық қорғау басқармасы 512097
Бірыңғай кезекші-даспетчерлік қызмет басқармасы 433733
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы 516770
Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі 330755
Төтенше жағдайларды жою бөлімі 330435
Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі 511510
Ақпараттық-талдау бөлімі 558850
Кадр жұмысы басқармасы 511380
Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі 511414
Штаб-бөлімшесі 558853
Өзіедік қауіпсіздік тобы 558890
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 517223
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы 500470
Заң тобы 330766
Тылдық қамтамасыз ету тобы 320524
Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы 511240