25 Алматы облысында халықтың 80%-дан астамы газ баллондарын пайдаланады, олар дұрыс пайдаланбау салдарынан пайдасымен қатар әрбір азаматқа нақты қауіп төндіреді. Кез келген сәтте газдың иісі шығып таралуы мүмкін.
Тұрмыста қолданылатын метан (қалалық магистральдық газ) және сұйытылған газ (баллондарда) аса қауіпті болып табылады. Газдың иісі шығып таралу салдарынан олар тұншықтырғыш газбен улайды, ең қорқынышты жарылысқа әкелуі мүмкін.

27 2 Бүгінгі күні шөп жинау және жемшөп дайындау бойынша жұмыстар ауыл шаруашылығында қызу жүруде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, көп санды ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпті жағдайды тудыруда. Малға жем-шөп жинау үшін, тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі өзекті өртейтін қайғы әкелетіні рас.

26 1 Оқиға таудың басында шамамен 3000 метрде болған. Ресей Федерациясының альпинистер тобы Белуха тауына шыққан. Қар көшкінінің өздігінен жүру салдарынан топтағы 63 жастағы Тюменьнің тұрғынын қар ағыны іліп кеткен. Әйел адам тірі қалды, алайда түрлі жарақат алды. Қолы сынып қалғандықтан топ қозғалысын тоқтатты. МИ-8 әуе кемесімен «ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел құтқару жасағының құтқарушылары құрамында 7 адам мен Апаттар медицинасы орталығының 2 дәрігері көмекке ұшты.