Принтерге шығару

Қызметі

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының
Төтенше жағдайлар департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, Алматы қаласы аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300 үй.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
14. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;
16) қала аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;
18) қала аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне енгізу;
22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
25) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде қала әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
29) қала аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;
31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;
32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
35) қала аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;
52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;
53) өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
54) қала бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;
56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) қаланың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;
17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);
21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;
22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20) Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Басшылық

25 Aubakirov Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров  -  ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметі генерал-майоры.
1965 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында  дүниеге келген.
Ұлты қазақ, мамандығы – арнайы жоғары -1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесі- өрт сөндіруші-технигі;
ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі  (1996 жылы) – өрт қауіпсіздігі инженері;
Техникалық ғылымдар кандидаты (Санкт-Петербург қаласы, 2007 жыл);
Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (1985-07.1986 жылдары);
Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ВПЧ қарауыл бастығы (07.1986-10.1986 жылдары);,
Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (10.1986-1988 жылдары);
Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ аға инженері (1988-1990 жылдары);
Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ӨКБ бастығы (1990-1991жылдары);
Алматы қаласының МӨҚ ММ №4 ӨБ бастығы (1992-1999 жылдары);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің  «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының орынбасары (1999 -2001жылдары);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы (2001 -2005 жылдары);
Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы  (2005-2006 жылдары);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасының орынбасары (2006-06.2007 жылдары);
Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы (06.2007-10.2007 жылдары);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (10.2007-11.04.2008 жылдары);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы (11.04.2008.-10.2014 жылдары);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының орынбасары   2014 жылдың  қазанынан бастап.
         Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдарымен марапатталған (2006 жыл);
«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» (2008 жыл);
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2010 жыл);
«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»  төс белгісі (2010 жыл);
«Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» ( 2013 жыл)
«Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «ІІ дәрежелі –Даңқ» орденімен марапатталды  (2013жыл);
2011 жылғы мамырда   Өртке қарсы қызметінің Генерал-майоры шеңі  арнайы атағы берілді;
         Отбасы жағдайы – үйленген , екі ұлы бар.

Ерлан Әлібекұлы Әлібеков - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы1977 жылы 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласындадүниеге келген, ұлты қазақ.
Білімі жоғары, 1997 жылы Алматы жоғары техникалық училищесін бітірді. Білімі бойынша мамандығы «Өрт қауіпсіздігінің технигі».
2000 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы «Өрт қауіпсіздігінің инженері»
2006 жылғы қыркүйектен –Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті Өртке қарсы нормалау және лицензиялау басқармасының бастығы.
2007 жылғы тамыздан - Астана қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары.
2008 жылғы қыркүйектен - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы.
2010 жылғы қарашадан -Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бастығы.
2013 жылғы наурыздан - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасының бастығы.
2015 жылғы қаңтардан - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет етуде.
2017 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Қоғамдық қызметі: техника ғылымдарының кандидаты.
Отбасылық жағдайы: үйленген, бір қыз тәрбиелеуде.

 

Құрылымы

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының
Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымы
 
Лауазым атауы

Құрылымдық бөлімшелер атауы, лауазымы, Т.А.Ә.

Жұмыс телефондары № Электрондық пошта

1. Басшылық

Бастық
 Серік Ғабдолұлы Әубәкіров
 274-16-01 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бастықтың орынбасары
Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов
293-53-67 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бастықтың орынбасары
Ерлан Әлібекұлы Әлібеков
293-53-67 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
                                    2. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі
Бастық
 Алмас Уәлиханұлы Құрманов
394-56-93 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
3. Төтенше жағдайларды жою бөлімі
Бастық
Заборских Дмитрий Владимирович
275-45-48 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
4. Азаматтық қорғаныс басқармасы
Бастық
 Қалымбек Садычұлы Ақбұзауов
394-56-61 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

5. Мемлекеттік құпияларды қорғау тобы

 

Маман
Жарас Сембекұлы Тастанов
274-04-69  
6. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі
Бастық
Самат Талғатұлы Асайынов
293-53-65

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметі басқармасы

Бастық
 Марат ТұрғанбекұлыБекбаев
272-12-25 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
8.Техникалыққызметжәнеқұлақтандырубөлімі
Бастық
 Ерлан Маратұлы Құттыбаев
293-53-56 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
9. Өзіндік қауіпсіздік тобы
Аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкіл
 Базарәли Кәріпжанұлы Бегалы
394-57-39  
10. Штаб (бөлімше құқығында)
Штаб-бөлімшесінің бастығы
 Жанат Мұхамеджанқызы Бимбетова
274-19-95 vk_dchs_alm @emer.kz
11. Ақпараттық-аналитикалық тобы
Бас маман  Нұрлан Қанапиянұлы Жақыпов
 
394-56-95 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
12. Кадр жұмысы бөлімі
Бастық
 Зульфия Серікқызы Есниязова
293-53-74 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
13. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі
Бас маман  Арай Ниязбекқызы Сағынбаева
 
274-40-62 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
14. Заң тобы

Бас маман

 

 Маржан Дауанқызы Сатарова
 
394-56-88 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
15.Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Бас маман
 ЛәззатАманжолқызы Тәжімбетова
394-56-62 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
16.Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы
Бас маман  Әсем Қанатқызы Шметова
 
274-16-88 dchs_alm@emer.kz
17. Тылдық қамтамасыз ету тобы
Бас маман  Ақтөре Махамбетәліұлы Салхан
 
