Алматы облысы Тамғалы Тас шатқалында «Жартасты қала –Астана» оқу-жаттығу полигонында жетінші күн «Қазқұтқару-2016» 21-ші республикалық жиын-семинар өтуді. 
«Аралас күштік жаттығулар» арақашықтығындағы жарыстар нәтижелері бойынша екі күннің қорытындысы бойынша Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының командасы көш басында келеді. Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы екінші орында, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД ЖҚЖ командасының еншісінде.
Бүгінгі күні «Акваториядағы іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы иеленді, екінші орынды Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы алса, үшінші орынды Қарағанды облысы ТЖД ЖҚЖ алды.
  
«Табиғи орта жағдайындағы ісзеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында бірінші орын Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы командасы бірінші орынға ие болды, екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД ЖҚЖ командасы алып, үшінші орынға Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының командасы ие болды.
«Қазқұтқару -2016» шеңберіндегі кинологиялық жарыстардың үш кезеі бойынша:  
- бірінші орынды жеке сынақта Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі кинологиялық есептобының кинологы А.В. Арефьева «Истинная Леди» алтын түстес ретриверімен иеленді;  
- екінші орынды жеке сынақта Астана қаласы Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы кинологиялық есептобының кинологы
В.В. Кислинский  «Пауль Де Шабеар» неміс овчаркасымен;
- үшінші орынды жеке сынақта Павлодар облысының ТЖД жедел-құтқару жасағы кинологиялық есептобының кинологы К.К. Бейсембаев «Брайта» неміс овчаркасымен жүлдегер болып айқындалды.
Кейінгі командалық кезең жалпы командалық сынақтағы жеңімпаздарды анықтайды.
«Техногендік апат жағдайларындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» арақашықтығының жеңімпаздары айқындалғанын еске сала кетейік. Олар Батыс Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы, Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы мен Қарағанды облысы ТЖД-нің жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командалары болды.
Республикалық жиын-семинар 22 қыркүйекке дейін жалғасын табатын болады.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Баспасөз қызметі