Медалдер

image001

«Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Қазақстан Республикасының азаматтары өрт сөндіру, адамдарды және азаматтардың мүлкін оттан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін марапатталады.

 

 

 

 

  

 

 

 

 

image002

 «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен адамдарды суда құтқару кезіндегі батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін, аса қырағылығы мен тапқырлығының нәтижесінде суда адамдармен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алғаны үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

image003«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен:

халықты авариялардан, апаттардан, өрттен және дүлей зілзалалардан қорғауда өзінің борышын үлгілі орындайтын азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері;

төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға белсене қатысқан және осы жағдайда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен басқа да адамдар марапатталады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Мінсіз қызметі үшін» медалімен қызметі бойынша оң мінездемеге ие және өзінің қызметтік борышын үлгілі орындайтын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапатталады.
«Мінсіз қызметі үшін» медалі үш дәрежеден тұрады:
20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»  медалі;
15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі;
10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға - III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»  медалі.
 
I дәрежелі
«Мінсіз қызметі үшін»
IІ дәрежелі
«Мінсіз қызметі үшін»
IІІ дәрежелі
«Мінсіз қызметі үшін»
image004
image007
image005
image008
image006
image009