293-53-42 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
18.Кеңесшілер тобы
Кеңесші  Амантай Айткенұлы Малғождаров
 
274-41-88  
19. Алатау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Бастық

 

Нариман Байдосұлы Ержанов
392-54-21

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

20. Алмалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Бастық

 Сәкен Жәкенұлы Құстүтінов
279-09-80

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

21. Әуезов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Бастық

 

Арман Бәкірұлы Байгелов

 

226-93-61 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
22. Бостандық аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
Бастық  Нұржан Сапарғалиұлы Нұрташев 337-87-16

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

23.  Жетісу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Бастық  Жеңісбек Тұрлыбекұлы Бозбаев 233-68-46 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

24.  Медеу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Бастық  Тимур Мұсаханұлы Мақсұтов 272-48-93 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

25. Түрксіб аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Бастық  Алмаз Амангелдіұлы Дүйсеғалиев 251-99-99

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

26. Наурызбай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
Бастық  Берік Мұратбайұлы Төлегенов 305-05-01 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жабдықталуы

(3310)-129 Валдай базасы негізінде алғашқы көмек және шапшаң әрекет ету автокөлігі АБР-2
in90_clip_image002_0020
АБР-2 (3310)-129 автокөлігі оқиға орындарына (өрт, жол-көлік оқиғасы, апат және т.б.) жауынгерлік, есепті, өрт-техникалық жарақтарды, өрт сөндіру құралдарын, жауынгерлік есептің жұмыс істеу орны мен апат аймағын жарықпен қамтамасыз ету үшін орналған құралғаларды, ауыспалы тоқты басқа тұтынушыларға беруге арналған қондырғалырды жеткізу үшін арналған. Автокөлік елдімекендерде, сонымен қатар оған карасты автожолдарда қолданылуы мүмкін. Оны қолданылудың негізгі бағыты – өртті оның бастапқы кезеңінде сөндіру, қосымша күш пен құралдарды шақыру мақсатында шешім қабылдау үшін біруақытта барлау жасау, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау. Автокөлік сорғыш жұмысының номиналды режиминде қоршаған ауаның температурасы минус 35 оС-ден плюс 35 оС-ге дейін қоңыржайлы климаты бар аудандарда қолданылуы мүмкін
АЦ-2,5-50/4 (4308-1013-99) орта типті өрт автоцистернасы
in90_clip_image004_0010
АЦ-2,5-50/4 орта типті өрт автоцистернасы өрт орнына 2500 литр су және 300 литр көбік түрінде өрт сөндіру заттарын жеткізеді, өрт және апат орнында жауынгерлік іс-қимылдарды орандаған кезде судың үзіліссіз берілуін қамтамассыз ететін және су көзінен суды сорып алуға мүмкіндік беретін универсалды өрт сорғышымен жабдықтандырылған. Берілген автокөлік қаланың су тапшылығы бар аудандарында және тауға жақын аймақтарында өрттердің көзін жою үшін қолданылады. АЦ-2,5-50/4 орта типті өрт автоцистернасы өрт орнына жауынгерлік есепті, өрт-техникалық жарақтарды жеткізу үшін арналған және жану аймағына 2500 литрден астам өрт сөндіру заттарын өздігінен беруді қамтамасыз ете алады. Автокөліктің берілген түрі жоғары бұлтарысқа ие және қалалық режимде жақсы қолданылады.
АСА-20 (43114) Авариялық-құтқару автокөлігі
in90_clip_image006_0007
АСА-20 - үймелерден адамдарды құтқару үшін және конструкциялардың талқысын жасауға арналған арнайы автокөлік. Бұл автокөлік тасымалды гидравликалық авариялық-құтқару қондырғысымен, 3 тонна салмақты көтере алатын стреламен, 20 квт. генераторымен, максималдық қуаты 400 вольт жабдықтандырылған. Төтенше жағдай мен өрт орнына өрт сөндіру қызметін жеткізу үшін арналған.
37 метр өрт автосатысы
in90_clip_image008_0001
АЛ-37 (IVECO MAGIRUS) арнайы автосатысы өрт сөндіруші-құтқарушы жеке құрамын, құралдарды, жабдықтарды жоғары қабаттарға көтеру үшін, ғимараттардың 12-ші қабатына дейін өрт сөндіру заттарын беруге, жоғары қабатты ғимараттардан адамдарды құтқару мен көшіру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, өрт пен төтенше жағдайды барлау үшін арналған. Өрттерде жоғары температура, қабаттарда тығыз түтіндеу кезінде, кабельді шахта, құрылыс конструкциялары және баспалдақпен жоғары жатқан қабаттар мен қосалқы бөлмелерге өрт пен түтіннің таралу қауіпі болған уақытта қолданылады.

Фотогалерея

10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
10 10 10 10 10
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1
photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1 photogalleryalmaty 1

Байланыс

Алматы қаласы төтенше жағдай департаменті
Байланыс телефондары:
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров
телефон: 8 (727) 274-16-01, 293-53-70
Алматы қаласы ТЖ департаменті бастығының
орынбасары полковник Әлібеков Ерлан Әлібекұлы
телефон: 8 (727) 274-51-48
Алматы қаласы ТЖ департаменті бастығының
орынбасары өртке қарсы қызметі полковнигі Нұрпейісов Ерлан Сәдкенұлы
телефон: 8 (727) 274-36-19
Алматы қаласы ТЖ департаментінің жедел кезекшісі
телефон: 8 (727) 274-22-19 (тәулік бойы)